Муканова асель сериковна



бет19/42
Дата05.09.2022
өлшемі5,36 Mb.
#38480
түріДиссертация
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42
Байланысты:
диссертация Асель

S1

S2

S3

S4

S5

S6

S7

S8

S9

S10

S11

S12

Cурет 4 – Бастапқы берілген есептің ішкі мәселелерге бөлінуін «және»/«немесе» графы түрінде бейнелеу




Сондықтан да бастапқы граф түрленіп, оған қосымша төбелер және енгізіледі (5 сурет), бұл төбелер {, } и {, }ішкі мәселелері үшін жеке аталық төбелер болып қызмет атқарады. Осылайша төбесі «немесе» түріне айналады.

S10

S11

S12

S4

S5

М

S0

S3

S9

S8

S2

S1

S6

S7

Cурет 5 – «Және»/«немесе» графының түрленуі




Предикаттар негізінде қорытынды шығару
Предикаттар негізінде білімдерді бейнелеу жүйесінің қорытындысы ол формулалар, олар аксиомалардан шығару ережелерінің көмегімен шығарылады. Нақты бір есептің шешімін табу үшін бастапқы қалып пен қолжетімді әрекет операторлары предикаттарды есептеу формулаларына айналдырылып, аксиомалар жиынтығына қосылады. Мақсатты күй де формула арқылы өрнектеледі және шығару механизмінің көмегімен шығарылатын аксиомалардан шығатиын теорема ретнде қарастырылады.
Логикалық қорытындының негізгі формалары:
– индукция (лат. дәлдеу) – қандай да бір кластың барлық бірлік затына қатысты жалпы күй мен жалпы ережеге алып келетін ойлау пішімі. Индуктивті логикалық қорытынды білімдер инженериясында келешегі бар бағыттардың бірі болып табылады;
– дедукция (лат. Өсіру, шығару) – алдыңғы ойдың негізінде жаңа ойдың логикалық жолмен алынуын көрсететін ойлау пішімі. Ойлардың мұндай тізбегі қорытынды деп, ал осы қорытындының әрбір компоненті бұрын дәлелденген ой немесе аксиома, не гипотеза деп аталады.
Дедукция тізбегі бастапқы күйден мақсатты күйге өтудің «жоспарын» анықтайды. Дедукция аксиомалар жиынын түрлендіру нәтижесінде алынған қорытындыдан қарама қайшылықты шығару талпынысы арқылы орындалады. Қандай да бір жиынның ДҚФ қанағаттандырылмайтынын дәлелдеу үшін осы жиындағы әрбір ДҚФ 1 (шындық) мәніне ие болмайтындығын дәлелдеу керек. Бұл есеп бейнетті болса да, оны шешудің бірнеше процедуралары бар. Ол процедураларды жасау үшін алдымен жиынның ДҚФ ін сөйлемдер түрінде бейнелеу керек.
Қандай да бір F жиыны ДҚФ қанағаттандырылмайтынын көрсететін үдеріс әрбір ДҚФ ті сөйлемге ауыстырудан басталады. Оның нәтижесінде S сөйлемдер жиыны пайда болады. Егер жиыны қанағаттандырылмайтынын дәлелденсе, жиыны да қанағаттандылмайды. Ары қарай Эрбран әдісі қолданылады: формуланың стандартты пішіміне теріске шығару іздеу процедурасы қолданылады, яғни формуланың ортақ мәндігін дәлелдеудің орнына формуланы терістеудің қайшылығы дәлелденеді.
Робинсон резолюциясы әдісін қолдануға да болады. Әдістің негізгі идеясы S жиынында бос дизъюнктің (қарама қайшылық) болуына тексеру. Егер S жиынында қайшылық болса, онда ол орындалмайыд, егер болмаса, жаңа қайшылық алынғанға дейін жаңа дизъюнктілер шығарыла береді.
Продукциялар негізінде шешімдерді іздеу мен шығару әдістері
Продукционды бейнелеу кезінде білмдер облысы ЕГЕР-ОНДА деген продукционды ережелер негізінде бейнеленеді, ал мәдіметтер ағымдағы жағдай жөніндегі факиілер жиынымен бейнеленеді. Шығару механизмі білімдер базасында сақталған әрбір ережені білімдер базасында бар фактілермен салыстырады. ЕГЕР (шарт) ережесінің бөлігі фактімен сәйкес келген кезде, ереже іске қосылады да оның ОНДА (әрекет) бөлігі жүзеге асырылады. Іске қосылатын ереже фактілер жиынтығын жаңа фактілер қосу арқылы өзгерте алады.
ЕГЕР ережесі бөліктерін фактілермен салыстыру шығару тізбегін құрайды. Шығару тізбегі жүйенің қорытынды алу үшін ережелерді қалай қолданатынын көрсетеді. Тізбек негізінде қорытынды шығару әдісін көрсету үшін келесі мысалды қарастыруға болады: Білімдер базасында А, В, С, D және Е фактілері болсын, Ал білімдер базасында тек қана үш ереже бар, олар:
Ереже 1: Y&D → Z.
Ереже 2: X&B&E→Y.
Ереже 3: A→X.
6 суретте көрсетілген шығару тізбегі Z фактісін шығару үшін ережелердің қалай қолданылатынын көрсетеді.



Cурет 6 – Шығару тізбегінің мысалы


Алдымен 3 ереже іске қосылады да, берілген А фактіден жаңа Х фактісін шығарады, сосын 2 ереже орындалады да бастапқы В және Е, сонымен қатар, Х фактілерінен У фактісі шығарылады. Соңында 1 ереже қолданылып, бұрын белгілі D фактісі мен жаңадан алынған У фактісі арқылы Z қорытындысын алуға болады.


Шығару механизмі ережелердің қай кезде іске қосылу керектігін шешу керек. Ережелердің орындалуының екі жолы бар. Біріншісі тікелей тізбек (шартты шығарылатын), екіншісі кері тізбек (мақсатты шығарылатын). Жоғарыда қарастырылған тікелей тізбекті қолданады. Алдымен антецедентті бөлімі (шарт) талданатын продукционды жүйелерде шартты-шығару архитектура қолданылады.
Көп жүйелерде қолданылатын архитектура типі ол мақсатты-шығару (әрекетті-шығару немесе консеквент-шығару) продукционды жүйелері. Мысалы, А&В&С→D түріндегі шығару ережесі «А, В және С логикалық конъюнкциясынан D шығады» немесе «D ны дәлелдеу үшін А, В, С орнату керек» дегенді білдіреді.
Консеквент-шығару архитектурасы бар продукционды жүйенің мысалын қарастырайық. Мұнда әріптер түрінде білімдер базасының элементтері белгіленген. Егер олар білімдер базасында болса, онда оларды ақиқат деп алады.
ББ: А, F.
Ереже 1: A&B&C→D.
Ереже 2: D&F→G.
Ереже 3: A&J→G.
Ереже 4: В→С.
Ереже 5: F→B.
Ереже 6: L→J.
Ереже 7: G→H.
Бізге қажетті мақсат ол Н-тың ақиқаттылығын шығару болсын. Біріншіден, Н білімдер базасында бар ма екен тексеріледі. Н білімдер базасында жоқ, бірақ жүйе сонда да оң жағында H орналасқан ережені қолдана отырып оның ақиқаттылығын шығаруға тырысады. Ондай ережеге 7 ереже сәйкес келеді. Енді жүйе G ақиқаттылығын шығаруға тырысады, ол үшін қайтадан білімдер базасы тексеріледі, бірақ білімдер базасында ол да жоқ. Сол себепті оң жағында G бар ереже ізделінеді. Ондай ережелер бірнеше. Келіспеушілікті жою үшін ережелер приоритет бойынша орналасқан деп есептеп, 2-ереже таңдалынады. Енді D және F ақиқаттылығын дәлелдеу керек, ол үшін А – ақиқат (себебі білімдер базасында бар), В – ақиқат (себебі 5-ережеге сәйкес келеді), С – ақиқат (себебі 4-ережеге сәйкес келеді). D және F ақиқаттылығы дәлелденгендіктен, 2-ережеден G ақиқаттылығ шығады, ал G ақиқаттылығынан Н ақиқаттылығы шығады (7-ереже). Осылайша мақсат орындалды. Ал ақиқаттылығы дәлелденген элементтер білімдер базасына қосылады, олар -Н, G, D, С. В.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет