82
күтілетін нәтижелер, пеадгогикалық шарттар арқылы мазмұндалған [166].
Біздің
зерттеуімізде,
болашақ
ағылшын
тілі
мұғалімдерінің
коммуникативтік мәдениетін дамытудың моделі құраушы бөліктерге,
құрауушыларға, ішкі жүйелерге бөлінетін біртұтас жүйе ретінде қарастырылды.
Сонымен қатар, болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік
мәдениетін дамытудың теориялық-әдіснамалық тұғырлары мен ұстанымдарын
нақтылау, коммуникативтік мәдениеттінің мәні, құраушылардың мазмұндық
толықтырылуы; болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік
мәдениетін дамытуды ықпалды ұйымдастыру (кезеңдері, технологиялары,
әдістері, формалары); оның критерийлері мен көрсеткіштерін анықтау, оның
дамуының деңгейін бағалау үшін диагностикалық әдістемелерді іріктеуді,
оқыту бағдарламаларына түзетулер ендіруді қамтыды.
Алдымен, біз
болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік
мәдениетін
дамытудың
құрылымдық-мазмұндық
моделінің
мақсаты
анықталды.
Мақсат – маңызды педагогикалық категориялардың бірі. Ол адам іс-
әрекетінің тәсілдері мен сипатын анықтап, жүйе құрушы факторы сапасында,
түрлі элементтерді анықталған жүйеге кіріктіруші ретінде көрінеді. Мақсат
мазмұны көп жағдайда оның іске асырылуы, орталары шартымен анықталады.
Құрылған құрылымдық-мазмұндық модельдің
мақсаты -
болашақ ағылшын
тілі мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін дамыту.
Моделдің:
нақты мақсатқа бағытталуы – болашақ ағылшын тілі
мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін дамытумен; модельдің барлық
блоктары мен ішкі элементтері өзара байланысымен, әрі анықталған
мағынасымен,
нәтижеге
бағыттала
алуымен,
оның
тұтастығымен
ерекшеленеді. Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік
мәдениетін дамыту үшін ұсынылған модельдің әдіснамалық негізі 1.2-
тармақшада айқындалған тұғырларға негізделді.
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін
дамыту моделінің құраушыларын төмендегідей анықтадық (Сурет 6):
-
мoтивaциялық; -когнитивті; -мінез-құлықтық.
Достарыңызбен бөлісу: