Муканова асель сериковна


Қазақ тілінде семантикалық талдауды жүзеге асырудың формалды моделі мен әдісі



бет34/42
Дата05.09.2022
өлшемі5,36 Mb.
#38480
түріДиссертация
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42
Байланысты:
диссертация Асель

Қазақ тілінде семантикалық талдауды жүзеге асырудың формалды моделі мен әдісі

Қазіргі кезде табиғи тілде берілген мәтіннің мағынасын анықтап, айтылымдарды генерациялаудың әртүрлі моделдері бар [153-154]. Компьютермен табиғи тілде тілдесу үдерісін моделдеу мағынаны түсіну компонентін жүзеге асыру әдістері, білімдерді бейнелеу моделдеріне сәйкес ерекшелінеді. Семантикалық талдау есебі берілген мәтіннің мағынасын жүйенің ішкі тілінде сипаттау болып табылады. Бұл дегеніміз, берілген мәтінді жүйенің білімдерімен сипаттау. Сөйлемнің мағынасын түсіну үшін мәтінді талдаудың негізгі параметрлерінің бірі – ол мәтіндегі сөздердің қасиеттері мен олардың арасындағы қатынасты анықтау [155]. Біздің жағдайымызда пәндік облыстың білімдерін бейнелеу үшін онтология қолданылған. Онда пәндік облыстың түсініктері мен олардың арасындағы семантикалық қатынастар көрсетілген. Семантикалық қатынас бинарлы болып табылады, яғни ол бір семантикалық түйіннен екінші семантикалық түйінге өтеді. Онтология білімдерін сипаттау үшін OWL тілі қолданылады. Бұл тіл пәндік облыс білімдерін бейнелеу үшін ғана емес, сонымен қатар, сол білімдерді өңдеуге мүмкіндік беретін қосымшалар үшін жасалған. Бұл тіл өзінің негізгі элементтері ретінде RDF ресурстарды қолданады. RDF ресурстары ретінде кез‑келген мән алынуы мүмкін. RDF ресурсты триплет түрінде көрсетуге болады: «субъект – предикат ‑ объект». Сонда онтологияның төбелерін субъект және объект деп алсақ, олардың арасындағы қатынас немесе қасиет предикат болады.
Табиғи тілде берілген мәтіннің мағынасын түсіну үшін онтологияны қолданамыз дедік. Қазақ тілінде сөз тіркестері байланысу түріне қарай 5 түрлі құрылымға бөлінетін жоғарыда көрсетілді. Бұл құрылымдар екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Сөз тіркестеріндегі сөздер пәндік облыс түсінігі, олардың арасындағы қатынас немесе қасиет болуы мүмкін. Сондықтан да жоғарыда көрсетілген қазақ тілінде сөз тіркестерін құрудың формалды ережелерін пайдалана отырып, мәтіндегі сөздерді білімдер базасының түсініктері мен қатынастарына «субъект (S) – предикат (P) – объект (O)» түрінде айналдыру ережелерін қарастырамыз.

  1. Егер сөйлемде сөздер қабысу байланысы арқылы тіркесіп тұрса, KabEs(dep, dom), онда dep‑ субъект(S) және dom- объект(O) сөздері онтология класы (түсінігі, индивид) болады және олардың арасында dep сөзінің сөз табына байланысты қандай да бір P- предикат байланыс болады. Сонда:

Қабысу (dep, dom) = dep (S) -> ?(P) -> dom (O) немесе ?(P) (dep(S), dom(O)) А сөзінің сөз табына байланысты P (предикат) байланыстың түрлері:

  • dep‑ сын есім (Adj) болса, онда P (предикат) – түрі, ішкі класс, қасиеті бар деген қатынастарға сәйкес келеді, сонда dep түсінігі dom түсінігінің ішкі класы немесе түрі болады.

  • dep – сан есім болса, онда P (предикат) – саны, реті деген қатынастарға сәйкес келеді, сонда dep түсінігі dom түсінігінің санын немесе ретін көрсетеді және т.б.

  • dep – есімше болса, оны қиысу (dom,dep) түріне келтіреміз – сонда dom(S), dep(P) ?(O) табу керек т.б.

  1. Егер сөйлемде сөздер матасу байланысы арқылы тіркесіп тұрса, Матасу (dep, dom), онда dep (S) сөзі онтология класы (түсінігі, индивид) болады, ал dom сөзі dep (S) мен қандай да бір ?(О) сөздері арасындағы dom (P) қатынас болады да, ?(О) қандай да бір мәнге ие болады.

Матасу (dep, dom) = dep (S) -> dom (P) -> ? (O) немесе dom (P)( dep (S), ?(O))

  1. Егер сөйлемде сөздер матасу байланысы арқылы тіркесіп тұрса, Матасу (dep, dom), онда dep (O) және dom (S) сөздері онтология класы (түсінігі, индивид) болады және олардың арасында тиісті деген ?(P) (предикат) байланыс болады.

Матасу (dep, dom) = dom (S) -> ?(P) (тиісті) -> dep (O) немесе ?(P) (dom (S), dep (O))

  1. Егер сөйлемде сөздер қиысу байланысы арқылы тіркесіп тұрса, Қиысу (dep, dom), онда dep (S) сөзі онтология класы (түсінігі, индивид) болады және dom (P) (предикат) байланыс болады.

Қиысу (dep, dom) = dep (S) -> dom (P) -> ? (O) немесе dom (P) (dep (S) ?(O))

  1. Егер сөйлемде сөздер етістікті меңгеру байланысы арқылы тіркесіп тұрса және В- етістік болса, Меңгеру (dep, dom), онда dep (S) сөзі онтология класы (түсінігі, индивид) болады және dom (P) байланыс болады. Мәтінде меңгеру болса оны етістікті қиысуға келтіреміз.

Семантикалық білімдер базасынан q SPARQL-сұратымларды алудың жалпы құрылымы төмендегідей:
PREFIX # префиксті хабарландырулар.
FROM... # сұратымның көзі.
SELECT # нәтиже пункті.
WHERE {...} # сұратым шаблоны.
ORDER BY # сұратым модификаторы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет