Мутанова динара юлдашбаевна



Pdf көрінісі
бет38/68
Дата24.05.2022
өлшемі2,26 Mb.
#35442
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   68
Байланысты:
Dissertation Mutanova.pdf Мәдениетаралық-коммуникативті құзіреттілік

Пәннiң (мoдульдiң) aтaуы 
Кpeдитi 
ҚP/ECTS 
Ceмecтp 
Әлеуметтік-коммуникативтік модуль 
ТК 
Тұлғааралық коммуникация психологиясы 
2/3 
IV 
Ағылшын тіліндегі шешендік өнер 
3/5 
VІ 
Коммуникативті мәдениет 
2/3 
VIІ 
оқу пәні. Әр семестрге ЖОО кафедралары ұсынатын элективті оқу пәндерінің 
барлық тізбесінен студент оның мүдделеріне жауап беретін немесе міндетті 
түрде тереңірек оқуға көмектесетін пәндерді таңдайды.
Осылайша, барлық оқу жылына студенттің жеке оқу жоспарында 
бекітілген Жеке оқу траекториясын дербес құру мүмкіндігі іске асырылады. 
Элективтік курсты таңдау кезінде көптеген факторлар әрекет етеді: шұғылдық 
(маңызды істер); әлеуметтік орта (айналасындағылар мақұлдап, құптайды); 
басқа адамдардың өз ой пікірлері; терең және ағымдағы құндылықтар (адам 
ұзақ мерзімді немесе жақын болашақта маңызды деп санайтын); іргелі және аз 
мезеттік қажеттіліктер, өзін-өзі тану және т.б.. 
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін 
дамыту дағы элективтік курстардың мақсаты – бейіндеу элементтері бар 
коммуникативтік 
мәденитеке 
бағыттылыққа 
баса 
назар 
аудару, 
коммуникативтік мәдениетті дамыту бойынша білімдерін тереңдету және 
кеңейту.


103 
Элективті курстардың алдында келесі міндеттер қойылады: 
- базалық немесе бейінді оқу курсын оның мазмұнын кеңейтетін және 
тереңдететін материалмен толықтыру; 
- базалық немесе бейіндік оқу курсының бір бағытының мазмұнын дамыту, 
бұл таңдалған пәнге деген қызығушылықты қолдауға мүмкіндік береді; 
- студенттердің өзін-өзі белсендіруге дайындығын, мамандық бойынша 
келесі пәндерді белсенді зерделеуді, сондай-ақ жаңа әлеуметтік-экономикалық 
жағдайлардағы болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік 
мәдениетінің жеткілікті дамуына ықпал ету; 
- жұмыс берушілерінің сұраныстарына жауап беру, бұл болашақ 
мұғалімдерді жұмысқа орналастыру мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. 
Бұл ретте элективті пәндер мазмұны жоғары кәсіптік білім беру 
мемлекеттік білім беру стандартының міндетті компонентінен базалық 
пәндердің мазмұнын қайталамауы тиіс. 
ЖОО-да элективті пәндердің келесі түрлері бар: 
- білімгерлерге базалық немесе кәсіби курстың қандай да бір бөлімін 
немесе бөлімдерін егжей-тегжейлі зерттеуге көмектесетін «тереңдететін» 
курстар; 
- жалпы ой-өрісін дамытуға, білімгерлердің мәдени деңгейін арттыруға, 
біздің зерттеу проблемамызға байланысты, коммуникативтік мәдениетін
дамытуға бағытталған «жалпы мәдени» курстар; 
- таңдалған мамандықты терең меңгеруге көмектесетін «бағдарлы» 
курстар.
Элективті 
курстың 
мазмұнын 
таңдауда 
морфологиялық 
және 
функционалды талдауды қолдану керек. Морфологиялық талдау барысында 
бірінші кезеңде элективті курстың пәндік мазмұнының жалпыадамзаттық 
құндылықтар, ғылыми, кәсіби және құзыреттілік тұрғысынан базистік 
курстардың мазмұнымен өзара байланысы анықталады. Келесі кезеңде 
оқылатын нысандар, үдерістер мен құбылыстардың сипаттамасын, олардың 
сапалы түсіндірілуін қамтамасыз ететін оқу мазмұнының қызметіне талдау 
жүргізіледі. Кез-келген элективті курсты әзірлеу кәсіби білім беру мазмұнын 
іске асыру логикасына сәйкес келуі тиіс. Бұл: 
- дидактикалық жазықтыққа (дидактикалық трансформация) ауысуға 
жататын коммуникативтік мәдениет саласындағы ақпаратты жүйелеу, «базалық 
ядро» анықтау. Негізгі міндет- коммуникативтік мәдениетті
дамытуға арналған пән қандай және қандай көлемде болу керектігін анықтау.
- мақсатты 
болжау, оқытудың мақсатты жобасын құру. Кезең 
мақсаттардың дидактикалық талдауын (соңғы өнім туралы алғашқы түсінік) 
және мақсатты жобаны құруды (қажетті өнімді алудың кепілдігін қамтамасыз 
ететін іске асырудың қажетті шарттарын белгілеуді) қамтиды. Мұнда 
маманның моделі анық көрінуі керек. 
- кәсіби қызметтің мазмұнын дидактикалық нысандарға айналдыру. Бұл 
кезеңдегі жұмыс ғылыми мазмұнды дидактикалық нысандарға айналдыруды 
білдіреді. Бұл үдеріс оқыту материалын талдау, жинақтау, іріктеу, 


104 
дидактикалық қысқарту және сапалы түзету жолымен жүзеге асырылады. 
Ғылыми таным әдістері мен формалары мен оқу коммуникациясының 
құралдары, ғылым жүйесі мен оқу пәндерінің құрылымы арасындағы 
қатынастар құрылады. 
- курсты оқыту технологиясын жобалау. 
Элективті курстардың, бөлімдердің және жекелеген тақырыптар мен оқыту 
технологияларының оқу мазмұнын анықтау кезінде келесі жағдайларды ескеру 
қажет: пәндік; білімнің логикалық құраушысы, білімнің психологиялық 
құраушысы. 
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін 
дамыту 
мақсатында 
элективтік 
курс 
мазмұнын 
қалыптастырудың 
педагогикалық үдерісі бес деңгейде жүзеге асырылады. 
Біріншісі-жалпы теориялық көрініс деңгейі. Білім беру мазмұны бұл 
деңгейде оның педагогикалық түсініктемесіндегі әлеуметтік тәжірибенің 
құрамы (элементтері), құрылымы (элементтер арасындағы байланыстары) және 
функциялары туралы түсінік ретінде әрекет етеді. 
Келесі деңгей - оқу пәнінің деңгейі. Мұнда нені үйрету керек деген түсінік 
нақты түрге ие болады. Білімгердің өз оқу іс-әрекеті барысында игеруі тиіс 
практикалық тәжірибенің үзіктері көрсетіледі. 
Үшінші деңгей - оқу материалының деңгейі - бірінші деңгейде белгіленген 
және екінші деңгейде әзірленетін пән үшін ерекше нысанда ұсынылған мазмұн 
элементтері толтырылады. 
Төртінші деңгейде оқытушы мен білімгердің бірлескен және жеке оқу 
жұмыстарын іске асыру. 
Соңғы, бесінші деңгейде білім беру мазмұны оқу нәтижесі ретінде әрекет 
етеді,ол білім алушының іс-әрекетінің нәтижесі мен жеке басының игілігіне 
айналады. Бұл барлық жұмыстың нәтижесі. 
Оқытудың әдістері мен түрлері оқытуды мамандандыру талаптарымен, 
тұлғаны дамыту және өзін-өзі дамыту мүмкіндігімен анықталады, білімгердің 
дайындық деңгейі ескеріледі. Осыған байланысты элективті курстарды зерттеу 
әдістемесінің негізгі басымдықтары мынадай: біртұтас дүниетанымның 
қалыптасуына ықпал ететін пәнаралық кірігу; тәжірибе мен ынтымақтастық 
арқылы оқыту; интербелсенділік(кіші топтарда жұмыс істеу, рөлдік ойындар, 
кейстер арқылы оқыту, тренингтер, жобалар әдісі); білімгерлердің жеке 
ерекшеліктері мен қажеттіліктерін есепке алу; тұлғалық-іс-әрекет және 
субъект-субъектілік тәсіл (білімгер тұлғасы мен мамандық ерекшеліктеріне 
назар аудару, оқытушы мен білімгердің тең құқылы өзара іс-қимылы). 
Элективті курстың әдістемесі пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрініс 
табады: курс бағдарламасы және тақырыптық жоспар, оқу құралы немесе 
дәрістер конспектісі баспа және басқа формада, оқытушыға арналған 
әдістемелік нұсқаулар, өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар және т.б.. 
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін 
дамыту мақсатында элективтік «Коммуникативтік мәдениет» пәнін оқыту іске 
асырылды.


105 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет