DAML+OIL– Web-ресурс белгілерінің семантикалық тілі, ол келесі стандарттарды моделдеудің толық примитивтерінің арқасында RDF і RDF Schema стандарттарын кеңейтеді.
OWL (Web Ontology Language) – DAML+OIL –дан кейінгі онтологияларды көрсету тілі. XML, RDF, RDF Schema і DAML+OIL-ға қарағанда бай құрамға ие. Семантикалық анализдің қуатты механизмін жобасын құруды көздейді.
KIF (Knowledge Interchange Format немесе білімдерді алмастыру форматы) – синтаксисі S-өрнектерімен негізделген логика үшін. KIF – әр түрлі компьютерлік жүйелердің мәліметтер алмасуы үшін арналған.
CycL (Cyc онтологиясын сипаттау тілі ) – предикаттар логикасы мен фреймдердің қасиеттері біріккен гибридті тіл;
3) құрастырылу мақсаты бойынша: қолданбалы және сілтемелі онтологиялар болып бөлінеді.Қолданбалы онтологиясы нақты қолданбаны орындау уақытында қолданылады. Қолданбалы онтологиялары [68] нақты бөлімдерді қамтуы мүмкін (семантикалық сипаттаулар, білім базалары, метамәліметтері, семантикалық метамәліметтер), сипаттау логикасы базасында жасалынған қолданбаларда бұл Abox-пен сәйкес келеді. Сілтемелі онтологиялар арнайы жаңа терминдердің енгізілуін қажет ететін немесе бірлестіктің жаңа мүшесіне түсіндіру үшін арналған және агенттер арасында ортақ түсіну мен талқылау қолданбаларын құрастыру уақытында қолданылады. Сілтемелі онтологияның бөліктері Tbox сияқты формалданылған, бірақ сипаттау логикасын анықтама материалдары ретінде қолдану мүмкіндігі аз;
4) толықтығы бойынша (мазмұны бойынша). Бұл классификация құрастырылу мақсаты бойынша жасалынатын классификацияға ұқсас, бірақ айырмашылығы мұнда онтологияның мазмұнына басты мән беріледі. Қосымша басқа классификацияларды да қосуға болады. Мысалы, онтологиялар біртілді және көптілді болып бөлінеді. Білімді бірнеше тілдерде көрсету онтологиялары бар, мысалы, EuroWordNet [69-70], MikroKosmos [71] және басқалары. Мұндай онтологияларды құрастыру қиындығы тілдердің түсіну жүйесінің әр түрлілігінде болып келеді. Сонымен қатар онтологиялар тереңдіктік және беткейлік болып бөлінеді. Беткейлік онтологиялар семантиканың беткейінде орналасады, олар сөздің мағынасы арқылы түсінікті анықтайды. Бірақ мұнда әрбір сөз үшін канша мән бөлінуі тиіс екені басты мәселе болмақ. Тереңдіктік онтологиялар тереңдік семантикасын қолданады.
Формалды және лингвистикалық онтологиялар. Формалды онтология класстар, объекттер, қатынастар, функция мен теориялардың негізіндегі түсініктер жиынтығы мен сол түсініктердің бекітулерінің тобынан тұрады [72].
Онтологияның көптеген моделдері келесі компоненттерден тұрады:
концепттер(түсінік, класстар);
концепттердің қасиеттері (атрибуттары, ролдері);
қатынастар концепттер арасында (тәуелсіздік, функциялар);
Концепт ретінде есептің сипатталуы, функиялар, қимылдар, стратегиялар, пікірлер проесстері және т.б. болуы мүмкін. Онтологиялық жүйенің қарапайым сөздіктен негізгі айырмашылығы -ішкі бірлігінде, логикалық арақатынас және қолданылатын түсініктердің қарамақайшылықта болмауы.
Онтологиялық жүйелерді құрастыру кезінде келесі ережелер қолданылады:
формализациялау, яғни обективті элементтерді бірегей анықтамалық үлгіде сипаттау (терминдер, моделдер және т.б.);
базалық терминдердің шектеулі санын қолдану, соның негізінде қалған түсініктер құрастырылады;
ішкі толықтық және логикалық қарама қайшылықсыздық.
Формалды түрде бұл ережелер келесі бес тәртіппен көрсетілген:
Толықтық принципі. Жоғары деңгей категориясы Материяны көрсетуі керек;
Жаратылыстану ғылымы прицнипі және ориентация мәселесі. Онтологияның барлық категориялар мен концепттері түсініктермен сипатталуы керек, бұл приниптер материалды әлемді зерттеудегі жаратылыстану және математика ғылымдарымен анықталды және жалпыға мәлім болып табылады. Сонымен қатар онтологияның бөлігі дисиплинааралық мәтіндерде кең қолданылатын конепттермен көрсетілуі тиіс (нейтральді, жалпыға қолжетімді лексика), ал онтологияның екінші бөлігі нақты білім облысына негізделіп құрылымданған (ПрО). Бірінші бөлімі тұрақты статусқа ие, ал мәселеге бағытталған онтология маманмен құрастырылады және ауыспалы характерге ие.
Деңгейлерді байланыстыру принципі. Орта және төменгі деңгейлер арасында байланыс келесі атаудағы қатынастар арқылы жүзеге асады: «бөлігі болу», «жиынға кіру», «сәйкес келу», «Семантикалық қатынаста болу».
Ассоциативтік принципі. Онтологияның төменгі деңгейіндегі онтологиялар ПрО терминдерін индекстеуде өріс қызметін атқаруы тиіс. Сонымен қатар семантикалық келесі түрдегі семантикалық қатынас болуы керек: «ассоиативті байланыста болу».
Онтологияның екінші түрі – лингвистикалық онтологиялар, бұл иерархиялық лексикалық ресурстар, негізгі мысалы WordNet болып табылады. WordNet – иерархиялық желідегі, яғни синсеттегі жеке бірліктер түрінде көрсетілген ресурстар сөз мағыналары арасындағы лексикалық қатынасты сипаттайды. Лексикалық бірліктер арасындағы қатынас ішкі әлемдегі обектердің арақатынасын көрсетеді, сондықтан мұндай ресурстар онтологияның ерекше түрі ретінде қарастырылады – лексикалық немесе лингвистикалық онтологиялар.
Лингвистикалық онтологияның басты мінездемесі, олар тілдік өрнектердің (are bound to the semantics) мәндеріне байланыстырылған болып келеді (сөздер, атаулық топтар және т.б.). Лингвистикалық онтологиялар тілдің сөздерінің көбін қамтиды және бір уақытта түсініктер арасында көрінетін онтологиялық құрылымға ие болады. Сондықтан лингвистикалық онтологиялар лексикалық мәліметтер базасының ерекше түрі және онтологияның негізгі типтерінің бірі ретінде қарастырылады.
Лингвистикалық және формалды онтологиялардың басты айырмашылықтар -бұл формализация дәрежесі. Лингвистикалық онтологияда табиғи тілдің лексикалық мәндерінің иерархиясы құрастырылады, ал формалды онтологияда әлем жайлы білімді қатаң сипаттау жүзеге асады.
Онтология элементтері. Заманауи онтологиялар көбінесе ұқсас құрылады, олар сипатталу тіліне байланысты емес. Көбінесе олар данадан, ұғымдар, атрибуттар мен қатынастардан тұрады:
дана – (ағылшын тілінен instances) немесе (ағылшын тілінен individuals) индивид дегенді білдіреді, яғни негізгі, төмен деңгейлі онтология элементтері. Даналар ретінде физикалық объектілер (адамдар, үйлер, планеталар) және абстрактілі заттар (сандар, сөздер) алынуы мүмкін. Яғни, онтология нақты объектілерсіз де қолданыла алады. Онтология үшін маңызды болып саналатыны – осы объектілердің классификациясы;
ұғымдар - (ағылшын тілінен concepts) немесе (ағылшын тілінен classes) кластарды білдіреді – бұл абстарктілі топтар, объектілердің жиналған жиынтықтары немесе топтамалары. Мысалға:
а) «Адамдар» ұғымына «адам» ұғымы жатады. «Адам» ұғымы енгізілген ұғым немесе дана (индивид) болатыны онтологияға тәуелді;
б) «Индивид» ұғымы, «индивид» данасы;
– атрибуттар – онтологиядағы объектілерде атрибуттар болады. Әрбір атрибутқа аты және мағынасы жатады, ол ақпаратты сақтау үшін қолданылады, объектіге қатысты ол өзгеше болып, оған байланысты болады.
Атрибут мағынасы мәндердің күрделі типі болуы мүмкін. Берілген мысалда Қозғалтқыш атрибутының мәні қарапайым типті мәліметтермен берілген;
– қатынастар – атрибуттардың маңызды рөлі онтология объектілері арасындағы қатынасты анықтау әрекетіне тұйықталады. Әдетте қатынас ретінде атрибут алынатын, оның мәні ретінде басқа бір объект алынды.