бір іс-әрекеттің екіншісіне көше білуі сияқты т.б. жұмыстар жүргізу.
Ерекше айта кететін бір жағдай, осы айтып отырған әрекет яғни музыка сабағын ұйымдастыру белгілі бір дайын үлгіге көне бермейді. Сабақты ұйымдастыру әрекеттері міндетті түрде варианттылықты талап етеді.
Музыка мұғалімінің коммуникативтік - ұйымдастырушылық әрекетінің педагогикалық талаптарының өнімділігі мынада:
мұғалімнің балалардың нақты мүмкіншіліктерін білуі;
музыкалық сабақтарда мұғалім мен оқушылар арасындағы ашық әңгімелесу;
оқып отырған музыкалық материалдардың қиындық деңгейінеқарай сабақты жеңіл әрі тартымды өткізу тәсілдерін қарастыру т.б.
9.4 Зерттеушілік әрекеті Әрбір музыка пәні мұғалім өз жандүниесінде – зерттеуші. Оқушынаң қаблеттілігін, бейімділігін, дағдысын, қажеттілігін, қызығушылығын, музыкалық жағынан дамуын қалыптастыруда мұғалім осының бәрін де ізденіп, зерттеуші ретінде көрінеді. Музыка мұғалімінің зерттеушілік әрекеті төмендегі мәселелерді шешуге бағытталады:
- музыкалық білім беру процесінде оқушының шығармашылық тұлғасының қалыптасуын және іс-әрекетін зерттеу;
- музыкалық тәрбие беру, оқыту, дамытудың мазмұнын жетілдіру;
- өзін - өзі кәсіби шыңдау.
Болашақ музыка пәні мұғалімінің зерттеушілік әрекеті оның кәсіби деңгейінің, шығармашылық жетілуінің жеке жалпы тұлғалық қалыптасуының әсер ететінін ерекше айтуымыз керек.