«Музыканың қарапайым теориясы» пәні бойынша Ұлттық біліктілік тестілеуге арналған тест спецификациясы



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата11.06.2023
өлшемі133,45 Kb.
#100441
1   2   3   4
 
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы: 
Ноталық жазба: Ноталық жазу жүйесі. «Соль», «фа» кілттері. Дыбыстың белгілемесі. Диез, 
бемоль альтерация таңбалары. 
Музыкалық дыбыс. Музыкалық дыбыс қатарлары: Музыкалық дыбыстың сапасы мен 
қасиеті. Дыбыс қатарлар. Дыбыс қатардағы сатылардың әріптік және буындық атаулары. 
Гамма. Тон, жарты тон. Октавалық жүйе. Кілт алдындағы және кездейсоқ альтерация 
таңбалары. Дыбыстар энгармонизмі. 
Лад. Тоналдік. Халық музыкасының ладтары: Лад. Лад сатылары, олардың атауы. Ладтың 
тұрақты және тұрақсыз, басты және жанама сатылары. Тоналдік туралы түсінік. Мажор мен 
минордың тондық құрылымы. Мажор мен минордың түрлері. Параллелді, аттас тоналдіктер. 
Квинталық шеңбер. Халық музыкасының ладтары. Пентатоника. 


Ырғақ: Ұзақтықтардың белгілемелері. Ұзақтықтарды бөлудің негізгі түрлері. Музыкадағы 
үнсіздік. Ұзақтықтарды бөлудің ерекше түрлері: триоль, квинтоль, септоль, дуоль,т.б. Үзбелі 
ырғақ. Синкопа. 
Метр: Әлді және әлсіз метрлік үлестер. Такт. Толық емес такт. Өлшем және оның белгілемесі. 
Қарапайым, күделі, құрмалас өлшемдер. Әр түрлі өлшемдегі ұзақтықтарды топтастыру. 
Темп: Баяу, орташа, жылдам темптер. Темптік өзгерістер.
Музыкалық аралықтар: Әуендік және гармониялық аралықтар, олардың белгіленуі. 
Аралықтардың санды және сапалы шамалары. Қарапайым аралықтар. Консонансты (абсолютті, 
жетілген, жетілмеген) және диссонансты аралықтар. Музыкалық аралықтардың айналымдары. 
Құрмалас аралықтар. Ұлғайтылған және кішірейтілген аралықтар. 
Тоналдіктегі аралықтар: Натуралды мажор мен минордың аралықтары. Гармониялық мажор 
мен минордың аралықтары. Үштондықтар. Сипатты аралықтар. 
Аккордтар: Үшдыбыстық туралы түсінік. Үшдыбыстықтың түрлері. Септаккорд. 
Септаккордтың түрлері. Нонаккорд. Үшдыбыстықтың айналымдары. Септаккордтардың 
айналымдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет