Мулдабекова Камчат Тулюгиновна АҚпараттық технологиялар арқылы болашақ мамандардың коммуникативтік қҦзыреттілігін қалыптастыру


«Ақпараттық технологиялар танымы» атты



бет47/63
Дата09.04.2022
өлшемі2,62 Mb.
#30449
түріДиссертация
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   63
Байланысты:
Muldabekova disss

«Ақпараттық технологиялар танымы» атты сауалнамаға 152 студенттің 76-і бақылау тобы, ал 76-і эксперимент топ ретінде қатысты. Олардың бақылау тобы бойынша 36% - «тӛмен, 43% -«орташа», 21%- жоғары» деңгейлерді кӛрсеткен. Ал, эксперимент тобы бойынша 34% - «тӛмен, 40% - «орташа», 26% - жоғары» деңгейлеріне ие болды. Бұл кӛрсеткіштердің диаграмма түріндегі бейнесін 10 – суреттен кӛруге болады.




50
45


40
35
30
25
20
15
10
5
0
Төмен Орта Жоғары

БТ
ЭТ


Сурет 5 - Бақылау және эксперименттік топтарында болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ақпараттық технологияларды пайдалану деңгейлерінің салыстырмалы пайыздық кӛрсеткіштері


Болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ақпараттық технологияларды пайдалану, олардың білімді меңгерудегі ізденімпаздығын білімге қызығушылығын арттырып, технология құралдарын (компьютерлер, телекоммуникация, мультимедиа технологиялары, электронды оқулықтар, бейнетаспалар, интерактивті тақта) пайдалану арқылы оқыту үдерісін шығармашылықпен ұйымдастыру қажет, сонда ғана әрбір білім алушының ақпараттық технологияларды пайдаланудағы кәсіби ӛсуіне мүмкіндік туғызылады.
Қалыптастыру экспериментінде «Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқыту әдістемесі» пәні бойынша жасалған арнайы курсқа жұмыс оқу бағдарламасы бойынша ұйымдастырылатын оқыту үдерісінде ақпараттық
118

технологияларды пайдалануға баса назар аударылды. Тәжірибелік эксперимент Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Педагогика және психология» факультетінің «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс студенттерімен жүргізілді.
Қалыптастыру экспериментінің бірінші кезеңі бұл зерттеудің ӛзектілігін және білім алушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыруда ақпараттық технологияларды қолдану қажеттілігін, сондай-ақ оқытудың тиісті әдістемесін жасау қажеттігін алға шығарады.
Қалыптастыру экспериментін жүргізу үшін алдымызда бірнеше міндеттершешуді кӛзделді:


  • білім алушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыруда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаның барлық мүмкіндіктерін қолдану саласындағы кәсіптік дайындығының деңгейін анықтау;




    • болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыруда ақпараттық технологияларды пайдалана отырып оқытылатын «Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқыту әдістемесі» атты элективті курс ретінде оқытуға ұсынылған әдістеменің тиімділігін тексеру;




        • білім алушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыруда ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде кәсіптік қолдануға электрондық оқулық қызметінің тиімділігін арттыруды негіздеуде студенттердің портфолиосын тексеру.

Осы міндеттерді шешу үшін білім алушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыруда ақпараттық технологияларды пайдалануға оқытушылар алдына тӛмендегідей талаптарқойылды:




      • білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ақпараттық технологияларды пайдаланудың мәнін түсініп, ақпараттық технологиялардың түрлерін саралай білу;




    • студенттердің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ақпараттық технологияларды пайдалануды жүзеге асыруға сабақта және студенттің ӛзіндік жұмысында орындайтын тапсырмаларды іріктеу;




    • болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ақпараттық технологиялардың түрлерін сабақтың мақсатына қарай саралау;




    • білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ақпараттық технологияларды пайдалануда әртүрлі тапсырмаларды ізденіспен шешуге жағдай жасай білу;




    • болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ақпараттық технологияларды пайдаланып ӛзінің порфолиосын құрғызу;

Болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ақпараттық технологияларды пайдалануға арналған тәжірибелік жұмысты жүргізуге арналған материалдар дайындалып, белгіленген тірек жоғары оқу орындарында экспериментке қойылатын оқу-әдістемелік кешеннің мазмұны талқыланып, тәжірибелік жұмысты жүргізетін оқытушылар, эксперимент және бақылау топтары белгіленді.


119

Қалыптастыру экспериментін жүргізу үшін білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ақпараттық технологияларды пайдалану педагогикалық пәндер бойынша қалыптастыру үшін жасалған арнайы жұмыс нәтижелері, қорытындылары кафедра мәжілісінде, әдістемелік бірлестіктің отырысында талқыланды. Білім алушылардың коммуникативтік


құзыреттілігін қалыптастыруда ақпараттық технологияларды пайдалану жұмыстары тӛмендегіше ұйымдастырылды:


  • тәжірибелік жұмыстар жүргізілетін топ студенттері мен оқытушылардың қызметінің нәтижесі бақылауға алынды;







  • тәжірибелік жұмыстың бағдарламасына сай болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда оқыту үдерісін ақпараттық технологияларды пайдаланып ұйымдастыру жӛнінде әдістемелік нұсқаулар дайындалды;




  • студенттердің СОӚЖ және СӚЖ ӛзіндік жұмыстарында ақпараттық-

технологиялардыпайдаланудың формалары, әдіс-тәсілдері таңдалып, тәжірибеге енгізілді.


Дәріс студенттердің ойына қозғау салудан басталады. Бұл тақырыпқа байланысты әңгіме жүргізіп, проблемалық сұрақтар қойып, оны бірнеше студенттен сұрау, мұндай жұмыс түрлері студенттерді оқуға деген қызығушылығын арттырады, зейіндерін оқу тапсырмаларына аударады.
Дәрістің барысы тек қана оның басталуынан ғана емес, сонымен бірге тақырыпқа, мақсатқа, дидактикалық міндеттерге және студенттердің дәріске
деген әзірлігі дәрежесіне, олардың құзыреттілік үдеріс арқылы ой ӛрісінің дамуына байланысты болады. «Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқыту әдістемесі» атты элективті курстағы пән негізінде ұйымдастырылған дәріс, СОӚЖ, СӚЖ жұмыстарында болашақ мамандардың коммуникативтік
құзыреттілігін қалыптастыруға басымдық берілген эксперименттік материалдарды ұсынуды жӛн кӛрдік.
Дәріс тақырыбы: Бастауыш сыныпта электронды оқулықтарды қолданудың әдістемесі
Дәріс мақсаты: Студенттерге оқыту үдерісінде электронды оқулықтарды
қолдану жолдарын кӛрсету

Дәріс жоспары:

1.Электрондық оқу құралдарының жіктелу жолдары.
3.Электронды оқулықты пайдаланудың жетістіктері мен кемшіліктері. Студенттердің АКТ туралы білімдері туралы сұрақтар 1.Электронды оқулық дегеніміз не?


  1. Оқу үрдісінде электронды оқулықты пайдалану сіз үшін тиімді ме? Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту

тұжырымдамасында бастауыш білім мазмұны баланың оқу іс-әрекетін білуге, оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын үйренуге, ӛзін-ӛзі шығармашылық тұрғыдан таныта білуге бағдарланады, сонысымен негізгі мектептің білім


120

мазмұнын меңгеруге база болатыны жазылған. 12 жылдық орта жалпы білім беру тұжырымдамасында бастауыш сатының негізгі мәні - ―оқушы мен мұғалімнің білім беру үрдісінің тең құқылы субъектілері ретінде ынтымақтастықпен жұмыс істеуіне арналған педагогикалық орта құрып, мұндай ортада оқушының қызығушылығын қанағаттандыруы мен айналадағы шындықты қоғам, адам, табиғат туралы бастапқы біліммен қарулануған оқушының түсініп, ойлап, қабылдауы, нәтижесінде оқу икемділігін игеруі‖,-деп атап кӛрсетілген.


«Оқытудың ақпараттық технологиясы» термині ғылымда ХХғ.-дың 40-50 жылдары пайда болған, оны Америкада ХХғ.-дың басында дидактиктер «оқуға арналған медиа» (instructional media), «оқыту машиналары» (teaching machines), «оқытуды автоматты түрде басқару» (programmed instruction) сияқты ұғымдармен атаған. Сол кезде «оқуға арналған медиа» ұғымы «қандай да болмасын хабарды демонстрациялау немесе тасымалдау, сақтауға арналған техникалық құралдар, технологиялар, т.б. жиынтығы» ретінде анықталған (В.М.Степанов, Г.Г.Мангазеева).
Білім беру жүйесіне ақпараттық технологияны енгізудің негізін С.Л.Прессеи қалаған. С.Прессеи оқыту машинасын жасап, оны «мұндай машина оқытудың таптырмайтын құралы, ӛйткені ол оқушының жеке бас ерекшеліктерін ескеріп жұмыс жасау режимін таңдай алады, оқушымен белсенді ӛзара қарым-қатынасты қамтамасыз етеді» деп есептеген. Оның идеясы екінші дүниежүзілік соғыста жоғары кәсіби мамандарды даярлауда іске асып, одан әрі дами түскен, ал «оқуға арналған медиа» термині «ақпараттық технологияға» алмастырылған. Сол кезде ақпараттық технология «ақпаратты электронды түрде жинау, ӛңдеу мен ұсынумен» байланыстырылып, техникалық жағынан ғана анықталды (Saetler P.), бірақ ол кездің зерттеушілері оның оқыту мүмкіндіктерін қарастырған жоқ (О.Ю.Скрябина).
ХХғ.-дың 50 жылдарының аяғында А.П.Ершов кеңес үкіметі кезінде алғашқылардың бірі болып мектепте информатиканы оқыту үшін компьютерлік техниканы пайдалану мәселелерін ғылыми зерттеуге кірісті. Ал, 60-жылдарының басында мектепте ақпараттық технологияны қолдану тұрғысында С.И.Шварцбурдтың жетекшілігімен басталған маңызды ғылыми жұмыс кеңінен танымал болды.
Оқыту технологиясын зерттеуге белгілі педагогтардан В.П.Беспалько, О.П.Околелов, Ж.А.Қараев, Г.Қ.Нұрғалиева, Ә.М.Мұханбетжанова және т.б. зор үлес қосты. Оқыту технологиясы – дидактикалық жүйенiң құрамдас, процессуалдық бӛлiгi.Бұл берілген анықтамаларға мазмұндық талдау оқытудың ақпараттық технологиясы (кейінгі жерде ақпараттық технология) үш тәсілмен анықталатынын кӛрсетеді. Алғашқысында оған ақпараттық ӛнімдерді жасау, тасымалдау, сақтау мен бейнелеуді аз шығынмен білдіретін түсінік және оқушының оқу іс-әрекеттері заңдылықтарына сәйкес мәліметтерді ӛңдеу тәсілдері (оқыту әдістері) ретінде мән беріледі. Екіншісінде оқыту жүйесіне енгізілген жаңа ақпараттық құралдар арқылы ұйымдастырылатын дидактикалық үрдіс ретінде қарау ұсынылады, үшіншісінде ақпараттық
121

технология басты орын алатын оқытудың анықталған техникалық ортасын құру туралы айтылады.


Қандай да болмасын оқулықоқушы үшін - білім кӛзі, икемділік, дағдыны қалыптастыру мен бекіту құралы, ол мұғалімге оқу материалының тереңдігі мен деңгейін оқушыларға ұсынатын оқу материалының логикасын нақтылауға, оқыту әдістемесін анықтауға мүмкіндік туғызады .


  1. Электрондық оқу құралында мәтіндік ақпарат ӛте ықшамдалып беріледі, себебі экраннан мәтінді ұзақ уақыт оқу кӛзді шаршатады, білімді қабылдау, меңгеруді әлсіретеді. Қаріптің ӛлшемі мен түрі, типі маңызды рӛл атқарады. Ал, бұл дәстүрлі оқулықта тек қарайтылған немесе асты сызылған түрде және ол ерекше жағдайда немесе қосымша мәтін үшін ғана беріледі. Электрондық құралда жекелеген сӛздерді немесе мәтін бӛліктерін, фонды айрықшалауға мүмкіндік бар, бұл кӛрнекілікті күшейтеді, басты нәрсеге назар аударады, басқа жағынан тым әсіреленген фон оқуға қиындық келтіруі де ықтимал.




  1. Ауқымды иллюстрациялық материалдарды қамтиды. И.И.Мархельдің сӛзімен айтқанда ―оқу құралын қарапайым оқулықпен салыстырғанда оқушының ойлау әрекетін белсендендіретін ...оқытудың практикалық кӛрнекілігін қамтамасыз ететін иллюстрациялық материалдардың кӛп мӛлшерін талап етеді‖. Сонымен қатар, иллюстрациялардың дидактикалық мәні ӛте жоғары. Түрлі түсті эффектілермен берілуі оқу құралын әрлендіре түседі және оқушының қабылдауына әсер етеді. Дәстүрлі оқулықта иллюстрация кӛбінесе ақ-қара түспен беріледі немесе шектеулі түстер палитрасы пайдаланылады.




  1. Бейне үзіктерді (видеофрагменттер) пайдалану үрдістер мен құбылыстарды динамикалық күйде тасымалдауға мүмкіндік береді. Файл мӛлшерінің үлкендігіне қарамастан оларды қолдану оқушылардың оқу материалын қабылдауы мен қызығушылығын тудырады, есту, кӛру мүшелерінің қатар жұмыстануына әсер етеді және соның салдарынан білім сапасы жақсарады.




  1. Электрондық оқу құралында аудиофрагменттерді қолдану ақпаратты үйреншікті беру тұрғысынан алғанда ықпалдастыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ, жаңа материалды қабылдауды, мидың есту орталығының жұмысын күшейтеді.




  1. Электрондық оқу құралында оқу материалының элементтеріне немесе

анықтамалықтарға, бақылау бағдарламаларына гиперсілтемелер пайдаланылады. Бұл қажетті объектіге кӛшуді тездетеді.




  1. Электрондық оқу құралында мәтіндік, графикалық немесе басқа материалдарды біріктірудің мәні зор. Ақпаратты қабылдау, біріктіру, талдау, есте сақтау шапшаңдығы, оқу ақпаратын меңгеру толықтығы оның беттегі (экрандағы) орнынан немесе тізбектілігіне тәуелді. Дәстүрлі оқулықтағыдай емес, электрондық оқу құралында кез келген жердегі астарлы бетке кӛшу арқылы мұндай қиындықтарды шешу мүмкіндігі туады.




  1. Электрондық оқу құралында оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі,

дамытушыоқытубағдарламалары,жаттықтырғышбағдарламалар,
122

хрестоматиялық оқу материалдары, әдістемелік нұсқаулар бірге қарастырылуы мүмкін.


Электронды оқулықтың құраушы элементтері мұғалім, оқушы, дидактикалық материалдар мен дербес компьютер. (Сызба 1) Осы элементтердің барлығы да бір-біріне ӛзара әсер ететін ақпараттар ағынымен байланысқан. Осы құрылымда алғашқы маңызды аспект ролін мұғалім мен оқушының компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз етуі, яғни олардың компьютермен және оның сыртқы құрылымдарымен жұмыс істей білу деңгейлері, компьютердің жалпы қызмет ету принциптерін түсінуі, осы жүйенің жалпы мүмкіндіктерін ұғынуы саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет