Мутанова динара юлдашбаевна



Pdf көрінісі
бет26/68
Дата24.05.2022
өлшемі2,26 Mb.
#35442
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68
Байланысты:
Dissertation Mutanova.pdf Мәдениетаралық-коммуникативті құзіреттілік

Модельдеу бір немесе бірнеше үлгіні бақылағаннан кейін көрініс беретін 
мінез-құлықтық, танымдық, аффективтік өзгерістерді білдіреді. Модельдерді 
жасау үшін адам «материалдардың» екі түрін қолданады – сананың өзі және 
қоршаған материалдық әлем құралдары, сондықтан модельдер абстрактілі 
(мінсіз) және пәндік (нақты, заттық) болып бөлінеді. Модельдеудің түрлері 
қолданылатын модельдер мен оларды қолдану аясына байланысты әртүрлі 
болып келеді. Егер модель мен модельдеуші нысан бірдей физикалық 
табиғатқа ие болса, онда физикалық моделдеу туралы айтады. Модельдерді 
таңбалық моделдеу кезінде сызбалар, формулалар және т. б. қызмет етеді.
Абстрактілі модельдер ойлаудың, сананың құралдарымен құрылған бірегей 
құрастырылым болып табылады. Модель, модельдеу түсініктеріне сүйене 
отырып, болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін 
дамыту моделін құруды қарастырайық. 
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін 
дамытудың бірыңғай нақты құрылымдық-мазмұндық моделін күрделі мәселе. 
Себебі, модельдеу нақты зерттеудің міндеттеріне байланысты бағдарланады.
Педагог ғалымдар тарапынан бүгінгі күнге дейін жоғары білім беру 
ұйымдарында болашақ мамандардың коммуникативтік мәдениетін дамытудың 
бірнеше модельдері жасалған. В.П.Сморчкова коммуникативтік мәдениетті 
қалыптастыу моделін «әлеуметтік педагогтың кәсіби даярлығының жалпы 
жүйесіндегі ажырамас, бірақ салыстырмалы дербес элемент болып табылатын 
педагогикалық жүйе ретінде анықталады және тұжырымдамалық, мақсаттық, 
мазмұндық, ұйымдастырушылық, технологиялық, диагностикалық және 
нәтижелік құраушылардың біртұтас бірлігі» деп анықтайды [158].
И.Л.Берегова 
[159] 
коммуникативті-іс-әрекет, 
жеке-бағытталған, 
интегралдық тәсілдер негізінде құрылған студенттердің коммуникативтік 
мәдениетін дамыту моделін ұсынған. Ұсынылған модель келесілерді қамтиды: 
болжамдық кезең (мақсатты және әдіснамалық құраушылар), практикалық 
кезең (ұйымдастырушылық-іс-әрекеттік құраушылар), диагностикалық кезең 
(бағалау құраушысы), қорытынды кезең (нәтижелік құраушы). И.Ю.Елькина 
педагогикалық мамандықтар студенттерінің коммуникативтік мәдениетінің 
негізгі құраушысы ретінде тұлғалық коммуникативтік сапаларын дамытудың 
моделінде тұлғалық, когнитивтік, мотивациялық және технологиялық 
құраушыларды 
қарастырды 
[160]. 
С.Н.Бирюкова, 
оқытушылар 
мен 
студенттердің ынтымақтастық ұстанымына негізделген студенттердің 
коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру моделін ұсынады, бұл модель 
тұлғаның тұтас дамуына, белсенді сөйлеу қызметінің практикалық дағдыларын, 
жалпы мәдениет пен кәсіби коммуникацияға бағытталған [161].


81 
В.Е.Акинтьева [162] коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру төрт 
блокты қамтитын моделін ұсынған: - мақсаттық блок (бітірушілердің 
білімділігіне қойылатын мемлекеттік талаптар); - мазмұндық-іс жүргізу блогы 
(коммуникативті мәдениетті қалыптастыру әдістері, формалары, құралдары); - 
ұйымдастырушылық іс-әрекет блогы (педагогикалық жағдайлар кешені); -
бақылау-бағалау 
блогы 
(оқытушының 
коммуникативтік 
мәдениетті 
қалыптастыру барысын бақылауы және білім алушылардың өзін-өзі бағалауы).
Л.А.Аухадеева ұсынған коммуникативтік мәдениеттің теориялық моделі
келесі құрылымдық элементтерден тұрады: «гуманистік бағыттылық; 
аксиологиялық әлеует; акмеологиялық интенция; жеке-іс-әрекеттік өзін-өзі 
ұйымдастыру және шығармашылық өзін-өзі дамыту; коммуникативтік 
технологиялық құралдар» [163]. А.М.Боровицкий коммуникативтік мәдениетін 
қалыптастыру моделін келсі құраушылар арқылы анықтады: мотивациялық-
құндылық, когнитивтік, іс-әрекеттік, рефлексивтік [164]. 
Коммуникативтік мәдениет оның құрылымдық құраушыларын анықтауды 
талап етеді. Е. И. Мычко коммуникативті мәдениетті қарастыру аспектілеріне 
сүйене отырып, коммуникативтік мәдениетті қалыптастыру деңгейін келесі 
құраушылар арқылы ұсынады: 1. Мотивациялық-құндылық құраушы. 
Коммуникативтік мәдениет тек білімді ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік 
өзін-өзі айқындауға дайын тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
Педагогтің құндылықтық бағдарының мазмұны біздің көзқарасымызша 
қоғамның құндылықтық векторлары жүйесімен күрт қарама-қайшылыққа 
түспеуі тиіс. Адамның қандай құндылықтарға бағытталғанына байланысты біз 
оның әлеуметтік жетілу деңгейін бағалай аламыз. 2. Мазмұнды құраушы. 
Коммуникативтік мәдениеттің ақпараттық аспектісі қоғамның жүйе ретінде 
тұрақтылығын қамтамасыз ететін және қарым-қатынас процесінде адамдардың 
өзара түсіністігі мен өзара іс-қимылына ықпал ететін әлеуметтік маңызы бар 
ақпараттың мазмұнын қарастыруға мүмкіндік береді. Коммуникативтік 
мәдениет қарым-қатынастың ақпараттық құрылымында бағдар ала білуге 
негізделген. 3.Практикалық құраушы. Коммуникативтік тәжірибені алу басқа 
адамдармен қарым-қатынас кезінде және коммуникативтік ақпаратты меңгеру 
арқылы жүзеге асырылады. Бұл процесс педагогикалық үлгілер арқылы жүзеге 
асырылады. Педагогикалық модельдер жеке тұлғаның даралығына бағытталған. 
А.Н.Попов болашақ инженерлердің кәсіби-коммуникативтік мәдениетін оқу 
дискурстары ортасында қалыптастырудың құрылымдық-функциональдық 
моделін ұсынды. Автордың ұсынған моделі мәдени тұғырға, кәсіби және 
динамикалық тепе-теңдік идеяларына негізделген, әрі өзара байланысқан 
келесідей құрылымдық блоктармен мазмұндалған: тұжырымдамалық-
мақсаттық, мазмұндық, нәтижелік. Аксиологиялық, диалогтық, кәсіби 
бағыттылық, коммуникативтік әріптестік, тұлғалық-мағыналық ұстанымдар 
аясында қарастырылған [165]. 
К.М.Тилиев болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің коммуникативтік 
мәдениетін қалыптастыру моделін ұсынды. Автор ұсынған модель мақсат, 
кезеңдер міндеттері, мазмұны, ұйымдастыру формалары, іске асыру құралдары,


82 
күтілетін нәтижелер, пеадгогикалық шарттар арқылы мазмұндалған [166]. 
Біздің 
зерттеуімізде, 
болашақ 
ағылшын 
тілі 
мұғалімдерінің 
коммуникативтік мәдениетін дамытудың моделі құраушы бөліктерге, 
құрауушыларға, ішкі жүйелерге бөлінетін біртұтас жүйе ретінде қарастырылды. 
Сонымен қатар, болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік 
мәдениетін дамытудың теориялық-әдіснамалық тұғырлары мен ұстанымдарын 
нақтылау, коммуникативтік мәдениеттінің мәні, құраушылардың мазмұндық 
толықтырылуы; болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік 
мәдениетін дамытуды ықпалды ұйымдастыру (кезеңдері, технологиялары, 
әдістері, формалары); оның критерийлері мен көрсеткіштерін анықтау, оның 
дамуының деңгейін бағалау үшін диагностикалық әдістемелерді іріктеуді, 
оқыту бағдарламаларына түзетулер ендіруді қамтыды.
Алдымен, біз болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік 
мәдениетін 
дамытудың 
құрылымдық-мазмұндық 
моделінің 
мақсаты 
анықталды.
Мақсат – маңызды педагогикалық категориялардың бірі. Ол адам іс-
әрекетінің тәсілдері мен сипатын анықтап, жүйе құрушы факторы сапасында, 
түрлі элементтерді анықталған жүйеге кіріктіруші ретінде көрінеді. Мақсат 
мазмұны көп жағдайда оның іске асырылуы, орталары шартымен анықталады. 
Құрылған құрылымдық-мазмұндық модельдің мақсаты - болашақ ағылшын 
тілі мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін дамыту. 
Моделдің: нақты мақсатқа бағытталуы – болашақ ағылшын тілі 
мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін дамытумен; модельдің барлық 
блоктары мен ішкі элементтері өзара байланысымен, әрі анықталған 
мағынасымен, 
нәтижеге 
бағыттала 
алуымен, 
оның 
тұтастығымен 
ерекшеленеді. Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік 
мәдениетін дамыту үшін ұсынылған модельдің әдіснамалық негізі 1.2-
тармақшада айқындалған тұғырларға негізделді.
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін
дамыту моделінің құраушыларын төмендегідей анықтадық (Сурет 6): 
мoтивaциялық; -когнитивті; -мінез-құлықтық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет