Асы ِصاع – асы. Құдайға қарсы шығушы, күнәкар.
Асыл әл-мәсәлә ةلأسملا لصأ – мәселенің негізі, мәселенің асылы. Мирас ілімін-
де қолданылатын термин. Мұраны мұрагерлер арасында бөліске салғанда үлестерді
дұрыс бөлу үшін қажетті ортақ санды анықтау (Р.С. Мухитдинов, Діни терминдер
сөздігі). Қазақ тілінде бұл сөз тек мирас ілімінде термин ретінде қолданылады. Қа-
зақ тілінде «асыл» сөзі араб тілінен енген және қазақ тілінде де араб тілінде бе-
ретін мағыналарды береді. Сондықтан «асыл» сөзінің діни терминдік мағынасына
қарағанда тілдік мағынасы көп қолданылады.
Асылық – қарсылық, Аллаһ тағалаға бағынбау. Асылық қылу – қарсы шығу,
бағынбау, күнәкарлық. Араб тіліндегі ىصع «ъаса» (қарсы келу, бағынбау, бойсұн-
бау, келіспеу) деген сөзден шыққан. Діни мәтіндерде Құдайға қарсы келу, күнәлі
істерді жасау деген мағынада қолданылады.
«Құдайға асылық қылып айтып жібердім бе деп, ішінен Құдай тағалаға тоба
қылып, бір сөз деді» (Қыз Жібек).
«Әуелі сөзді айтамын,
Асылық болса, бұл сөзім,
Субханналла, қайтамын.
Жорға туған құлынмын,
Туғаннан басын шайқаған» (Кердері Әбубәкір, Қазағым).
Қазақ әдебиетінде діни мағынасымен қатар шамадан тыс артық кетушілік,
астамшылық деген ауыспалы мағынада да жиі қолданылады.
«Бұл сөзім асып айтқан асылық емес,
Ойында оты барлар асылық демес.
Тебем деп, тірі болсам, надандықты,
Серт етіп, өз-өзіме еткен егес» (С.Торайғыров, Алаш ұраны).
«Асылық» сөзі қазақ тілінде ауыспалы мағынада шектен шығу, артық кету,
астамшылдық мағыналарында да қолданылады.
«Базбіреулер ол ғылымға соншама не жасап үлгерді деп асылық айтуы мүм-
кін. Жұмағұловтың қолтаңбасы бар жобаларды көптеген қазақстандық, қырғыз-
стандық өндіріс мамандары пайдалануда» («Қаз. әдеб.» ).
«Бес ауыз сөз айттым деп,
Мақтандың тілім сен неге?
Қой, көмейім тәуба қыл,
Асылық қылма Иеге» (Шортабай ақын// Бес ғасыр.).