Мутанова динара юлдашбаевна



Pdf көрінісі
бет29/68
Дата24.05.2022
өлшемі2,26 Mb.
#35442
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68
Байланысты:
Dissertation Mutanova.pdf Мәдениетаралық-коммуникативті құзіреттілік

Когнитивтік құраушы болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің психология, 
педагогика, 
әдістеме, 
коммуникативтік 
мәдениет 
бойынша 
білімін 
ұйымдастыру, алған теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануын көрсетеді, 
білімнің тереңдігі мен күшін, сонымен қатар, мұғалімінің білімі, тіл байлығы 
мен түсінігін сипаттайды, әлеуметтік ортада (жоғары мектеп) өзінің жеке 
қасиетін, ақыл-ойын және қабілеттерін дамытады. Болашақ ағылшын тілі 
мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениет құрылымындағы когнитивті 
құраушы, олардың кәсіби қызмет саласындағы идеяларын, коммуникациялық 
үдерістің табиғатын, құрылымы мен ерекшеліктерін, кәсіби қарым-қатынас 
мәдениетін, коммуникативтік этика және кәсіби этикет туралы білім деңгейін 
біріктіреді. Сонымен қатар, білім алушылардың коммуникативтік мәдениет 
туралы білімдері, қарым-қатынастың вербальды және вербальды емес құралдарын 
қамтиды. 
Мінез-құлықтың құраушы - ерікті құраушы, ол адамның мінез-құлқын 
бақылайтын қабілетімен анықталады. Яғни, теорияға сәйкес мінез-құлық 
құраушысы коммуникативтік стильдердің қалыптасуы мен қарым-қатынас 
нормаларын дамыту дәрежесі бойынша, адамдар арасындағы қарым-қатынасты 
реттейтін адамның белгілі этикалық ережелерінің болуы арқылы бағалануы 
керек. Болашақ ағылшын тілі мұғалімдері үшін коммуникативтік мәдениет 
қоршаған ортамен тиісті қарым-қатынас орнатуды көздейді. Білімгер 
әлеуметтік қарым-қатынастың белгілі бір ережелерінен хабардар болуы қажет. 
Білімгердің оңтайлы әлеуметтенуі оған эмпатияны дамытуды талап етеді, 
сондай- ақ сыпайы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады. Аталған 
құраушы болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің өзін-өзі дамытудағы әрекетті 
өздігінен айқындауы, белсенді іс-әрекетте коммуникативтік мәдениетті 
қолдана білуінен көрінеді.
Жүргізілген 
талдау, 
болашақ 
ағылшын 
тілі 
мұғалімдерінің 
коммуникативтік мәдениетін дамыту үшін мақсат қоюдан бастап, алынған 
нәтижелерді талдауға дейінгі бүкіл үдерістерді тұрғызуға ықпал ететін 
субъектілік қасиеттерінің коммуникативті болуымен сипатталады. Келесі 
кезекте, біз болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін 
құраушыларының көрсеткіштері мен өлшемдерін қарастырамыз. 


85 
Көптеген әдебиеттерде, «өлшем» және «көрсеткіш» ұғымдарының анық, 
біркелкі анықтамасы берілмеген. В.М.Монаховтың пікірі бойынша, «өлшем» - 
бұл белгі, оның негізінде шынайы педагогикалық құбылысты, сапаны немесе 
үрдісті эталонмен салыстыруға, бағалауға болады деп түсіндірген [167]. 
Ш.Т.Таубаева: «Өлшем – білім алушыларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту, 
қалыптастыруда жеткен жетістіктердің белгіленуін салыстыратын ғылыми 
негізделген эталондар көрсеткіші болып табылады, ал көрсеткіш – тұлғаның 
даму үдерісін сипаттайтын деңгейі, оның оқытылуы, тәрбиелілігі, визуальды 
бақылануы және білім алушының тәжірибесінде қалыптасқан білімі, дағдысы, 
іскерлігі, тәртібінің белгіленген мөлшерде жүзеге асырылуы», – деген анықтама 
берген. Демек, өлшем – зерттеу объектісінің жағдайы, дамуы және қызмет ету 
деңгейі жайлы көрініс беретін оның сапалары, қасиеттері мен белгілері болып 
табылады. Ал, көрсеткіштер зерттеу объектісінің әр сапасы, қасиеті, белгісінің 
қалыптасу деңгейінің сандық және сапалық сипаттамалары, яғни критерийдің 
қалыптасу өлшемін көрсетеді. Сонымен, өлшемдер көрсеткіштермен 
анықталуы керек, олардың белгісі бойынша критерий көрінісінің түсіндіріледі.
Зерттеу мәселесі бойынша, жоғарыда аталған әдебиеттерді теориялық 
талдау негізінде, коммуникативтік әлеуеттің өлшемдері мен көрсеткіштері 
жайлы ғалымдардың әртүрлі көзқарастарын біріктіру негізінде және 1.1. 
бөлімде қарастырылған коммуникация және мәдениет жайлы анықтамаларға 
оның құрылымына сүйене отырып, болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің 
коммуникативтік 
мәдениетінің 
өлшемдері 
анықталды, 
әр 
өлшем 
коммуникативтік мәдениеттің көрсеткіштерімен нақтыланды. Коммуникативтік 
мәдениеттің өлшемі коммуникативтік іс-әрекет үрдісінде болашақ ағылшын 
тілі мұғалімдерінің коммуникативтік әлеуетін жүзеге асыруда өзіндік 
маңыздылықты анықтауға, олардың мазмұнын айқындауға көмектеседі.
Бiз болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің кoммуникaтивтiк мәдениетін 
дамытудың көрсеткіштері мен өлшемдерін 7-кестеге сәйкес жасақталды 
(кесте 7). 
Мoдeльдiң әpбip құраушысы үшiн бaғaлaу кpитepийлepi жacaлды жәнe 
коммуникативтік мәдениетті дамытудың дeңгeйлepi aнықтaлды.
Болашақ 
ағылшын 
тілі 
мұғалімінде 
коммуникативтік 
мәдениеттің 
қалыптасуының жоғары деңгейі қарым-қатынаста барысында балаларға деген 
сүйіспеншілікке, құрмет сезіміне, ар-намысы мен қадір-қасиетіне негізделген өз 
кәсіби позициясына ие білімгерлерде басым болады; оларда педагогикалық 
қарым-қатынас, оның ерекшеліктері, ұйымдастыру мәдениеті туралы кешенді 
түсінік қалыптасқан; педагогикалық қарым-қатынаста мұғалімнің жеке 
тұлғасына қойылатын талаптар ұғынылады және сақталады; сөйлеу 
мәдениетінің, коммуникативтік төзімділіктің, коммуникативтік, интерактивті 
және перцептивтік қабілеттерінің, іскерліктері мен дағдыларының жоғары 
деңгейі бойынша педагогикалық қарым-қатынаста өзін-өзі тану мен өзін-өзі 
сынауға жоғары қабілетке ие, өйткені оны жүзеге асыру жолдарын жақсы 
түсінеді; жеке және кәсіби өзін-өзі жетілдірудің дербес модельденген 
бағдарламасын тәжірибеде жүзеге асыруға қабілетті; мұғалім қызметіндегі 


86 
Кесте 7. Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін 
дамыту құраушыларының қaлыптacуы көрсеткіштері мен өлшемдері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет