Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет192/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   200
Әл-Харам мешіті مارحلا دجسم– Қағба орналасқан Меккедегі тауап жасайтын 
мешіт.
Харам аумағы – Мекке және Мәдина қалаларының айналасында өсімдігін 
жұлуға, аңдарын өлтіруге және соғысуға тыйым салынған жер. Осы аумақта тұра-
тындар қажылық ихрамына үйлерінен кіреді. Ал умра ихрамына харам аумағының 
сыртына шығып кіреді. 
Харури يرورحلا – хауариждердің бір атауы. Олар Әли ибн Әбу Талибтің
(Аллаһ оған разы болсын) әскерін тастап, мұсылмандардан бөлініп шығып, он екі 
мың адамның басын Куфа қаласы маңындағы «Харура» атты ауылда біріктірген. 
Сондықтан олар «харурилер» аталып кеткен.


247
Хасад دسحلا – көреалмау, біреудің қолындағы нығметтің кетуін армандау. Ол 
жүрек ауруларына жатады. Егер біреудің нығметін кетіруге дене мүшелері аралас-
са, істеген ісіне қарай күнә алады. 
Хасан хадис نسحلا ثيدحلا – сахих хадистен төмен, дағиф хадистен жоғары дәре-
жедегі, дәлел ретінде жарайтын хадистің түрі. Ол иснад-тізбегі аяғына дейін үзіл-
меген, әділ (не сенімді), бірақ есте сақтау қабілеті нашарлау риуаятшы жеткізген, 
қайшылығы және кемшілік-кінәраты болмаған хадис. Егер хадистіңсәнады (тізбегі) 
үзілмей әділ, бірақ есте сақтау қабілеті әлсіздеу рауи арқылы жеткен болса және 
ол хадис шәз және муғалләл болмаса, ол хадис «хасан хадис» деп аталады. Яғни 
хадисті риуаят етуші адамның есте сақтау қабілеті әлсіздеу болса, бірақ ол әділ 
өтірік айтпайтын адам болса және оның жеке риуаят еткен хадисі жарамсыз (дағиф) 
хадистер тобына жатпайтын болса, ол хадис хасан хадис деп есептеледі. Хасан ха-
дистің сахих хадистен айырмашылығы тек рауидің есте сақтау сипатының әлсіздеу 
болуында. دانسلإا نسح иснады хасан хадис. Бұл хадистіңсәнадындағы рауилерді зерт-
теп, хадис сәнадының хасан екендігін анықтағаннан кейін айтылады. Және бұл тер-
мин хадистің мәтінінің хасан екендігін білдірмейді. Өйткені хадистіңсәнады хасан 
бола тұра, мәтінінде шәз немесе иллә болуы мүмкін. Сол үшін иснады хасан хадис 
хасан хадистен төменгі дәрежеде тұрады. Бұл терминді көбінесе Хаким ән-Найса-
бури «Мустадрак» атты хадис жинағында қолданады. Егер Хаким хадисті иснады 
хасан деп, хадистің шәз немесе муғалләл екендігін атамай кетсе, ол хадис мәтінінің 
де хасан екендігін білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет