47
«Мектепке беріп баласын,
Көрсетеді шамасын.
Біздің де бала шәкірт деп,
Таласып жүріп алады
Підіяға бұзау, танасын.
Баласынан сұрасаң,
Әліп пенен әбжәдтің
Танымайды қарасын» (Кердері Әбу Бәкір, Қазағым).
Әбікәусар. Кәусар бұлағының суы. Парсы тіліндегі بآ «аб» (су) және араб
тіліндегі رثوك «кәусар» сөздерінен бірігіп қазақ тіліне кірген көз. Ислам діні сенімі
бойынша, Қияметте Мұхаммед пайғамбардың үмбеті ғана сусынданатын сүттен ақ,
балдан тәтті, жұпар иісті өте берекелі өзен. Мұсылмандық сенім бойынша, кәусар-
дан сусынданған адам ешқашан шөлдемейді.
Әбіжат. Абжат. Әбжад.
«Сен-ақ оқы әліп пенен әбіжатты,
Мұрның «әліп» болғанда, қасым «мәт-ті»
Көкірегім – кітап сөзі, тілім – Құран,
Мен сенен үйренбеймін шариғатты» (Бес ғасыр).
Достарыңызбен бөлісу: