38
сол мағынада қолданылады.
«Я, Құдай, зар тілегім болсын, осы қарашығыма әкесінің ит мінезін бере көр-
ме, тас бауырлығын бере көрме! Я, Жасаған! – деп бата берді. Ұлжан да ішінен
«аумин» деп бата қылды» (М.Әуезов, Таңд., шығ.). Қара: әумин.
Аус. Әус. Мұхаммед пайғамбар Мәдина қаласына қоныс аударар тұста онда
мекендеген үлкен екі араб тайпасының бірі. Екіншісі хазраж тайпасы. Мәдиналық
бұл екі тайпа мұсылмандары «ансарлар» деп аталған.
«Бұл аттары аталған адамдардың соңғы екеуі ғана әус тайпасынан, ал қалған-
дарының барлығы хазраждықтар болатын» (ауд. Қ.Спатай. Мұхаммед пайғамбар-
дың өмірбаяны).
Достарыңызбен бөлісу: