Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет56/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Ғалайыссалам. Ислам дінінде пайғамбарларды, періштелерді құрметтеу 
мақсатында олардың аттары аталғаннан кейін «ғалайыссалам» сөзі айтылады не 
жазылады. Ол «Оған сәлем болсын», «Оған бейбітшілік болсын» деген мағыналар-
ды береді. Қазақ тілінде «алайһис сәләм» деп те жазылады. Түбі араб тіліндегі هيلع 
ملاسلا «алайһ әс-сәләм» сөзінен алынған.
«Пайғамбар ғалайыссалам шарапты істеуші мен әкелушінің күнәсі бірдей 
деген екен» (Мың бір түн). 
«Және пайғамбарымыз саллаллаһу ғалайыссалам ауыр заманда бір жылдың 
бір күн болар ... «бұл бір жылдың күнде намаз нешеу болар» деп сұраған» (Абай, 
Тол. жин.). 
«Құранда Хауаның жаратылуы туралы былай делінген: «Алла сізді бір жан-
нан (кісіден, яғни Адам ғалайыссаламнан) жаратты, одан (Адамнан) оның серігін 
(Хауаны) жаратты» (М.Тоғжігітов, Құран тур.).
Ғалам. Әлем. Қазақ тіліндегі діни мазмұндағы әдебиеттерде «ғалам» сөзі «он 
сегіз мың ғалам» деген тіркестің құрамында қолданылады. Ол діни ұғым бойынша, 
Аллаһ тағаланың жаратқан барша жаратылыс жиынтығы. 
«Он сегіз мың бұл ғаламның 
Бар тынысы күнде тұр. 
Мен сықылды сорлы адамның 
Ықтияры сенде тұр» (Абай, Тол. жин.). 
«Хақ тағала он сегіз мың ғаламды өлшеп жаратқан» (А.Нұрманов, Құлан.).
Ғалжа. Өмірді жалғыз өткізу, жұрттан бөлініп оңашалану. 


79
«Көне Түркістандағы жерасты жолының мақсатына келсек: ол тек қана 
дінді уағыздау үшін салынған. Бұл жолдарды «ғалжа» деп атаған. «Ғалжа» де-
ген – араб сөзі. Қазақша – жалғыз отыру, өмірді жалғыз өткізу деген ұғым береді 
(Д.Досжанов, Құм жұтқан.). 
Егер Д.Досжанов мырза айтқандай «ғалжа» сөзі араб тілінен енген болса және 
ол қазақ тілінде «жалғыз отыру» деген мағынаны беретін болса, ол онда «қылует» 
сөзінің бір варианты болып шығады. «Ғалжа» сөзінің араб тіліндегі ةولخ «хилуа» 
сөзінен шыққандығы Қазақ әдеби тілінің он бес томдық сөздігінде де ескертілген.
Ғалуф. Шариғат ілімінің Зекет кітабында қолданылатын термин. Ғалуф – 
жылдың көп мезгілінде қолдан қоректендірілетін мал. Яғни малдың иесі жылдың 
көп уағында малды қорада ұстап, оған арнайы шөп егіп немесе сатып алып, баға-
тын мал.Ол араб тіліндегі فولعلا сөзінен шыққан, «жем-шөппен қоректенген» де-
ген мағынаны береді. Бұл термин шариғат кітаптарындағы малдың зекетіне бай-
ланысты тақырыптардакездеседі. Егер ғалуф, яғни қолда ұсталатын мал өсіру
көбейту, бордақылау мақсатында болса, оның зекеті берілмейді. Мұнда мал саны-
ның нисапқа толған-толмағандығына мән берілмейді. Ал егер мал сату мақсатында 
өсірілсе, сауда заты ретінде олардың зекеті шығарылады (Р.С. Мухитдинов, Фиқһ 
әл-ғибадат).
Ғанам. Ұсақ, уақ мал. Араб тілінде ұсақ малمنغلا «ғанам» деп аталады. Ол қой 
мен ешкіні қамтиды. Фиқһ ғылымының зекет тарауында қолданылатын термин.
Ұсақ малдың нисабы – қырық. Егер ұсақ малдың саны қырықтан аз болса, оның 
зекетін шығару парыз емес. Егер ұсақ малдың барлығы қой болса, зекет ретінде еш-
кіні, ал ешкі болса, қойды зекет ретінде бермейді. Ал екеуі тең болса, қалағанынан 
береді. Ханафи мазһабында зекет ретінде ұрғашы мал секілді еркек ұсақ малды да 
шығаруға болады (Р.С. Мухитдинов, Фиқһ әл-ғибадат).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет