SPARQL-сұратымдардың жалпы құрылымының «WHERE» шаблоны RDF-триплеттер моделдерінің жиынтығы болады және SP = {tm1, ..., tmn} белгіленеді. SP шаблоны, семантикалық білімдер базасынан нені сұрау керек екендігін анықтайды.
tmnшаблондары – триплеттердің моделдері, олар келесі үштіктен тұрады: субъект (S), предикат (P), объект (O), олардың әрқайсысы тұрақты мән бола алады, онда немесе айнымалы мән болады, онда оларды «$» немесе «?» белгілерімен белгілей аламыз.
Жоғарыда айтылған ережелерді RDF - триплет семантикалық моделдері түрінде 6 кестеде көрсетілген бейнелеуге болады. RDF - триплет семантикалық моделдері мен оған қатысты сұратымдарды Б Қосымшасынан көруге болады.
6 кесте - Сөз тіркестерінің байланысу түрлеріне қарай RDF- триплет семантикалық моделдері түрінде бейнелеу
Байланыс түрлері
Бағыныңқы
Dep
Басыңқы
Dom
Субъект
S
Предикат
P
Объект
O
KabEs
Adj
Dom
dep
? (түрі)
dom
KabEs
Adj
Dom
dep
? (ішкі класы)
dom
KabEs
Adj
Dom
dep
? (қасиеті бар)
dom
KabEs
Num
Dom
dep
? (саны)
dom
KabEs
Num
Dom
dep
? (реті)
dom
MatEs
Dep
Dom
dep
dom
?
Kiysu
Dep
V
dep
dom
?
MengEs
Dep
Dom
dep
?
dom
MengEt
Dep
V
dep
dom
?
Бөлім бойынша қорытынды Қорыта келгенде кез‑келген табиғи тілдік мәтінді өңдеу үшін алдымен оны лингвистикалық талдаудан өткізу керек. Ол әр тілдің морфологиялық, синтаксистік және семантикалық ережелерінің негізінен тұрады. Бұл бөлімде қазақ тілінде лингвистикалық талдауды жүзеге асыру үшін қазақ тілі сөз таптарының морфологиялық ережелерінің онтологиялық моделдері тұрғызылып, ондағы білімдерді формалды бейнелеу тілі ретінде семантикалық гиперграф алынды. Себебі бұл формалды моделдер осы бағыттағы мәселелердің шешімін табу кезінде басқа моделдерден, мысал үшін формалды грамматика аппаратынан, салыстырмалы түрде озық болып табылады. Өйткені осы формалды моделдер табиғи тілдің семантикалық белгілерін ескеруге мүмкіндік береді. Онтология мен оны семантикалық гиперграф түрінде бейнелеу қазақ тіліндегі мәтіндерді морфологиялық талдау кезінде сөз түрлендіруші қосымшалар‑ жалғауларды ғана емес, сонымен қатар сөз тудырушы қосымшалар‑ жұрнақтарды да ескеруге мүмкіндік береді. Жоғарыда көрсетілген формалды моделдер арқылы морфологиялық талдау кезінде алғаш рет сөзпішімдерді ғана емес сөзжасамдарды да қарастыруға мүмкіндік берді. Морфологиялық талдауды осылай жүзеге асыру қазақ тілі үшін жаңа нәтиже болып табылады, себебі қазіргі таңда қолданылып жүрген мәтіндерді өңдеу жүйелері тек қана жалғаулардың түрленуін қарастырады, өйткені морфема ретінде сөздің негізі алынады. Ал ұсынылып отырған морфологиялық талдауда морфема ретінде сөздің түбірі алынған. Алынған морфологиялық ережелердің формалды моделдерін сөйлемдегі сөз тіркестерінің жасалу ережелерін формалдау кезінде пайдаланамыз. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің байланысу түріне қарай онтологиялық моделдері құрылып, формалды ережелер алынды, солардың негізінде мәтінді семантикалық талдаудың әдісі қарастырылды. Сөйлемдегі сөздердің сөз тіркестерінің байланысу түріне қарай оларға RDF- триплет семантикалық моделдерін қолданылып, сұратым жасау ережелері жасалды. Соның негізінде сұрақтарды білімдер базасындағы білімдерге сәйкестендіру жүзеге асырылады.