Екінші: 1-2 сағат уақыт өткеннен кейін сүзгіден 3 рет өткізіп аламыз. Осы кезде тұнба ұсақ тас және өсімдік қалдықтарынан тазартылады.
Үшінші: сүзгіден өткізіп алған қоймалжың сұйықты аздап отқа эмаль ыдысқа қыздырамыз. Өте қатты қайнатуға болмайды. Себебі, оның емдік қасиеттері нашарлайды.
Төртінші: қатты қыздыру барысында микроағзалар өледі.
Бесінші: тазартылған қоймалжың сұйықты таза, көлеңке жерге кептіреді.
Кептіру ережесі:
-міндетті түрде көлеңкеде;
-таза жерде;
-астына полиэтилен төсеніш салу;
-біртегіс болу;
-үстіне микроағза қонбайтын, жұқа, таза, ауа кіріп тұратын материал жауып қою;
-үздіксіз қадағалап тұру;
-кепкеннен кейін жинап алу;
-өлшеу және аурулардың түрлеріне қолдануға байланысты әртүрлі пішінді оқ дәрілер жасау.
Сауалнама:
Мектеп оқушыларынан 8-11 сыныптар арасында сауалнама алынды. Сауалнама алу мақсаты оқушылардың мумие өсімдігінің дәрілік қасиеті туралы білу қажеттілігі туындады.Мектеп оқушылары мумие тас майы туралы қаншалықты білетіндігің білу үшін 10-сұрақтан тұратын сауалнама алынды.
Мумие дегеніміз не?
Мумие туралы қайдан білесіз?
Мумие қандай аурауларға ем бола алады?
Мумиенің тас майы екенің білдіңіз бе?
Мумиені қалай қолдану керек екені туралы естіппедіңіз?
Мумиені қайдан алатының білесіз бе?
Мумиенің кері әсері туралы естуіңіз бар ма?
Мумиенің сақталу ережесі туралы естідіңіз бе?
Мумиенің жасау жолдарын білгіңіз келеді ме?
Мумиенің кептіру ережесін білесіз бе?
1-сұраққа 150 оқушының 117-і жауап берді
2-сұраққа 100-і оқушысы жауап берді
3-сұраққа 89-і жауап берді.
4-сұраққа 75-і кері байланыс жасады
5-сұраққа 69-і жауап берді
6-сұраққа 98-і жауап берді
7-сұраққа 63-і жауап берді
8-сұраққа 74-і жауап берді
9-сұраққа 150 жауап берді
10-сұраққа 25-і жауап берді
Қатысқан оқушылар саны: 150 оқушы қатысты.
Сауалнамадан алынған қорытынды бойынша жоғарыдай көрсетілген диаграмма көрсеткіші шықты. Қорытынды жасай отырып, мектеп оқушылары мумие-тас майының дәрілік қасиеттерін толықтай білмейтіндігіне көзім жетті. Табиғи өсімдіктердің шығу тарихы, оны қолдану әдістерін мектеп оқушылары көп біліп оқу керектігі анықтадым. «Ауру- көп, денсаулық -біреу» , демекші денсаулыққа табиғи өсімдіктердің пайдасы зор екендіктерін білу әрбір оқушының міндеті болмақ.
Қорытынды:
Тибет медицинасы мен халықтық медицинада мумиені кеңінен қолданады. Шығыс медицинасының даму құписын зерттеу арқылы адам денсаулығына қажетті құндылықтарды тереңдеп білдім.
Тас майы таулы жерлерде өте сирек кездеседі. Және емдік дәрісінің пайдасы 90% жүзеге асады деп айтуға болады.
Мумиенің жасалу жолын, пайдалану тәсілін біле отырып, оның бар ауруға мың да бір ем екендігін айта аламын. Қоршаған ортадағы емдік шөптерді, қасиеті жоғары заттарды (мумие) үнемі қорғау қажет.
Қазіргі адамдардың мумиені қолдану-қолданбауын білу үшін 30 адамнан «Мумие туралы не білесіз?» атты сауалнама алдым. Сауалнама нәтижесінде 15 адам біліп, 15-і білмейтін болды. Жиынтығы 50% де 50% болып шықты. Бұдан, мумиені қолданудың тиімділігі жақсы деген жауап алдым.
Сондықтын, мумиені дұрыс қолданып, қоршаған табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап жүрейік!
Ұсыныс:
Оқушыларға мумиенің емдік қасиеттері туралы түсіндіріліп, насихатталса.
Мумиеның маңыздылығын біліп, шаш,тырнақ күтіміне күнделікті пайдаланса;
Мумие туралы деректерді оқушылар терең оқып, білімдерін жетілдірсе.
Достарыңызбен бөлісу: |