101
субъектілердің бірлескен жұмыстан кейін өзара іс-қимылды болжау қабілетін
анықтайды. Біздің зерттеу проблемамызға байланысты
оқыту мақсаты – болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік
мәдениетін дамыту.
Білім беру
мазмұны - бұл білім, білік және дағды, шығармашылық іс-
әрекет тәжірибесі мен әлемге эмоциялық қарым-қатынас жүйесінің
педагогикалық бейімделуі, оны меңгеру тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді.
Кәсіби даярлықтың негізінде жатқан білім мазмұны кең мағынада мамандардың
кәсіби және жалпы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Білім беру мазмұны (жалпы, политехникалық, кәсіби) тұрақты өлшем
болып табылмайды. Ол ғылымның даму деңгейіне, болашақ мамандардың білім
беру дайындығының қажеттілігін және елдің әлеуметтік және экономикалық
дамуының келешегін ескере отырып, қоғамның әлеуметтік-экономикалық,
мәдени жағдайына байланысты өзгеріп отырады.
Қазіргі білім беру бағдарламасының құрылымына пәндерді іріктеуге әсер
ететін жоғары мектеп дидактикасының жетекші ұстанымы білім беру мазмұнын
іріктеудің ғылыми ұстанымы болып табылады. Біздің түсінігімізде, болашақ
ағлышын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін дамыту әдістемесін
жасақтау мақсатныда білім беру мазмұнын іріктеу, пәндерді құру ғылымилық
қағидатының жаңартылған түсінігіне сәйкес келуі тиіс (сурет 10).
Сурет 10 - Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік
мәдениетін дамыту мазмұнын айқындау құрылымы
Білім беру мазмұны мемлекеттік құжаттармен және оқу-әдістемелік
кешендермен бекітіледі. Бұл оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, оқулықтар,
құралдар және т.б. сондай-ақ, осы орайда, білім трансферіне назар аудару
Білім. Олардың түрлерінің жиынтығы оқушылардың қоршаған орта
туралы жалпы түсінігін қалыптастыруға, оны қажетті іс-әрекетке және т.
б. бағдарлауға ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: