Мулдабекова Камчат Тулюгиновна АҚпараттық технологиялар арқылы болашақ мамандардың коммуникативтік қҦзыреттілігін қалыптастыру


ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ КOММУНИКAТИВТIК ҚҦЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДICТEМECI



бет23/63
Дата09.04.2022
өлшемі2,62 Mb.
#30449
түріДиссертация
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   63
ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ КOММУНИКAТИВТIК ҚҦЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДICТEМECI
2.1 Болашақ бастауыш мектеп мамандарының ақпараттық технологиялар арқылы коммуникативтік қҧзыреттілігін дамытудың қазіргі жағдайы
Қазақстан Республикасы жоғары білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасында: жоғары оқу орындарын бітірушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар түрінде белгіленген қоғамымыздың жаңа әлеуметтік тапсырыстары, ӛз кезегінде оқыту бағдарламаларын ӛзгертуді сондай-ақ студенттердің алатын білім сапасын кӛтеріп, бүгінгі күнге сай кәсіптік дағдыларды игеруге бағытталған оқытудың жаңа технологияларын енгізуді кӛздейді, – деп кӛрсетілген [1]. Бұдан нәтижеге бағдарланған білім беруде ақпараттық технологияларды пайдаланып, білім сапасын арттыру мен түйінді құзыреттіліктер болса, оның негізін құрайтын коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру қажеттігі туындайды. Болашақ маманның кәсіби құзыреттілігінің тұжырымдамасында жалпы әлемдік мәдени құндылықтарды енгізуді кӛздейді.
Жалпы орта мектептің бастауыш сатысына мамандар дайындауды жоғары оқу орындары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (жоғары кәсіптік) негізінде жүзеге асыратыны белгілі. «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының бүгінге дейінгі стандартын талдайтын болсақ, ондағы берілетін кәсіби білім мазмұны бастауыш білім беру сұранысына ғана сәйкестігін айта кеткеніміз жӛн. Дегенмен, аталған мамандық студенттерінің жоғары оқу орнында коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға, бәсекеге қабілеттілігінің кӛрсеткіші кәсіби дайындықтың сапасын, болашақ бастауыш сыныптар мұғалімінің кәсіби іс-әрекетке дайындықтарының қазіргі білім беру ұйымдарының сұранысын қанағаттандыра алмайтынын кӛрсетіп отыр.
Бүгінде жалпы орта мектептің бастауыш деңгейіне маман даярлаудың негізгі келесі факторларды қамтамасыз етеді, олар: жалпыға міндетті кәсіби білім беру стандарты, оқу бағдарламасының мазмұны, оқыту үдерісін ұйымдастыру және педагогтың кәсіби құзыреттілігі. Олардың әрқайсысына тоқталатын болсақ: 5B05010200 - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған жалпыға міндетті білім беру стандартын талдау мақсатын кӛздедік. Ӛйткені, бүгінге дейін республикамызда 2009 және 2011 жылдары жарық кӛрген стандартпен бастауыш сынып мамандары кредиттік жүйе бойынша даярлануда.
Осы стандарт бойынша бӛлінген кредит саны мен пайыздық кӛрсеткіші тӛмендегідей: жалпы білім беру пәндерінің циклының құрамы типтік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы кӛлемінің 25%-ын немесе 33 кредитті құрап, базалық пәндер циклындағы пәндер кӛлемі типтік оқу жоспарындағы пәндердің
71

жалпы кӛлемінің 50%-ын немесе 64 кредит құрайды, олардың ішінде 20 кредит міндетті компонент пәндеріне және 44 кредит таңдау бойынша компонент пәндеріне тиесілі. Кәсіптік пәндер циклындағы пәндер кӛлемі типтік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы кӛлемінің 25%-ын немесе 32 кредитті құрайды, соның ішінде 5 кредит міндетті компонент пәндеріне және 27 кредит таңдау бойынша компонент пәндеріне бӛлінеді.


2012 жылдан бастап, 6B05010200 - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен
әдістемесі» мамандығына арналған модульдік оқу бағдарламаларының мазмұны әлемдік стандартқа сәйкестендіріп әзірлеуді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне тапсырылуы әрине, профессор-оқытушылар ұжымына үлкен міндет жүктелгені деп түсінеміз. Модульдік оқу бағдарламаларын әлемдік стандартқа сәйкестендіруде шетел тәжірибелерін зерделеу, шетелдік ғалымдарымен пікірлесу, бірлескен іс-әрекеттің нәтижесінде кредиттік оқыту технологиясының ерекшеліктері, мобильдік
ұтқырлықтың жүзеге асырылуы, серіктестікте қызмет істеу және т.б.

толығымен ескеріледі.


Қазіргі бастауыш мектепке ғылым мен мәдениеттің жаңа жетістіктерін білетін, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды игерген, оқытудың инновациялық әдістерін меңгерген, ақпараттық технологиялармен қаруланған, кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқыту, тәрбиелеу мен дамытуға арналған оқу бағдарламаларын және оны іске асырудың әдістемесін жетік білетін маман қажет. Бүгінде бастауыш сыныптарда ақпараттық технологияларды оқушылармен, ата-аналармен және оқыту үдерісін басқару жұмыстарында қолданады. Сондықтан да бастауыш мектепке кәсіби құзыреттіліктің негізін құрайтын коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасқан мамандарға сұраныс беруі заңдылық.
Абай атындағы Қазақтың ұлттық педагогикалық университетінің 2020-шы жылға дейінгі даму стратегиясында: маман дайындауда білім сапасына қол жеткізу халықаралық стандарт пен оның талаптарына сәйкестендірілетіні кӛрсетілген. Халықаралық білім кеңістігіне кірігу үшін ұлттық білім беру бағдарламаларын әлемнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бағдарламаларымен үйлестіру жүзеге асырылуда. Оған дәлел бүгінгі қоғам


сұранысына жауап беру мақсатында университетімізде

2012-2013 оқу

жылынын бастап, 5В010200 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» (бакалавриат) мамандығына университет ғалымдары, Туркия мемлекетінің Эрзинджан университетінің профессорларымен авторлық бірлестікте әлемдік стандартқа сәйкестендірілген білім беру бағдарламасын әзірлеп пилотты режимде тәжірибеде сынақтан ӛткізу үстінде және шетелдік тәуелсіз сараптамалық қорытындыдан кейін жетілдірілуде.


Білім беру бағдарламасының мақсаты – бастауыш мектептің болашақ педагогтары кәсіби іс-әрекетті тиімді жүзеге асыруға қабілетті, бәсекелестікке бейімделген, халықаралық стандарт талаптарына сай болуы, жалпымәдени, кәсіби және пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру, бастауыш мектептерде

72

оқыту үдерісін ұйымдастыру мен басқаруда инновациялық технологияларды қолдануды меңгерту.


Білім беру бағдарламасыкелесі құзыреттіліктерді қалыптастыруды кӛздейді. Жалпымәдени құзыреттілік:адамгершілік нормасы мен ӛнегелі мінез-құлық негіздерін меңгеруге; ғылымдардың негізгі әдістері мен ережелерін, әлеуметтік және кәсіби міндеттерді шешуге; шет тілінен білімін қарым-қатынас жасау және арнайы мәтінді түсінуге және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет