Мулдабекова Камчат Тулюгиновна АҚпараттық технологиялар арқылы болашақ мамандардың коммуникативтік қҦзыреттілігін қалыптастыру



бет28/63
Дата09.04.2022
өлшемі2,62 Mb.
#30449
түріДиссертация
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   63
Тыңдалым жаттығулары:
Тыңдалым кезінде білім алушылар шетел тілінде сӛйлемейді. Тыңдалым сӛйлеуге ең тиімді дайындық ретінде қарастырылады. Тыңдалымға ұсынылған жаттығулар үнтаспа, ауызша айтылып жазылғандискі, электрондық оқулықтарды пайдалану арқылы орындатылады. Бұл жаттығулар жүйесі ақпараттық құралдар арқылы тыңдатылып, сұрақтар қойылады, студенттер қойылған сұраққа түрлендіріп, жаңғыртып, ӛзгертіп жауап береді
Еліктеуіш (жай) қайталау жаттығулар. Бұл жаттығу ең қарапайым және ең оңай жаттығулардың бірі болып табылады. Тіл үйренушінің тарапынан ешқандай шығармашылықты талап етпейтін жаттығу түрі. Осы жаттығуды орындау барысында оқытушы бір сӛзді дауыстап айтады, ал тіл үйренуші бар болғаны естігеніндей етіп қайталайды. Жаңа сӛздерді бекітуде таптырмайтын жаттығу болып табылады. Оқытушы үлгі ретінде дауыстайды, тіл үйренушілер оқытушының айтқанын дәлме дәл қайталауы қажет. Бұл жаттығу үлкен, шағын топта, сыныппен, жеке тіл үйренушімен орындай алатын жаттығу түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет