Музыкалық қимыл – қозғалыс. Музыканы әр түрлі қимыл-қозғалыстарға бейімдеп, оның әр ырғағына сай немесе ұжымдық би өнері арқылы музыканың құдіретін сезіну.
Музыкалық шығармаларды драмалау.Музыканы театрландырылған музыкалы-шығармашылық оқыту іс-әректімен көрсету: ән – билерді сахналау.
Бастауыш сынып бітіретін түлектерді дайындау деңгейінің талаптары Музыканы оқу барысында оқушы білуге тиіс:
Қазақтың дәстүрлі музыкасының негізгі жанрларын: салт-дәстүр әндерді (жарапазан, жар-жар, тойбастар, беташар, сынсу, жоқтау), халықтық лирика-тұрмыстық стиліндегі әндерді (қара өлең) есту арқылы тани білу;