Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»


Музыкалық білім беруді жүзеге асырудағы музыкалық өнердің қызметі



бет5/68
Дата19.06.2023
өлшемі1,09 Mb.
#102324
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
165959 (1)

2.1 Музыкалық білім беруді жүзеге асырудағы музыкалық өнердің қызметі
Сәби алғаш дүниеге келгеннен бастап музыканың сиқырлы күшіне бөленеді, ол оның ішкі жан-дүниесіне бойлай еніп, әсер етеді.
Музыкамен қарым-қатынас жасау, бір жағынан жеке тұлғаның рухани дамуын, өзіндік өрістеуін жақсартса, екіншіден, музыкалық қызметтің ұжымдық түрі (хормен және ансамбль құрамында ән айту, бірлескен музыкалық ансамбльде ойнау т.б.) оқушылардың музыкалық-шығармашылық қызметінің дамып, қалыптасуын қамтамасыз етеді, оларды музыканы ұжымдық түрде сезініп, жақындастыра түседі.
Музыкалық білім беру жүйесі (тәрбие, оқыту, дамыту) оқушының эстетикалық сезімін, көркемділікті, әсемдікті сезініп, түйсінуін өнер мен қоршаған ортаның бір-бірімен үйлесімділігін арқылы эстетикалық ләззат алуына жағдай жасайды.
Музыка өнерінің өзіне тән қоғамдық қызметі бар. Ол қызмет жас ұрпаққа музыкалық тәрбие беріп, оқыту барысында анықталады.
В.Н.Холопова ол қызметтерді былайша жіктеп көрсетеді: коммуникативтік қызмет, ақиқат болымыстың бейнелену қызметі, этикалық, эстетикалық, қағидалық (каноническую), эвристикалық, танымдық-ағартушылық және қоғамдық-өзгертушілік.
Музыкалық білім беруде бұл қызметтер бір жағынан өзге де қоғамдық қызметтермен бірлесе әрекет етсе, екіншіден орардың өзіндік бағыт-бағдарымен ерекшеліктері бар.


Коммуникативтік қызметі
Д.Д.Шостаковичтің сөзімен айтқанда: «Суреткер бір адамның ішкі сезімін миллиондаған адамға жеткізе алады және де бүкіл адамзаттың жан дүниесін бір адам ашып бере алады». Бұдан музыканың коммуникативтік қызметі мүмкіншілігінің жоғары деңгейін көреміз. Өкінішке орай, осы қызметтің бар мүмкіншілігі педагогикалық практикада толық қолданылмай келеді (В.Н.Холопова).


Ақиқат болмыстың бейнелеу қызметі
В.Н.Холопова музыкадағы ақиқат болымысты бейнелеу қызметінің үш аспектісін ашып көрсетеді: идеялардың бейнелеуі, сезімнің бейнелеуі, заттар әлемінің бейнелеуі.
Білім беру процесінде бұлардың барлығы біртұтас мазмұнда көрінеді. Әсіресе, оқышылардың жас ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, музыка сабақтарында өнердегі ақиқат болымысты бейнелеу қызметіне ерекше көңіл бөлініп, түсіндіріледі.
Бастауыш сыныптардағы оқушылар ең алдымен музыкада бейнеленген адамның ішкі сезімін және өздерін қоршаған ортаның бейнесін сезуі керек. Ал жоғарғы сыныптарда музыкадағы көркемдік идеялардың бейнелеуін ашып көрсетуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет