Кәсіби құзыреттілік:білімдік ортада субъектілердің бірлескен қызметі мен тұлғааралық ӛзара әрекеттестікті ұйымдастыру әдістерін меңгерту; кәсіби қызметінде бала құқығы мен мүгедектер құқығы туралы негізгі халықаралық және отандық құжаттарды пайдалана білу; кәсіби міндеттерді шешуде мамандардың пәнаралық және салааралық ӛзара әрекеттестіктеріне қатыса алу және т.б.
Пәндік құзыреттілік:кіші мектеп жасындағы оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері мен технологияларын меңгерту; білім беру сабақтастығын жүзеге асыру құралдарын меңгеру; жеке әдістемелік пәндердің теориялық негіздері мен
технологияларын меңгеру және т.б. Сонымен қатар,ақпараттық, коммуникативтік және проблеманы шешу құзыреттіліктерін де меңгерту кӛзделген.
2009 және 2011 жылдарғы мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты бойынша әзірленген жұмыс оқу жоспарында міндетті оқу компоненті 45 пайыз, ал таңдау пәндері компонентіне 55 пайызды құраған болатын. Аталған білім беру бағдарламасында міндетті пәндер компоненті 33 пайыз, ал таңдау пәндері компоненті 67 пайызды құрайды. Бұл ӛз кезегінде студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға басымдық мүмкіндік туғызады, оған дәлел ретінде енгізілген пәндерді атап айтсақ: «Информатиканы оқыту әдістемесі», «Ағылшын тілін оқыту әдістемесі», «Ӛзін-ӛзі тану пәнін оқыту әдістемесі», «12жылдық бастауыш мектеп үшін оқу пәндерінің ОӘК», «ШЖБМ (орыс) әдебиеттік оқуды оқыту әдістемесі», «Бастауыш мектеп оқу пәндерінен дидактикалық материалдар дайындау әдістемесі», «Бастауыш мектепте шет тілін оқыту әдістемесінің теориясы мен технологиясы» т.б.
2009 жылғы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында міндетті пәндер компонентіндегі тұрған пәндер білім беру бағдарламаларында «Құқық негіздері», «Экология және тұрақты даму», «Ӛмір қауіпсіздік негіздері», «Отантану» т.б. пәндері таңдау пәндері компонентіне ауыстырылды.12 жылдық білім беруге кӛшу жағдайында бұл пәндер мектептің бейіндік сыныптарында оқытылатын болады.
Білім беру бағдарламасын тәжірибеге енгізу барысында педагогикалық
үдерісті ұйымдастыру мәселесі алға шығады, себебі аталған бағдарламабойынша оқытушылар академиялық ұтқырлықпен шетелден
білімдерін жетілдіріп, жаңа пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеп, педагогикалық үдерісті кредиттік технологияның талаптарына сәйкес жүргізуде.
73
Университеттің материалдық базасы түрлі ақпарат кӛздеріне, электрондық оқулықтарды қолдануға қажетті компьютерлік техникаға қол жетерліктей етіп жабдықталып, мультимедиалық және ақпараттық технологияларды пайдалану кеңінен қарастырылуда. Сонымен, біздің негізгі міндетіміз педагогикалық үдерісті жетілдіру болып табылады, нақтылап айтсақ университеттегі 5В010200 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенттерінің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру үшін арнайы курсты таңдау пәндерінің оқу бағдарламасын, силлабусын, оқу-әдістемелік кешендермен, іс жүзінде электрондық реурстарды пайдаланып, оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік жасауға бағдарланып отыр.
Бұл бүгінгі күні жоғары оқу орындарында оқыту үдерісінде педагогикалық технологияларды саралап қолдануды қажет етеді. Университетте бастауыш оқыту педагогикасы ғылымының дамуына ӛзіндік үлес қосқан ғалымдар бастауыш мектепке мұғалімдер дайындауға ат салысуда. Жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық технологияларын меңгеріп қана қоймай, оны педагогикалық үдерісте пайдалану әдістемесін үнемі жетілдірілуде.
Ел президентінің «Қазақстан – 2050 стратегиясы – «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауын қолдау, халықаралық және аға ұрпақ тәжірибесі негізінде бастауыш мектепте білім берудің жаңа әдіс-тәсілдеріне кӛшу саясатын жүзеге асыру үшін университетімізде қазақ тілінде бастауыш мектеп педагогикасы ғылымы бойынша ғылыми диссертация қорғап, бастауыш мектепке маман даярлауға қомақты үлес қосқан, жоғары оқу орнына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын жазған әдіскер-ғалымдарға арналғанкабинеттердің ашылуы, білім алушылардың мамандықтарына деген сүйіспеншілігін арттырып, кәсіби тұрғыдан ӛсуіне ықпал ететін, ғылыми еңбектермен және ақпараттық технологиялармен жабдықталуы да осы мамандық студенттерінің ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік туғызып отыр. Бастауыш оқыту педагогикасына қомақты үлес қосқан әдіскер-ғалымдар: Т.С.Сабыров, Р.Қоянбаев, сонымен қатар бастауыш оқыту әдістемесінің әр қырынан зерттеген ғалымдар: С.Р.Рахметова, Р.Мендикенова және т.б. арналып ашылған кабинеттерді атауға болады.
Сондай-ақ, студенттер «Бастауыш мектеп педагогикасы» ғылымы саласы
бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына оқытушы-профессорлардың жетекшлігімен қатысып, мамандық студенттері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мақтау грамоталарына ие болды. Атап айтсақ: 2013 жылы 5В010200 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» (бакалавриат) мамандығының студенті Жұмабаева Жазира студенттердің ғылыми жұмыстарының арасында бірінші орын алды. Жұмабаева Жазира бүгінде 5M010200 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1 курс магистранты. Кафедра тарапынан ұйымдастырылған «Үздік магистрант» конкурсының бас жүлдесін жеңіп алып, ӛзінің осы мамандық бойынша меңгерген теориялық білімін, практикамен ұштастыра
74
отырып, ӛзінің кәсіби деңгейінің оның негізі болып табылатын коммуникативті құзыреттілігінің қалыптасып келе жатқанын кӛрсете білді.
Болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда әлемдік стандартқа сәйкес білім беру үшін студенттердің академиялық ұтқырлығын іске асыру барысында университетіміз халықаралық ынтымақтастықты дамытуды белсенді түрде іске асырыпАнглия, Германия, Чехия, Польша, Қытай, Түркия, Корея, Ресей, Латвия және т.б. мемлекеттерден жалпы саны 44 жоғары оқу орындарымен серіктестікте жұмыс істейді.
Қазіргі білім саласындағы ӛзгеріс педагог мамандығына жарқын болашақ ашуда. Білімнің жаңа мазмұнмен толығуы педагог кадрларды дайындауға жаңа талаптар қойып, тілдік білімнің рӛлін кӛтеріп, оның сапалы ӛзгеруіне басымдық беріліп отыр. Бұл тұрғыда педагогикалық үдерісті ұйымдастыруды оқу-әдістемелік кешендермен, құралдармен қамтамасыз ету мәселесі басты назарда болады, ӛйткені білім алушылардың оқу пәндерінің мазмұнын меңгертудің субъект мен субъектілік қатынасқа құрылуы, білім алушылардың білімді ӛздігінен меңгеруіне, ізденуіне мүмкіндік туғызуы да осыған байланысты болмақ. Міндетті және таңдау пәндері компоненттері бойынша әзірленген оқу-әдістемелік кешендермен студенттер толық қамтылып, кәсіби құзыретті маманның коммуникативтік дайындығын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасалуда.
Бүгінде университетіміз бастауыш мектепке оқытудың ақпараттық технологияларын меңгерту, бітіруші түлектің әлемдік стандартқа сәйкес білімді меңгеруі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, кәсіби құзыретті маман дайындауды міндет етіп қойып отыр. Осы міндеттің барлығы бастауыш мектепке коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасқан маман дайындаудың кӛзі болып отыр. Болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру үшін жоғары оқу орындарында оқытудың қазіргі
технологияларын, оның ішінде ақпараттық
|
технологияларды
|
пайдалану
|
әдістемесі жетілдірілуде.
|
|
|
|
|
|
Ақпараттық
|
технологиялар – ақпарат
|
кӛздері,
|
бейнелік
|
және
|
аудиоэффектілік,
|
электронды
|
оқулықтар,әртүрлімультибағдарламалық
|
мүмкіндіктерді интерактивті
|
бағдарламалық
|
жабдықтың
|
басқаруымен
|
орындатылатын
|
электрондық
|
құжаттарды
|
дайындау
|
тәсілдері
|
болып
|
табылады.
Кәсіби дайындықтың негізі болып табылатын коммуникативтік құзыреттілікті меңгерту, әрине оқыту үдерісінде ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы алған білімі мен ӛзіндік ізденуі нәтижесіндегі білімінің тереңдігін және оны тәжірибеде кез келген жағдайда қолдана білуімен сипатталады. Оқыту үдерісінде ақпараттық технологияларды пайдалану кәсіби дайындықтың мазмұнын ӛзгертуге, білім алушылармен жұмыстың әртүрлі формасын ұйымдастыруда, яғни оқыту үдерісінде, ғылыми-зерттеу жұмыстарында болашақ маманның коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға негіз болары сӛзсіз.
75
Қазіргі компьютерлік және интербелсенді бағдарламалық әдістемелік құралдар оқытушы мен білім алушының әрекеттесу формаларын ӛзгертіп, субъекті мен субъектілік қатынас түрінде кӛрінеді. Ал мұндай ӛзгеріс білім алушылардың оқуға деген ынтасын арттырып, сабақтың, нәтижелік бақылаудың жаңа үлгілерін (баяндама, есеп беру, топ алдында жобаларды біріге отырып
қорғау, эссе жазу, реферат, курстық және дипломдық жұмыстар) орындаудаізденуге ақпараттық технологияларды қолдануға итермелейді, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған түрлерін енгізуді керек етеді.
Оқыту үдерісінде білім алушылардың кәсіби құзыреттілігінің негізі болып табылатын коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру нәтижесі:
әлемдік стандартқа сәйкес әзірленген білім беру бағдарламаларын меңгеру және оны тәжірибеде кез келген жағдайда қолдануда шығармашылық ізденіске түсуі;
мамандық бойынша дайындалған электрондық оқулықтарды, ақпарат кӛздерін ӛздігінен саралап, еркін қолдануы;
бастауыш мектепте педагогикалық үдерісті жаңашаұйымдастыруға қабілеттілігіжоғары;
бастауыш мектепке арналған ақпараттық құралдарды, компьютерлік ойын бағдарламаларын, электрондық оқулықтарды жетік меңгеруімен сипатталады.
Сонымен қорыта келе, бүгінгі қоғамның басты талабы бастауыш мектепке коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасқан мамандарды дайындау мәселесі бойынша университетіміз: оқытудың ақпараттық технологияларын пайдалану,
оқытушылар мен студенттерге арналған академиялық ұтқырлық, педагогикалық үдерісті жаңаша ұйымдастыруда «шеберлік сыныптары», «Он-лайн» жүйесімен, Алматы облысы бойынша мұғалімдердің білімін жетілдіру институтымен бірлесе отырып, бастауыш мектеп пен шағын жинақталған мектептің мұғалімдеріне әдістемелік кӛмек кӛрсету мақсатында ашық сабақтар,
шеберлік сыныптарын, семинар ӛткізу, арнайы кабинет жабдықтау, электрондық оқулықтар дайындау сияқты жұмыстарды атқарып, жоғары білім беруді модернизациялаудыіске асыруға ӛзіндік үлесін қосуда.
Бүгінде білім беру саласын модернизациялауға байланысты елімізде ӛтпелі кезеңге арналған жалпы орта мектептің оқу бағдарламалары жарық кӛрді. Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламаларының басты жаңалықтары 2013 жылдан бастап, 1 сыныптан шет тілі пәні оқытылуда. Бастауыш деңгейдің 1 сыныбынан бастап, шет тілін оқытуға бастауыш сынып мұғалімдері дайын болмады. Сондықтан жалпы орта мектептің шет тілінен беретін мұғалімдерін Республикалық педагогикалық «Ӛрлеу» орталығынан үш кезеңдік қайта даярлаудан ӛткізіп, оларды бастауыш сыныпта шет тілін оқыту үшін тәжірибеге енгізді. Дегенмен, біздің ойымызша, бастауыш сыныптағы шет тілін бастауыштың маманы беру керек. Ӛйткені, олар бастауыш сыныптарда оқытудың жеке пәндердің әдістемесін толық ӛтеді, әрі бұл жастағы оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін жақсы меңгереді.
76
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жоғары білім беретін (бакалавриат) бойынша мамандар дайындау классификаторына «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына қосымша мамандандыру ретіне «шет тілі мұғалімі» деген мамандықты қосу керек. Берілетін біліктілікке «бастауыш сыныптар және шет тілі мұғалімі» дегенді қосу керек. Сонда ғана біз маман дайындау мәселесінің шешімін тауып, білімнің негізі қаланатын бастауышта кәсіби құзыреттіліктің негізі болып саналатын коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасқан маман дайындаймыз, - деп айтуымызға негіз болады.
Қазіргі пилоттық режимде эксперимент жүріп жатқан білім беру бағдарламасының аясында болашақ мамандар даярлауға қойылып отырған талаптарға сәйкес зерттеу мәселеміз бойынша «Бастауыш сыныптарда шет тілін оқыту әдістемесі» атты арнайы курс бағдарламасын әзірледік. Аталған жұмыс оқу бағдарламасы 1 кредитке арналған және ол «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының білім алушыларына арналып дайындалды.
Болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қамтамасыз ететін келесі фактор оқыту үдерісін ұйымдастыруда қазіргі ақпараттық технологияларды, интерактивті тақта, электрондық оқулықтар, инновациялық технологиялар мен интербелсенді әдістерді қолдану, білім алушылардың ӛзіндік жұмыстарының нәтижесін кӛрсететін портфолиосы, субъекті мен субъектілік қатынасқа құрылған дәрістер мен семинарлар, білім алушылардың
креативтілігін дамытуға арналған шығармашылық тапсырмалар, профессорлардың «Шеберлік сыныптары», озат тәжірибелерді үйрену және т.б. пайдалану әдістемесін меңгерту кӛзделеді.
Болашақ бастауыш сынып мамандарының дайындаудың келесі факторы педагогтың коммуникативтік құзыреттілігі тұлғалық негізде тӛмендегі аспектілерді: философиялық, әлеуметтік, мәдениеттілік қамтиды. Олар:
коммуникативтік құзыреттіліктің философиялық аспектісі тұлғаның рефлексиялық қажетілігінен туындайтын интерпретациялық іс-әрекеті, оны атқарудағы тұлғаның адами сапалары, білім алудың негізгі ортасында тұратын білім алушының ӛзінің дамуы;
коммуникативтік құзыреттіліктің әлеуметтік аспектісі субъекті-субъектілік педагогикалық қызметті бірлесіп шығармашылықпен ұйымдастыру біліктілігі, ӛзін-ӛзі дамытуы, ӛзін-ӛзі ұйымдастыруы, ӛзін-ӛзі шығармашылықпен жүзеге асыруы, кәсіби тұлғалық ӛсуі;
коммуникативтік құзыреттіліктің мәдениеттілік аспектісі тұлғаның кӛпмәдениеттілікті, арнаулы этникалық факторларды түсінетін, серіктестік іс-әрекеттегі мінез-құлқы, тұлғааралық және іскерлік қарым-қатынасқа түсе алуы, мәдениетаралық бірлескен іс-әрекетті ұйымдастырудағы шығармашылығы.
Жоғары оқу орнында білім алушылардың кәсіби құзыреттілігіне тұлғаның кіріктірілген қасиеттеріне: коммуникативтік, дидактикалық және тұлғалық компоненттерден тұратын педагогикалық және пәндік білім салаларын бірлестіке қарастыратын құзыреттіліктер жатқызылады. Коммуникативтік
77
құзыреттілікке пән бойынша ауызша және жазбаша қарым-қатынастың түрлерін меңгерту кӛзделеді.
Дидактикалық компоненттің негізіне алған білімін талдау, педагогтың шығармашылық іс-әрекетінің дағдысы, білімді жеткізушілік әлеуеті, іс-әрекетке түсу жағдайы мен қабілеті, білім алушыларды оқытудағы ӛзіндік жобалау технологиялары, оқу-тәрбие үдерісінің логикалық құрылымы, пайда болған мәселелерді шеше білу мүмкіндігі, педагогикалық міндеттерді ӛздігінен мобильді түрде шешудің әдістерін, креативті ойлау, оның кәсіби және ӛзінің білімділігін кӛтеруге ықпал етеді.
Жоғары оқу орнында білім берудегі оқытушының тұлғалық компоненті оның кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінде кӛрініс береді. Педагогикалық іс-әрекет әлеуметтік, мәдени ӛсуімен сипатталады. Оқытушының әлеуметтік жағы педагогикалық іс-әрекетте шығармашылығының қалыптасу мәселесімен байланысты қарастырылатын педагогтың шығармашылық стилі болып табылады. Оқытушының шығармашылық стилі педагогикалық іс-әрекеттердің бірлігі мен іс-әрекеттердің құралдары, яғни оның тұтастай шығармашылығын қамтиды. Шығармашылық стиль ұғымы педагогтың ӛзіндік жұмысы, белсенділігі, креативтілігі, біліктілігі жауапкершілігімен байланысты болмақ.
Жоғары оқу орнында білім беруді қайта құруда білім алушылардың ӛзін-ӛзі жүзеге асыруына, коммуниткативтік құзыреттіліктерді меңгеруіне, оқыту үдерісіне шығармашылықпен, ізденіспен келуді қамтамасыз етеді. Ол үшін тьютордың сабаққа дайындығы да алдыңғы қатарға шығады, ӛйткені білім алушыларға әрбір пән бойынша берілетін білім мазмұнын меңгертуде оқытушының шығармашылық тапсырмаларды құруда креативтілігі, ол әрине білім алушылардың шығармашылық қабілетін, қиялын, коммунтикативтік рефлексиясын қалыптастыруға ықпал етуі тиіс. Педагогикалық міндетті пәндерде «іскерлік ойындар», «интервью», «тренинг», «шығармашылық топтық тапсырмалар», «презентациялар», «бейнетаспалар» және т.б. инновациялық технологияларды пайдалану арқылы білім алушылардың оң кӛзқарасын
қалыптастырып, жобалау мүмкіндіктерін дамытуға, рефлексияны, коммуникативтік дағдыларды жетілдіруге негіз болады.
Педагог әрбір тапсырманы ұсынған кезде оларды шығармашылықпен орындату арқылы мақсатқа жетуді кӛздейді. Тұлғалық-бағдарлы оқытуды жүзеге асыру үшін білім алушылардың мотивациясын тудыруға ықпал етіп, мақсатқа бағытталған ахуал туғыза білуі қажет. Сонда ғана оқыту үдерісінде инновациялық технологияларды қолдану арқылы тапсырмаларды орындату әдістемесі белгілі нәтижеге жетеді. Ӛйткені, тақырыптың мақсатына сәйкес шығармашылықпен сараланып алынған оқыту технологиялары білім
алушылардың жаңа материалды меңгерудегі ізденістері мен шығармашылықтарын дамытады.
Болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ақпараттық құралдардың қолданылу бағытына қарай түрлерін былайша жіктеуге болады:
78
Ақпараттық-анықтамалық басылымдар жалпы ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді. Бұларға энциклопедиялар, анықтамалықтар, сӛздіктер, хрестоматиялар, географиялық және астрономиялық атластар, нормативті-құқықтық және экономикалық жинақтар жатады. Олар белгілі бір курсқа, бағдарламаға, дидактикалық схемаға байланыссыз болады. Шығармашылық мақсаттағы және оқу бағдарламасының аясынан тыс оқу міндеттерін шешуде қосымша материал ретінде қолданылады.
Жалпымәдени сипаттағы электрондық басылымдар мәдени ортаны кеңейту мақсатына арналған. Бұларға әлемдегі мұражайлар бойынша виртуалды экскурсиялар; қалалар, елдер және құрылықтар бойынша саяхаттар; әлемдік мәдениеттің классикалық туындыларына, сәулет, кескіндеме, саз ӛнерлерінің
үздік үлгілеріне арналған басылымдар жатады. Мұндай электрондық басылымдардың мақсаты – оқушылардың барлығы үшін олардың дүниеге кӛзқарасын кеңейтуге, жалпы мәдениетін тәрбиелеуге тең мүмкіндіктер беру.
Осы типтегі электрондық басылымдардың бір тобын психологиялық-педагогикалық тәрбиелік қолдау кӛрсету мақсатындағы электрондық оқу басылымдары құрайды.
Оқыту үдерісіне қолдау кӛрсетуге және оны дамытуға арналған басылымдар белгілі бір оқу пәнінің бағдарламасы аясында жүйеленген материалдарды қамтитын электрондық оқу құралдары. Пән бойынша оқу бағдарламасында анықталған оқу мазмұнын меңгертуге арналады. Оқу қызметінің барлық түрлерін қамтиды: ақпараттарды алу; практикалық тапсырмаларды орындау арқылы белгілі бір білім, білік, дағдыларды қалыптастыру, дамыту, жетілдіру; білімді бақылау мен бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |