8.3 Оқушылардың өздігінен білім алуы Оқушылардың өздігінен алатын білімі өз бетімен, жеке шығармашылық жұмысы болып табылады.
Оқушылардың музыкалық өздігінен білім алуы екі аспектіде жүзеге асырылады:
пән мұғалімі жетекшілігімен музыкалық сабақтарда өткізілген материалдарды өздігінен игеруге бағытталған жұмыс;
педагог-музыканттың жетекшілігімен іске асырылатын мазмұны белгілі музыка сабағының шеңберінен асып түсіп жатқан сабақтарды игеруге бағытталған жұмыстар.
Оқушылардың өздігінен білім алуы мынадай бағыттарда жүргізіледі:
оқушылардың өздігінен жұмыс істеуі үшін музыкалық әр түрлі бұлақтарды (музыка жайлы кітаптар, анықтамалықтар, газет-журналдар т.б.) қолдана білуі керек;