Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»


VI ТАРАУ МУЗЫКАЛЫҚ ӘРЕКЕТТІҢ ТҮРЛЕРІ



бет19/68
Дата19.06.2023
өлшемі1,09 Mb.
#102324
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   68
VI ТАРАУ
МУЗЫКАЛЫҚ ӘРЕКЕТТІҢ ТҮРЛЕРІ


6.1 Музыкалық әрекет түрлерінің жалпы сипаттамасы
Отандық музыкалық білім беру педагогикасы оқушылардың музыкалық әрекеттің түрлеріне мыналарды жатқызады: музыка тыңдау, хормен ән салу, музыкалық аспаптарда ойнау, музыка әуенімен қимылдау, балалардың музыка шығаруы (балалардың музыкалық шығармашылығы). Бұл аталғандар дәстүрлі музыкалық әрекеттер делініп жүр. Сондықтан болар бұл әрекеттерді балаларды музыкаға жақындатудың формалары деп шартты түрде белгілейді.
Соңғы жылдары қалыптаса бастаған көзқарас бойынша шынайы музыкалық әрекеттерге композитордың, орындаушының, тыңдаушының әрекеттерін жатқызады.
Қазіргі кезде әбден сұрыпталған бырақ әлі де талқылауларды қажет ететін оқушылардың төмендегідей музыкалық әрекеттерін атауға болады:
- Ең алдымен, бұған жататыны, әрине: музыка тыңдау; оны орындау: вокалды, хормен, жеке дауыста, музыкалық аспаптарда; музыка жазу сияқты барлық түрлерін қамтитын оқушының жеке музыкалық әрекеті;
- Музыкалық-теориялық әрекеті;
- Өткен, қазіргі музыкалырдың жай-күйінен мағлұмат беретін, оқушылардың музыка туралы білімінің танымдық жағын арттыратын музыкалық-тарихи әрекеті;
- Музыкалық хабарлар (білімпаз) көпбейнелі әрекеті;
- Жинама түрдегі музыкалық әрекет.


6.2 Жеке музыкалық әрекет
Музыка тыңдаудың негізгі мақсаты оқушының музыканы тыңдай білу, қабылдау мәдениетін қалыптастыру. Бұл деп отырғанымыз ең алдымен:
а) Жинақталған тәжірибе бойынша халықтық, классикалық, қазіргі отандық және шетелдік көркемдігі жоғары музыка үлгілерімен қатынас орнату.
ә) Музыка өнерінің жанры, стилі, формасы жайында бұрыннан жинақталған білімге сүйене отырып музыканың мағаналы-көркемдік мазмұнына терең бойлап, сезіммен қабылдай білу керек.
б) Тыңдаушылық әрекетке қажеттілік туғызу немесе осы әрекетке деген сұраным.
Оқушылардың тыңдаушылық мәдениетін ұйымдастыру кезінде музыка өнерінің мәні мен мазмұнын түсіндіретін әртүрлі жолдары болатынын ескеру керек.
1 – түсінік, музыканы ақиқаттың бейнелі формада сәулеленуді деп қарау.
2 – түсінік, музыкалық мән-мағанасы сол музыканың өзінен көрінуі тиіс.
3 – түсінік, әрбір бала музыканы тыңдай отырып, оны өзінше қабылдайды. Қабылдау нысанына тыңдап отырған шығарманың эмоциогендік ырғағы кіреді. Эмоциогендік ырғақ деп отырғанымыз - өз сезімін жеткізе білетін, композитордың көңіл-күйі және ерік-жігері сияқты экспрессивтік маңызды мәселелер.
Қорыта келгенде, оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастырудағы тыңдаушылық әрекеті дегенде ең алдымен оның танымдық әрекетін айтуымыз керек. Бұл баланы музыкалық білім алуының негізінде жалпы танымдық әрекетін дамыту арқылы музыка өнеріне, музыка әлеміне еркін енуіне жағдай жасайды. Музыка туралы білім алу үрдісінде музыканы басқа да әрекеттері кең түрде қамтылады. Бұл кезде музыканың ырғақтық-бейнелі табиғаты туралы білім, музыкалың жанрлық-стилдік көпқырлығы, сондай-ақ, музыкалық шығармалар туралы нақты білім, композиторлар, орындаушылар туралы жалпы жинақталған тағы да көптеген музыка жайындағы таным-түсініктерді оқушыларға танытып оларға музыканың бай мүмкіншілігі туралы білім беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет