Тыңдалымды жете меңгеру үшін қойылатын талаптар:
тыңдауға ұсынылатын мәтінде, әңгімеде, пікірде айтылатын басты ой түсінуге жеңіл болуы керек;
үннің ырғағы мен әуені дұрыс естілуі қажет;
88
тілді жақсы үйрену үшін, тыңдалым бірінші сабақтан бастап үздіксіз жүргізілуі тиіс;
оқушының тілге қатысты білімі мен дайындығы ескерілген жӛн;
тыңдалымға қатысты жұмыстардың бәрі бақылауға алынған дұрыс.
Тыңдалымды меңгерудің әдістемелік екі жолы бар: а) нақты кӛрініс арқылы; ә) кӛрнекілік арқылы. Үйренуші мен үйретушінің кӛзбе-кӛз, не бірін-бірі кӛрмей қарым-қатынаста болу ыңғайына қарай тыңдалым екі түрге бӛлінеді. Біріншісі, тура, тікелей тыңдалым, екіншісі, аралық тыңдалым.
Тыңдалым дағдысын қалыптастырудың мақсаты - тыңдалым дағдысын қалыптастыру - дегеніміз орташа жылдамдықта тіл иеленушінің сӛйлемін және сӛйлем құрылымы сақталмайтын жағдайларда түсіне білу қабілеті.
Тыңдалым дағдысын қалыптастырудың міндетіне тіл үйренушілерді тілді кәдімгі жағдайда тусінуге, тиісінше жауап қайтаруға уйрету бағдарламасы кіруі қажет.
Тыңдалым дағдысын қалыптастыру негізінен соңғысы алдыңғысына тәуелді бес құрамдас бӛліктен тұрады:
бірінші құрамдас бӛлікке: барлық дыбыстарды, дауыс ырғағы иірімдерді, екінші тілдегі дауыс сапасын ажырата алу және екі тілдегі ерекшеліктер мен ұқсастықтарды айыра білу қабілеті жатады;
екінші құрамдас бӛлікке: сӛйлеушінің берген бүкіл хабарламасын (мәліметті) ұғыну қабілеті жатады;
үшінші құрамдас бӛлікке: жадында мәліметті ӛңделген уақытқа дейін ұстай білу қабілеті жатады;
тӛртінші құрамдас бӛлікке: сӛйлеушінің айтқанын ұғып алу қабілеті жатады. Мәліметті тусіну, бұл екінші тілдегі мазмұнды талқылау қабілетімен мағыналас болып табылмайды;
бесінші құрамдас бӛлікке: екінші тілдегі мәліметті пайдалану немесе сақтай алу қабілеті жатады.
Тыңдалымның негізгі ережелер Морлидің тілді қабылдауға арналған және қолданылуын зерттеген
жұмысына негізделген, тыңдалым дағдысын қалыптастыруда жоғарғы дәрежеде жүйелі ақпарат болатын жетекші нұсқаулықтары қарастырылды. Олар оқыту барысында тыңдалым дағдысын қалыптастырудың негізгі қағидаттарымен қамтамасыз етеді.
тыңдалым сабақтарының айқын, мұқият жасалған мақсаттары болуы қажет. Бұл мақсаттар жалпы оқу бағдарламасына енгізілуі керек.
тыңдалым сабақтарының әр бӛлімін мұқият жоспарлау арқылы ұйымдастыру қажет. Автордың пікіріне сүйенсек, тыңдалым тапсырмаларының оңайдан қиынға ауысуы арқылы студенттерде тілдік тәжірбиелілік қалыптасады.
тыңдалым сабағының құрылымы белсенді ашық студенттердің қатысуын талап етеді. Морлидің айтуы бойынша, белсенді ашық студенттердің сабаққа қатысуы тыңдалым материалдарының кӛптеген жазбаша жауаптарына негіз болған. Осыған байланысты тікелей кері байланыстағы табыстылық
89
студенттердің қызығушылығын арттыруға ӛз септігін тигізеді және ынталандыру ӛте жоғары деңгейде сақталады.
тыңдалым сабақтары зейінді дамыту үшін есте сақтау коммуникативтік жеделділікті қамтамасыз етуі қажет. Бұл жеделділік консентрациямен бірге есте сақтаудың негізгі факторы, оқытушыдан емес сабақтан қалыптасу керек. Бұл әрекет тыңдалымнан бұрын студенттерге тыңдалатын материалға жазбаша тапсырма беру арқылы жасалады.
тыңдалым сабақтары зерделі есте сақтау жұмыстарына екпін жасауы қажет. Тыңдалымның негізгі мақсаттарының бірі студенттердің жадындағы бос кеңістіктерді болдырмау үшін олардың жедел жауап беруін күшейту болып табылады. Морли : «Тыңдалым ол қабылдау, ал қабылдау ойлауды талап етеді және ойлау зейінді талап етеді, бұл жерде тыңдалымды, ойлауды және зейінді бір-бірінен бӛлуге еш болмайды».
тыңдалым сабақтарының мақсаты тексеру емес үйрету болуы қажет [134]. Бұдан шығатын қорытынды студенттердің жауабын тексеру олармен кері
байланыс ретінде ғана яғни, студенттерге ӛздерінің қаншалықты дұрыс жауап бергенін және қаншалықты ілгері қадам жасағанын білу үшін қарастырылуы қажет. Тапсырмада тексерілу барысында жауаптың дұрыстығына байланысты ӛтті немесе ӛтпеді деген қарым-қатынас қарастырылмауы қажет.
Тыңдалымды ӛткізудегі әдістемелер және тапсырмалар.
Тӛмендегі тындалым сызбасы жүйелі және бірте-бірте тыңдалымды дамытудың негізгі қызметтерін баяндайды. Ағылшын тілін үйренушілердің тыңдалым сабағындажаттығуы қажет:
негізгі дыбыстардың, екпін және интонация иірімдерін ажыратуға;
ауызша тілдің түрлі ерекшеліктері қарастырылған қайта басылған тіл үйренушілерге таныс материалды тыңдауға;
тіл үйренушілерге таныс қысқа жүйеліліктен тұратын екі үш сӛйлемнен тұратын диалог, әңгіме тыңдауға;
ұзақ жүйелігі сақталған жоғарыдағыдай бӛлімдерге бӛлінбеген бағытталған тыңдалымды тыңдауға;
тіл үйренушілерге алдын ала қандай тапсырмаға назар аудару керек екендігі ескертілуі қажет. Мысалы сұрақтар немесе дұрыс/бұрыс сӛйлем тапсырмасын жасауға;
ұзақ жүйелілік сақталған тыңдалым. Бұл жолы назар аударатын тапсырмасы болмайды;
тіл үйренушілердің деңгейіне ғана бағытталмаған түрлі материалдарды тыңдау. Диалогтар, әңгімелер, қысқа қойылымдар және қысқа метражды фильмдер қолдануға болады;
кӛп мағлұматтан тұратын жаңа бюллетен немесе хабарлама сияқты материалдарды тыңдауға;
90
тіл иеленушілердің тіл үйренушіге таныс немесе қызықтыратын тақырыптарға арналған бейресми әңгімелерін тыңдауға; Аудиотаспаларды тыңдау мен фильмдерді кӛруге; Тіл үйренушілерге тыңдаудан бұрын арнайы жаттығулардың үлгілері мен мысалдары берілу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |