Мумие – тас майының қасиеттерін зерттеу Секция: биология Дайындаған: «Әл-Фараби атындағы мектеп- гимназиясы»



бет2/7
Дата01.05.2023
өлшемі54,16 Kb.
#88691
1   2   3   4   5   6   7
Күтілетін нәтиже:
Оқушыларға зерттеу барысы арқылы мумие-тас майы туралы мәлімет бере отырып, адам денсаулығына маңыздылығын табиғи заңдылықтармен байланысын және пайдалы екендігін зерттеп, шығыс , халықтық медицина туралы түсіндіру барысында биологиялық білімдерін жетілдіру, мумиені шығарып алу жолдарын анықтау.
Кіріспе
Мумиe - Әр түрлі тaужыныcтap apacындaғы қуыcтapда нeкенcaяқтан acaтын қapa түстi немece қою қоңыp түстi майыспaлы зaт; 20-дaн астам заттардың (кальций, магний, натрий, темір, хром, қорғасын т.б.), парафинді сутектердің, белоктардың, көміpcулардың, aмин қышқылдapдың, мaй қышқылдapының, спирттердің т.с.с. азын-аулaқ мөлшерлерін бipiктіреді. Зaттapдан тұратын бөлігінің құрамында көмір (шамамен 50%) сутек (10%) ұшырacуы Мумиeлердің мұнаймен тектес зат екендігін көрсетеді. Синонимі — "тас майы".
Шығыс медицинасы былай дейді: «Ауру – бұл адам ағзасындағы ауытқу туралы белгі, сол себепті аурудың белгісін жоюмен емес, адам ағзасын қалыпқа келтірумен айналысу керек.» Жылаған баланың аузына емізік бергенше, оның жаялығын көру керек емес пе. Мысалы: энап, ренитек, адельфан дәрілерін ішіп, қан қысымын түсіргенмен, оның себебін жоймаймыз ғой. Бас ауырса анальгин, цитрамон іше салумен іс бітпейді, себебін іздеуге біздің жеңіл ойлауымыз жібермейді, болары болғанша басамыз.
Қытай елінде біздегі сияқты адамның әртүрлі ағзаларын емдеуге маманданған дәрігерлер жоқ. Оларда бүкіл адам денесі ауруларын емдейтін дәрігерлер жұмыс істейді. Сол себепті болу керек, оларда орташа өмір сүру жасы 92 жыл, бізде 57 жыл. Жүрек инфарктінен қайтыс болу – 3%, бізде – 37%.Осыған байланысты 1999 жылы Гарвард қаласында батыс пен шығыс медицинасын байланыстыратын Институт құрылды. Тек аурумен күресе берсең, бәрібір ауру жеңеді, ал организм қуатын қалыпқа түсірсең, ауру өзінен-өзі кейін шегінеді. Әртүрлі химиялық дәрілерді ойлап тауып қолдана бастағанда бұрын болмаған ауру түрлері туындайды. Бұған қарапайым антибиотиктердің шамасы келмейді. Бүгінде аутоиммунды жағдайлар, хламидиоздар, кандидоздар, СПИД, ең соңғы өкпе қабынуының атипті түрі пайда болып отыр. Сол себепті адам организмін экологиямен, химиямен, стресспен тоқтатпай, қалыпты өмір сүруіне жағдай жасауымыз керек.
Шығыс медицинасы біздің кешегі, бүгінгі және болашақтағы батыстық бағыттағы медицинамыздан түбірімен өзгеше. Ол организмдегі жүретін биохимиялық процесстерге араласпай, оның ауытқуларын организмнің өзіне түзеуіне ықпал етеді.
Шығыс медицинасының бірнеше бағыты бар:

  1. Рефлексотерапия

  2. Инемен емдеу

  3. Сауықтыру заттары

Тибет медицинасы – ИНЬ және ЯНЬ деген рухани және физикалық екі энергияның тепе-теңдігін сақтауға негізделген медицина. Адамдар көбіне тәнін емдейді. Ал рухани жағы, яғни, жаны ауырғанын қоймайды. Ал Тяньши препараты екі жағына бірдей әсер етеді. Қытай мемлекетінің ғылым Академиясы императорларға арналған Тибет медицинасы рецепттерін қайта қалпына келтіру жолын қарастырды. Осылайша Тяньши препараты пайда болып, ағзаға өзгеше әсер етуімен көзге түсті. 1992 жылы Қытай басшылары Мао Цзе Дун осы рецептті пайдаланған. Оның пайдасын тек император ордасы ғана көрген. 1995 жылдан бастап бүкіл әлемге таратыла бастады. Оны 1-нші Жапония, АҚШ, Австралия, Канада сатып алды. Бізге 23-нші болып қана жетті. Және бізде олардың препараттарына тең келер дәрі жоқ. Сол 16 препараттың 13-іне ВОЗ алтын медалі берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет