50
біліктіліктің ең жоғары нәтиже беруі үшін тұлғаның қандай қасиеттеріне ие
болу керек екенін анықтаумен байланысты міндеттер шешіледі.
Өз кезегінде, оқушылардың XXI ғасырдың жоғарыда көрсетілген
дағдыларын қалыптастыру мен дамыту мұғалімнің, оның ішінде ағылшын тілі
пәнінің мұғаліміне де тікелей қатысты. Осылайша, болашақ ағылшын тілі
мұғалімдерін кәсіби даярлауда осы жағдайларды ескеру және оны болашақ
мұғалімдерді оқыту жағына оқушылардың белгіленген дағдыларын
қалыптастыруға ықпал ететін болашақ кәсіби қызметте әдістер мен құралдарды
қолдануға бағыттау қажет.
Адам қызметінің барлық салаларында ақпараттың рөлін күшейту, оның
көлемін арттыру және ақпаратты үнемі жаңарту, қоғамды жылдам
ақпараттандыру, АКТ құралдарының білім беру процесіне ену серпіні, жаңа
білім беру стандарттарының, бағдарламалардың пайда болуы, мемлекет пен
қоғам мұғалімдерге қоятын қазіргі заманғы талаптар, информатика рөлінің
ғылым ретінде және оқу пәні ретінде өзгеруі болашақ мұғалімінің кәсіби
даярлығын қайта қарау және жетілдіру қажеттілігін негіздейді, әлемдік
тәжірибеде қоғамның дамуына орта мектеп мұғалімінің үлесі шешуші рөл
атқарады [127].
Бүгінгі таңда болашақ мұғалімдерді даярлау сапасын арттырудың маңызы
зор. Бұл әлемнің тез өзгеретін бейнесіне, жаппай жаһандануға және білім беруді
жылдам ақпараттандыруға, әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге, мемлекет пен
қазіргі қоғамның мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарына негізделеді.
Педагогикада «кәсіби дайындық» ұғымы оқытудың барлық жылы бойы білім
алушының өмір сүруін жан-жақты мақсатты ұйымдастыру ретінде
түсіндіріледі, оның кәсіби дайындығын бағдарламалық қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңда бұл кәсіби және тұлғалық құзыреттіліктің белгілі бір деңгейін
меңгеруді болжайтын тұлғаның кәсіби өзін-өзі анықтауы мен өзін-өзі дамыту
процесі [128].
Жоғары білім берудегі оқыту мазмұны:
Достарыңызбен бөлісу: