«Театр сабақтары» - Абай атындағы Мемлекеттік қазақ музыкалық -драма театры мен Ф.М.Достоевский атындағы орыс драма театрының спектакльдерін тамашалау. Мұндай іс -шаралардың нәтижесі оқушылардың ақын шығармашылығына деген қызығушылығын ояту, туған жерге деген сүйіспеншілік, туған өлкеге деген мақтаныш сезімі болады.
Сонымен қатар мектептің мерейтойы қарсаңында Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына арналған ғылыми конференциялар, мектеп олимпиадаларын ұйымдастыру жоспарлануда. Біз жас суретшілер байқауы мен «Мерейтой старттары» спорттық жарыстарын ұйымдастыру арқылы жас суретшілерді, спорт сүйер қауымды ұмытпауымыз керек.
«Талаптан да білім мен өнер үйрен» атты қорытынды ата-аналар жиналысындағы жеңімпаз оқушылар шеруі Шәкәрім бабамыздың мерейтойына гимназияның қол жеткен жетістіктерінен тарту.Мектебімізде 10 жылдан аса уақыт білім,ғылым ,спорт, өнер саласындағы қол жеткен жетістіктерді зерделеу мақсатында «Шәкәрім дарындары» энциклопедиясы шығады.
Мектеп миссиясына сай рухани жетілген толық адам тәрбиелеуде ақын шығармаларының тәрбиелік мәні зор.
Осылайша, жоғарыда айтылғандардың бәрінен біз мынандай қорытынды жасай аламыз: Ушинскийдің айтуы бойынша біздің мектептің «рухы» Шәкәрімнің бай мұрасын зерттеуге енеді.Өткен ғасырда жазылған ойшылдың сөздері. , бүгінгі күнге дейін оқушылар үшін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Ақын шығармашылығы ұлттық тәрбиенің құндылықтарын қалыптастыруда мүмкіндіктер ашады, сайып келгенде, өз елінің жоғары адамгершілігі мол, жауапты, шығармашыл, сауатты азаматының қалыптасуы мен дамуына әкеледі.Гимназияның маңдайшасындағы Шәкәрім атамыздың «Талаптан да білім мен өнер үйрен»деген сөзі –мектебіміздің ұраны іспетті, болашақ ұрпақты білім мен өнерге жетелейтін шамшырақ іспетті.
«Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді»,− деп Шәкәрім Құдайбердіұлы кейінгі ұрпаққа асыл арманын аманат етіп, тура жол нұсқайды.