Мухитдинов на печать indd


Әдә. Әдәءادأ – парыз амалды уақытында өтеу. Яғни мойнына жүктелген мін- детті өтеу.  Әдәб әл-мустафти



Pdf көрінісі
бет33/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   200
Әдә. Әдәءادأ – парыз амалды уақытында өтеу. Яғни мойнына жүктелген мін-
детті өтеу. 
Әдәб әл-мустафти. Әдәб әл-мустафти يتفتسملا بادآ – пәтуа сұраушының әдебі. 
Муфтиден өзін мазалап жүрген шарғи мәселенің үкім немесе пәтуасын сұраушы-
ның бойынан табылуы тиіс әдептер.
Әдәб әл-муфти. Әдәб әл-муфти يتفملا بادآ – муфтидің әдебі. Шариғи үкім не-
месе пәтуа беруге уәкілетті тұлғаның бойынан табылуы міндетті қасиеттер мен 
ерекшеліктер, әрі үлкен мән берілетін қағидалар мен негіздер. Ол «әдабул-муфти» 
немесе «әдабул-фәтуа» немесе «расмул-мүфти» деп аталады (http://fatua.kz).
Әдәб әл-фатуа. Әдәб әл-фатуа ىوتفلا بادآ – пәтуаның әдебі. Қара: әдәб әл-муфти.
Әдеп. بادآ «Әдәб» сөзі араб тілінде «нәпсіні тәлім беру арқылы тәрбиелеу» 
деген мағына береді. Бұдан басқа да бірнеше мағынасы бар. Діни түсінікте әдеп 
–тәлім беру арқылы адамдарды сыпайы, сыйлы, әдепті өмір сүруге дағдыландыру. 
Ислам әдебі ислам дінінің моральдық ережелер жиынтығын қамтиды. 
Қоғамдағы адамдар мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптарды біл-
діретін ұғым. Әдептің қоғамдағы басты қызметі тұлғалық қатынастарды адамгер-
шілік талаптарына сәйкес ретке келтірумен байланысты (Т.Ғабитов, Ә.Алимжано-
ва, Қазақстан руханияты мен мәдени ескерткіштерінің энциклопедиясы). 


48
Қазақ тілінде «әдеп» сөзі бірнеше өзара ортақ мағынасы бар тәлім-тәрбие, 
көргендік, сыпайылық, ізеттілік сияқты бірнеше мағынада қолданылады. 
Әдеп-ибадат. Тәрбие, көргендік, сыпайылық. Бұл араб тіліндегі بدأ «әдеп» 
және ةدابع «ибадат» сөздерінен жасалған қос сөз. «Ибадат» сөзі араб тілінде «құл-
шылық ету», «ғибадат жасау» деген мағыналарды береді. 
«Ноғайбайдың келін балаларының әдеп-ибадатын, адамгершілігін, сыпай-
ы-сынықтығын көрген қырғыздар Ноғайбай ауылының мұнысына қайран қалып, 
дән риза болысты» (К.Әзірбаев, Аңыз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет