Мухитдинов на печать indd


Халифат ةفلاخلا – халифалардың қол астында болған ел аумағы. Халфе



Pdf көрінісі
бет191/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   200
Халифат ةفلاخلا – халифалардың қол астында болған ел аумағы.
Халфе. «Муталаға ашылды» демек «Мантық», «Ғақайыдты» оқып жүріп, 
«Кафия», «Шарх Ғабдолланы» өз талабымен халфесіз, хазіретсіз, дәріссіз фәһім-
лейтін болса, соған айтса ләзім» (М.Әуезов, Шығ. жин.).
Хамді دمحلا – Аллаһқа мадақ айту. «Хамді» сөзі араб тілінде «мақтау», «мадақ» 


246
деген мағыналарды білдіреді. Дегенмен бұл мақтау Аллаһтың Өзіне ғана тән. Яғни 
Аллаһтан басқаға «хамді» сөзін қолданбаған дұрыс. Өйткені хамді – мақталған 
тұлғадағы жақсы қасиеттерді қанша айтса да, артық болмайтынын аңғартады.
Ханабилә ةلبانحلا – ханбали мазһабын ұстанушылар. «Ханабилә» араб тілінде 
«ханбали» деген сөздің көпше түрі.
Ханафи يفنحلا – имам Әбу Ханифа негізін салған мазһабтың атауы, ханафи 
мазһабын ұстанушы.
Ханбали يلبنحلا – имам Ахмад ибн Ханбал негізін салған мазһабтың атауы, 
ханбали мазһабын ұстанушы.
Хандақ قدنخلا – ор. Құрайыштар мен олардың одақтастарынан құрылған он 
мың әскер һижраның 5 жылы шәууәл айында Мәдинаны қоршаған кездегі шайқас. 
Дұшпандардың атты әскерінен қорғану үшін Мұхаммед пайғамбар Салман әл-
Фарисидің (Аллаһ оған разы болсын) кеңесі бойынша Мәдинаның батыстан, 
терістіктен және терістік-шығыс жағынан қоршай ор (хандақ) қазуға бұйрық бер-
ген. Сондықтан бұл шайқас «хандақ шайқасы» аталып кеткен.
Ханут – мәйітті сылауға арналған хош иісті жұпар.
Хараж جارخلا – мұсылман мемлекетінің қарамағына өткен кітап иелерінің ие- 
лігіндегі жерлердегі өнімнен алынатын салық. Алғашқы мұсылмандар ашқан жер-
лер. Ол жерлерді мұсылмандар әуелгі иелеріне қалдырып, одан салық алып отыра-
тын болған.
Харам مارحلا – шариғат бойынша кесімді түрде тыйым салынған нәрсе не іс. 
Шариғатта істеуге тыйым салынған және істемегіні үшін сауап алатын, істегені 
үшін күнә алатын амалдар. Харам ету – тыйым салу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет