Біздің бастыміндетіміз осы құндылықтарды оқушы бойына дарыту.
Рухани тәрбиенің бастауы сіз оқып жатқан мектептің атымен байланысты сіз туып -өскен көше мен қаланың атауынан басталады. Біздің қалада көптеген мектептер әдебиет пен мәдениеттің дамуына үлес қосқан, елі үшін жанын берген, батылдықтың, ерліктің және жанқиярлықтың үлгісі болған әйгілі және ұлы адамдардың есімімен аталады.
2024 жыл біздің қара шаңырақ білім ордамыз үшін-мерейлі жыл.Қаланың сол жағалау бөлігінде бұрынғы қазақ бастауыш мектебінің ашылғанына 100 жыл толады. Мектебіміз ең алғаш 1924 жылы «бастауыш мектеп» болып ашылған .Мектептің аты, статусы осы 100 жыл ішінде 13 рет озгерген екен. Бүгінгі таңда мектепте әр жылдары білім алған түлектер қатарында: 45 ғылым докторы, 118 ғылым кандидаттары,74 спорт шеберлері, медицина, баспасөз, өнер саласының үздіктері,лауреаттар, танымал айтыскер ақындар бар. Биылғы жылы гимназия 83 рет түлектерін ұшырды.Қаланың қазіргі біз тұрған Жаңа-Семей бөлігі 1917 жылдан1927- жылға дейін яғни, 10 жыл бойы Алаш қаласы деп аталған. Ал, Шәкәрім бабамыз болса, Алаш мемлекетінің белсенді негізін қалаушылардың бірі, әрі алашорда үкіметінің төбе биі-соты болған адам.
Бүгінгі таңда 1992 жылдан бері ақын, жазушы, ойшыл, аудармашы, композитор, философ Шәкәрім Құдайбердиев есімімен аталған мектептің 100 жылдық мерейтойын атап өтуге дайындық қызу жүріп жатыр.
Осы орайда кеңінен тоқталып өтер болсам, мектебіміздің әр қабырғасы Шәкәрім әлемінен сыр шертеді.
Бірінші қабатқа тоқталар болсақ,онда сіз «Абай жолы-руханият әлемі» стендіне назар аударасыз, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы мен көрнекті философ, ақын Шәкәрім Құдайбердиевтің әлемдік әдебиеттің жетекші қайраткері, жазушы Мұхтар Әуезовтың өмірі және шығармашылық ізденістерінен сыр шертеді.Сонымен қатар стендта тарихи өлкелерге саяхат Семейден бастау алып, Жидебай, Бөрілі, Шыңғыстау бөктеріндегі Бақанас жеріне дейін көрініс табады. Олардың бай мұрасы - болашақ ұрпақ үшін мәңгілік маңызы бар қазақ халқының рухани азығы. 100 жылдық мерей той қарсаңында 1 ғасырға жуық тарихы бар білім ордамызға тарихи мұрағаттарымыздың болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатында мұражай ашу көзделеді. Шәкәрімге арналған бұрыштан Шәкәрім атындағы гимназия аллеясына айналу жоспарланып отыр.
Бүгінде Шәкәрім атындағы білім беру ұйымдарымен байланыс орнатып, бірлескен нәтижелі жұмыс көрсету. Қазіргі таңда 5 жыл көлемінде Алматы қаласындағы Шәкәрім атындағы мектеппен және қаламыздағы Шәкәрім университетімен меморандумға отырып, дөңгелек үстел, конференциялар өткізілген болатын . Алдағы уақытта осы жұмысымызды одан әрі кеңейтіп Өскемен қаласындағы Шәкәрім атындағы гимназиямен байлыныс орнатып бірлескен жұмыс нәтиелерін көрсету жоспарда бар. Осы орайда университет оқытушылары мен студенттерін, қала мектептерінің мұғалімдері мен оқушыларын тарта отырып, бірқатар іс -шаралар өткізуге атсалысуға шақырамыз.
Қала мектеп оқушылары арасында өтетін «Шәкәрім оқулары», зияткерлік сайыстар дәстүрге айналған. «Ұлы дала мұрагерлері» жобасы аясындаАбайдың «Жидебай-Бөрлі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейіне, Шәкәрім ата кесенесіне экскурсиялар ұйымдастыру, сол арқылы оқушылар үшін «Музей сабақтары» жобасын жүзеге асырылуда.Оқушыларымыз тарихи орындарға саяхатын Шәкәрім гимназиясының 100 жылдығына арнады.«Ұлылар мекеніне саяхат» деген атпен ұстаздар қауымы да оқу жылының басында Абай ,Шәкәрім, Мұхтар сынды ұлы тұлғалар мекеніне ұжыммен саяхат жасап қайтты. Абай , Шәкәрім шығармаларынан үзінді айту, сұрақ-жауап сайысы, ән жарысы арқылы өз білімдерін толықтырды.