Ғазырайыл. Ғазырейіл.
«Ғазырайыл ұсынған күн әркім де ішер, өлімнің шарабынан бір-бір жұтым»
(Ғұмар Қараш).
Бұл сөз де әзірейіл секілді ауыспалы мағынада «жан алғыш», «үрей тудыр-
ғыш» деп те қолданылады.
«Күллі иран халқы үшін басым құрбан, патшалардың, уәзірлердің ғазырайы-
лымын! Менің атым – Риза! – деп, айқайлады» (С.Шарипов, Шығ.).
«Жалтара шапсаң жау қашпас,
Жауды аяған бет таппас,
Уа, жігіттер, жандарың,
Жаудан аяй көрмеңіз,
Ғазірейіл тура келмей жан алмас» (Алдаспан). Қара: Әзірейіл.
Ғайбат. Араб тілінде ةبيغلا «ғайбат» сөзі «біреуді сыртынан сөз қылу, жа-
77
мандау» деген мағынаны береді. Шарғи термин ретінде, қасында жоқ адамды ол
жақтырмайтын сөздермен еске алу «ғайбат» деп аталады. Яғни біреудің сыртынан
өсек тарату, жалған сөйлеу. Шариғатта ғайбат айтуға қатаң тыйым салынған. Хадис
қосу. Қазақ тілінде «ғайбат» сөзі – көреалмаушылықтан туындайтын ашу-ыза, қыз-
ғаныш сезімінің көрінісі, өсек-аяң, жалған сөз.
Ғайып بيغلا – көмескі, жасырын, көзбен көру мүмкін емес жаратылыстар.
Шариғатта Аллаһ тағалаға ғана аян және Өзі қалаған құлына ол туралы білдіртетін,
басқалардан жасырын, көмескі жаратылыстар «ғайып» деп аталады.
«Күнәсін тауып іс қылдым,
Түбінде жарап пайдама,
Ғайыптың ісі хаққа қас,
Білейін қайдан шамамен»(Қазына).
«Ғайып» сөзі діни терминдік мағынасына қарағанда тілдік мағыналарда
көбірек қолданылады.
Ғайыпқа иман. Алла тағала жаратқан ғайып әлеміне иман келтіру. Ислам
дінінде адам сезім мүшелері арқылы анықтай алмайтын Құранда айтылған жаннат,
тозақ, ақырет сияқты ғайыпқа жататын нәрселерге иман келтіру иманның бір бөл-
шегі саналады. Алла тағала Құранда: «Осынау Кітап [Құран], онда ешбір шүбә жоқ,
тақуалар үшін жолбасшы, ғайыпқа [көзбен көрмегенге] сенетін, намазды (толық)
орындайтын және Біз берген ризықтан (қайырға) жұмсайтын (тақуалар үшін)...» –
деген («Бақара» сүресі, 2-3 аяттар).
Ғақайд. Ақайд. «Шарғи термин ретінде, ғақайд дегеніміз – Мұхаммед пай-
ғамбар алып келген ислам дініндегі сенуге тиісті наным негіздеріне иланып, оны
жүрекпен қабылдау» (Р.Батталұлы, Құран эгзегетикасы). Қазақ әдеби тілінің он бес
томдық сөздігінде бұл терминді төмендегідей берген: Құдайды тану туралы теоло-
гиялық ілімдер жүйесі.
«Адамның зейіні Құдайды тану жағына жұмсалып, Құдай турасындағы мәсе-
лені шешпек болғанда, дін пайда болып, ұғым жүйесі жасалып, ол «ғақайд» деп
аталды»(А.Байтұрсынов, Шығ.).
«Муталаға ашылды» демек «Мантық», «Ғақайыдты» оқып жүріп, «Кафия»,
«Шарх Ғабдолланы» өз талабымен халфесіз, хазіретсіз, дәріссіз фәһімлейтін болса,
соған айтса ләзім» (М.Әуезов, Шығ. жин.). Қара: Ақида.
Ғақли. Ақли. Ақыл-ой, рационалдық. Араб тіліндегі يلقع «ақли» сөзінен
алынған. Ислам дінінде дәлелдер: нақли және ақли болып екіге бөлінеді. Нақли деп
Құран, сүннет сияқты діни дереккөздерден алынған дәлелдерді, ақли деп ой-тұжы-
рым негізінде қол жеткізген дәлелдерді айтады.
«Екер біреу сұраса Хұдай тағаланың жаратқушы екенін неден білдік деб жау-
аб беру керек екі дәлелмен білдіри беруі нақли дәлел, біреуі ғақли дәлел»
(Ы.Алтынсарин, Шариат.).
78
«Сіз,әрине, ғақли ізденуші камалат жолындағы адамсыз ғой. Біздің софылар-
дың көпшілігі ол даражаға жете алмайды, – деді Ибн Жужеид әл-Фарабиге»
(А.Машанов, Әл-Фараби).
Ғақлия. Ақыл-сананың, парасаттылықтың өсіп жетілген дәрежесін көрсе-
тетін, дүние сыры терең таразыланған, ой-пікірді философиялық тұрғыдан тұжы-
рымдайтын трактат; шығарма.
Ғақлия термині қазақ әдебиеті тарихында исламдық танымға байланысты
Абайдың 38-қарасөзінде, Ы.Алтынсариннің «Шариат-ул-ислам» деп аталатын кіта-
бында («Мұсылмандық тұтқасы»), Мәди Меркешұлының «Туһфа уа жумһурият»
рисаласында алғаш рет қолданыс тапқан (ҚҰЭ).
Ғақыт. Келісімшарт. Араб тіліндегі «ақд» сөзінен алынған. Ол араб тілінде
келісімшарт деген мағынаны береді. Діни еңбектерде екі тарап арасында болатын
келісімшарттарға қолданылады. Қазақ тілінде «ғақыт» сөзі неке келісімшартына
қолданылған.
«Паштасына уәзірлер шашу шашып,
Той қылып ғақыт неке қылды дейді» (Батырлар жыры).
Достарыңызбен бөлісу: |