Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»



бет17/68
Дата19.06.2023
өлшемі1,09 Mb.
#102324
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68
Музыканың өзі туралы білімі
Балаға музыкалық білім бергенде ұстанатын ең бірінші мәселе - сол музыканың өзін таныту. Баланың музыкалық білімі бар ма соған ден қойған дұрыс. Оның музыкалық әсер ету қоры ұлғайған сайын, соғұрлым музыка әлеміне жақындай түседі. Сондықтан оқушының дабыстық-есту қорына халықтық, академиялық, рухани, қазіргі жаңа үлгідегі музыкалырдың барлығы кіргені жөн.


Музыка туралы білім
Музыка туралы білім баланың музыка әлеміне енуі үшін өте қажет және де ол музыканы танытатын бірден-бір құралы болып табылады. Музыка туралы білімнің ішіндегі ең бастысы – музыка теориясының білімі. Бұл негізінен дыбыстық, жанрлық, музыка өнерінің стилдін негіздерін қоса қамтиды.
Музыка өнеріндегі дыбыс ырғағы табиғатын білу – оқушының музыкалық білім алудағы басты және негізгі білімі болып табылады. Музыкалық дыбыс ырғағын айқындаушы, бейнелеуші болуы мүмкін; сөйлеу ырғағымен ортақтағы және айырмашылық қасиеті де бар; онда шығарманың өн бойындағы сезімдік-бейнелеушілік (эмоционально-художественный) сәулеленуі де көрініс береді.
Музыкалық жанр туралы білім оқушыларды музыканың әлеуметтік мәнін және оның қоғамда өмір сүру формаларын танып-білуге қалыптастырады. Музыка жанрларын оқыту ауқымына ән, би, марш және күй, опера, балет, симфония, концерт, соната, романс, прелюдия, ноктюрн, баллада, сюита және тағы басқа музыка өнерінің, халықтық музыка өнерінің негізгі жанрлары түгел қамтылады. Баланың әртүрлі жанрларды біліп-тануы музыка өнері мен оның жеке өмірлік тәжірибесі арасындағы байланысты нығайтады, жандандырады.


5.3 Музыкалық икемділік пен дағдылар
Қазіргі кезде музыкалық білім беру педагогикасында икемділік пен дағды арасында көптеген айырмашылықтар бар дейтін көзқарастар үстемдік етуде.


Музыкалық икемділік
Музыкалық икемділік музыка туралы білімге сүйенеді және де ол музыканы тірідей қабылдау процесінде қалыптасады. Яғни бұл жағдайда, музыкалық сабақ үстінде икемділіктің екі тобы қалыптасады.
Оның біріншісі – нақты бір музыкалық қызметтің түріне тән және оның табиғатына сай келетін икемділік:
а) Тыңдау (қабылдау) әрекетінің икемділігі:
- музыкалық дыбыс ырғағын қабылдау, тыңдаған шығарманың мазмұнына сезіммен үн қосу;
- музыканы тыңдағаннан кейін туындаған өзінің көңіл-күйіне, сезіміне, жасын ішкі жан-дүниесіндегі өзгерістерге сипаттама беру;
- тыңдаған шығармаға вербальді (ауызша, сөзбен) немесе вербальсіз (сурет, пластика т.б.) сипаттама беру, яғни шығарманың бейнелі-сезімдік мазмұнына, музыкалық айшықтылығына, олардың өзара байланысына, музыкалық драмасының даму үрдісіне, оның дыбыстық ырғағына, жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сиаттама;
- тыңдаған шығарманың және сол автордың басқа да музыкалық шығармаларының, өзге композиторлар туындыларының, өнердің басқа түрлерінің бір-бірімен ұқсастығын және өзгешелігін табу.
ә) Музыкалық орындаушылық әрекетінде жоғарыда айтылған икемділіктердің барлығы өз ерекшеліктерін сақтайды, сонымен қатар, сол тыңдаған шығарманы өз орындауында іске асыру барысында (әнмен, музыкалық аспаптарда ойнағанда, би қимылымен) басқа да жаңа икемділіктер пайда болады. Оған жататындар:
- шығарманы өзінің орындауымен (жеке дауыста ән салғанда, бимен, музыкалық аспапта) түсіндіру әрекетінде ең алдымен интуитивті, содан кейін белгілі бір жағдайда түсініп орындау керек;
- бір шығарманың өзі ұсынған әр түрлі нұсқаларын (варианты) орындау керек;
- әр түрлі музыкалық талдауларды салыстырып ішіндегі ең жақсы нұсқасын таңдау керек;
- таңдаған нұсқаның сапасын өз орындауында көрсете білу керек.
б) Музыкалық-копозициалық шығармашылықтағы икемділік – ұсынған параметр бойынша ырғақты, әуез-ырғақты, синтаксистік, жанрлы-стильдік, фактуралық және тағы басқа үлгілер арқылы музыка шығару (жазу).
Екінші топқа жататын икемділік - өзіне жақын немесе жан-дүниесіне қарама-қарсы музыканың әсерімен бұрынғы алған арнайы білімінің арқасында және рефлективті (сыртқы әсер арқылы пайда болатын) тәжірибесі негізінде өзінің психологиялық хал-күйін реттеу.
Бұл икемділік музыкалық білім беру теориясында алғаш рет еңгізіліп отыр. Сондықтан да, оның әлі де болса қалыптасып, дамуына біраз уақыт қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет