Мутанова динара юлдашбаевна



Pdf көрінісі
бет17/68
Дата24.05.2022
өлшемі2,26 Mb.
#35442
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68
Байланысты:
Dissertation Mutanova.pdf Мәдениетаралық-коммуникативті құзіреттілік

Ұлыбританияның Білім министрлігінің ресми сайтында ұсынылған 
ақпаратқа сәйкес, болашақ шетел тілдері мұғалімдерін даярлау көптеген 
университеттерінде, соның ішінде гуманитарлық ЖОО-да жүргізіледі.
Шетел тілдерін оқыту бойынша бакалавр дәрежесін «Лингвистика» және
«Білім» бағыттары бойынша алуға болады. Бұл екі бағдарламаның 
айырмашылығы - лингвистикалық білім беру тіл білімі саласында өзінің кәсіби 
қызметін адам қызметінің түрлі салаларында, соның ішінде шетел тілдерін 
оқыта алатын мамандарды дайындайды. «Білім» бағыты таңдалған 
бағдарламаға байланысты әртүрлі деңгейдегі мұғалімдерді даярлауға 
бағытталған. 


36 
Ұлыбританияның білім министрлігі болашақ білікті мұғалімдер үшін 
(QTS) ең төменгі талаптар ұсынылған, олар: пәндік білім, білік пен дағды, 
тұлғалық, кәсіби өсу және даму, сондай-ақ оларға қойылатын талаптар кіреді. 
Ұлыбританияда мұғалімдерді даярлау жүйесінің ерекшелігі - мұғалім 
мамандығын алу үшін білім беру бағыттарының көп болуы. Қазіргі уақытта 
жоғары педагогикалық білім алу үшін университеттік Біліктіліктің жеті негізгі 
бағдарламасы бар. 
1. Педагогика бакалавры дәрежесі (Bachelor of Education) - пәндік 
мамандандыруға бағытталған және бастауыш сынып мұғалімдерін даярлайтын 
университет жанындағы педагогикалық колледжде төрт жылдық оқу курсы. 
2. Үздік немесе үздік емес педагогика бакалавры дәрежесін алу үшін үш 
жылдық толық оқу курсы. Ол 6 пәнді оқытып, пәндік мамандануға нақты 
бағдар береді. Гуманитарлық ғылымдар бакалавры (Bachelor of Arts) немесе 
білікті мұғалім (Qualified Teacher Status) мәртебесі бар және белгілі бір 
мамандануы бар жаратылыстану ғылымдары бакалавры (Bachelor of Science) 
дәрежесі қосымша оқу жылынан кейін берілуі мүмкін. 
3. Педагогика бакалавры дәрежесін алу үшін қысқартылған екі жылдық 
оқыту курсы. Ол елдегі мұғалімдердің жетіспеушілігі бар пәндер бойынша орта 
мектеп мұғалімдерін даярлауды ұсынады. 
4. Гуманитарлық ғылымдар бакалавры немесе білікті мұғалім мәртебесі 
бар жаратылыстану ғылымдары бакалавры (Qualified Teacher Status) дәрежесін 
алу үшін үш/төрт жылдық толық курс. Пән бойынша мамандануға баса назар 
аударылады; мектептегі жұмыс тәжірибесі курс соңында жүзеге асырылады, 
сондықтан олар мұғалім мамандығына сәйкес келмейді деп түсінген студенттер 
педагогикалық курстан бас тарта алады және өз білімін аяқтай алады. 
5. Университеттің педагогикалық факультетінде дипломнан кейінгі білім 
беру сертификаты (Postgraduate Certificate in Education). Курстың ұзақтығы бір 
жылды құрайды, оқыту гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының 
бакалавры дәрежесін алғаннан кейін жүзеге асырылады. Көбінесе бұл курс орта 
мектеп мұғалімін даярлауға бағытталған. 
6. Дипломнан кейінгі оқыту сертификатын алуға арналған екі жылдық 
кешкі-сырттай курс (Two-year part-time PGCE). Педагогтердің жетіспеушілігі 
байқалатын пәндердің шектеулі саны зерделенеді. Курс негізінен толық курс 
бағдарламасы бойынша оқуға мүмкіндігі жоқ студенттерге арналған. 
7. Мамандану ауысуымен байланысты дипломнан кейінгі оқыту 
сертификатын алу үшін екі жылдық толық курс (Two-year full-time subject 
conversion PGCEcourses). Курс оның мамандану пәні болып табылмайтын пәнді 
оқытғысы келетіндерге арналған.
Бұдан басқа, 1990 жылдан бастап педагогикалық білімге қол жеткізу және 
еңбек нарығында педагогтердің өткір тапшылығын еңсеру мақсатында білікті 
мұғалім мәртебесін алуға әкелетін баламалы білім беру бағдарламалары 
әзірленіп, енгізілді. Олардың ішінде: 1994 жылдан бастап мұғалімдерді даярлау 
жөніндегі мектеп консорциумдары (school-based teacher education consortiums) 
іске асыратын және орта оқу орындарын педагогикалық білім беруге кеңінен 


37 
тарту үрдісін көрсететін мектептер (School Centered Initial Teacher Training) 
негізінде мұғалімдерді даярлау бағдарламалары (school Centered Initial Teacher 
Training).; 2000 жылдан бері білікті мұғалімдерге арналған «жылдам бағыт» 
(The Fast Trackprogrammes) бағдарламалары. Оқытудың бір жылдық 
тереңдетілген курсының мақсаты әлеуетті ұйымдастырушылар мен білім беру 
әкімшілерін даярлау болып табылады; кәсіби қызметтен қол үзбей мұғалімдерді 
даярлау бағдарламасы (Employment-based routes) пәндік салада жақсы базалық 
дайындығы бар 24 жастан асқан ересектер үшін әзірленген. Оқыту нәтижелері 
Шотландияда жеке сертификаттауды талап етеді; шетелде білім алған және 
мектепте жұмыс істейтін мұғалімдерге арналған бағдарлама (The Overseas 
Trained Teacher Programme). 
Қазіргі уақытта қазіргі Ресейде жоғары оқу орындары болашақ ағылшын 
тілі мұғалімдерін 44.03.01 «Педагогикалық білім беру» мамандығының «Шетел 
тілі» бағыты бойынша даярлайды. Оқу мерзімі 4 жыл. Бакалавр деңгейін 
бітіруші түлектердің магистратура мен аспирантурада білім жалғастыруға 
мүмкіндіктері бар. 
44.03.01 – «Педагогикалық білім беру (бакалавриат деңгейі)» дайындық 
бағыты бойынша жоғары білім берудің негізгі Кәсіптік білім беру 
бағдарламасы, «Шетел тілі» бағыты жоғары білім берудің тиісті бағыты 
бойынша федералдық мемлекеттік білім беру стандарты негізінде еңбек 
нарығының талаптарын ескере отырып, университет әзірлеген оқу-әдістемелік 
құжаттар жүйесі болып табылады [107]. 
Негізгі Кәсіптік білім беру бағдарламасы (ББ) білім беру үдерісін іске 
асырудың мақсаттарын, жоспарланған нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен 
технологияларын, бітірушінің дайындық сапасын бағалауды реттейді және 
оған: білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы, күнтізбелік оқу кестесі, 
оқу жоспары, пәндердің (модульдердің) жұмыс бағдарламалары, практикалар, 
бағалау құралдарының қорлары және білім алушыларды даярлау сапасын 
қамтамасыз ететін басқа да материалдар, сондай-ақ пайдаланылатын білім беру 
технологияларын іске асыруды қамтамасыз ететін әдістемелік материалдар 
кіреді. 
44.03.01 Педагогикалық білім беру, бейіні – Шетел тілі (бакалавриат 
деңгейі) бағыты бойынша білім беру бағдаралмасының көлемі білім беру 
бағдарламасын меңгеру кезінде білім алушының оқу жүктемесінің еңбек 
сыйымдылығы ретінде анықталады және факультативтік пәндердің көлемін
қоспағанда, 240 сынақ бірлігін құрайды. 
Осы бағытта бакалаврлардың кәсіби қызмет саласы лингвистикалық білім 
беруді, тіларалық қарым-қатынасты, мәдениетаралық коммуникацияны, 
лингвистиканы және жаңа ақпараттық технологияларды қамтиды. 
Шетел тілдері бойынша педагогика бакалавры кәсіби қызметті келесі 
мекемелер мен ұйымдарда жүзеге асыра алады: әр түрлі үлгідегі білім беру 
мекемелері; әлеуметтік және мәдени ұйымдар; аударма бюролары, ұйымдар 
мен фирмалар; жоғары оқу орындарының магистратурасында, сондай-ақ 
шетелде білім беруді жалғастыру. Бакалаврлардың кәсіби қызметінің


38 
объектілері: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ағарту; білім беру жүйесі. 
Болашақ шетел тілі мұғалімдеріның кәсіби қызмет түрлеріне сәйкес келесі 
кәсіби міндеттерді шешуге дайын болулары тиіс:
- педагогикалық қызмет саласында: 
- білім 
беру саласындағы білім алушылардың мүмкіндіктерін, 
қажеттіліктерін, жетістіктерін зерттеу және алынған нәтижелер негізінде 
оларды оқытудың, тәрбиелеудің, дамытудың жеке бағыттарын жобалау; 
- білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін және пән 
саласының ерекшелігін көрсететін технологияларды пайдалана отырып, білім 
беру саласында оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру; 
- кәсіби қызметтегі міндеттерді шешу үшін қоғамдық және білім беру 
ұйымдарымен, балалар ұжымдарымен және ата-аналармен өзара іс-қимылды 
ұйымдастыру; 
- білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін, оның ішінде ақпараттық 
технологияларды қолдана отырып, білім беру ортасының мүмкіндіктерін 
пайдалану; 
- кәсіби өздігінен білім алу және тұлғалық өсуді жүзеге асыру, әрі қарай 
білім беру бағыты мен кәсіби мансапты жобалау. 
44.03.01 Педагогикалық білім беру, Шетел тілі бағыты бойынша бітіруші 
түлек келесі жалпы мәдени құзыреттерге ие болуы тиіс: 
- ғылыми дүниетанымды қалыптастыру үшін философиялық және 
әлеуметтік-гуманитарлық білім негіздерін пайдалану қабілеті; 
- патриотизмді және азаматтық ұстанымды қалыптастыру үшін тарихи 
дамудың негізгі кезеңдері мен заңдылықтарын талдау қабілеті; 
- қазіргі ақпараттық кеңістікте бағдарлау үшін жаратылыстану-ғылыми 
және математикалық білімді қолдану қабілеті; 
- тұлғааралық және мәдениетаралық өзара іс-қимыл міндеттерін шешу 
үшін орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысанда коммуникацияға 
қабілеттілік; 
- командада жұмыс істеу қабілеті, әлеуметтік, мәдени және тұлғалық 
айырмашылықтарды толерантты қабылдау; 
- өзін-өзі ұйымдастыруға және өздігінен білім алуға қабілетті; 
- түрлі қызмет салаларында базалық құқықтық білімді қолдану қабілеті; 
- толық қызметті қамтамасыз ететін дене дайындығы деңгейін қолдауға 
дайындық; 
- төтенше жағдайлар кезінде алғашқы көмек тәсілдерін, қорғау
әдістерін пайдалану қабілеті. 
Бакалавриат бағдарламасының түлегі келесі жалпы кәсіби құзыреттерге ие 
болуы керек: 
- өзінің болашақ мамандығының әлеуметтік маңыздылығын ұғынуға, 
кәсіби қызметті жүзеге асыруға ынталандыруға; 
- білім алушылардың әлеуметтік, жас, психофизикалық және жеке 
ерекшеліктерін, оның ішінде ерекше білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, 
оқытуды, тәрбиелеуді және дамытуды жүзеге асыру қабілеті; 


39 
- оқу-тәрбие үдерісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу; 
- білім беру саласының нормативтік-құқықтық құжаттарына сәйкес кәсіби 
қызметке дайындықтың болуы; 
- кәсіби этика және сөйлеу мәдениеті негіздерін меңгеру; 
- білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге 
дайындығы. 
«Академиялық 
бакалавр» 
біліктілігі 
берілген 
бакалавриат 
бағдарламасының түлегі бакалавриат бағдарламасы бағытталған кәсіби қызмет 
түріне сәйкес келетін кәсіби құзыреттілікке ие болуы тиіс: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет