Дау құмар, Селтең жел, Тентек жел, Қаңғымал. 4. оқиғалы, сюжетті өлеңдер 5. ел аузындағы ертегі, жырларды жинауы
Сарғайды тоғай, Сап-сары маңай. Соңғы әнін айтып, Құс кетті қайтып. Айнала жым-жырт, Көк аспан сұрғылт. Жер жыртқан тыңда Трактор қырда. Жапырақ ұшты, Суық та түсті. Сонда да бізге, Қызық көп күзде.
Алма Шырын болмаса, Миға Білім қонбаса, Беске Дәптер толмаса, Балта Ағаш жонбаса, Көгал Жасыл болмаса, Болат Асыл болмаса, Жүйрік Шауып озбаса, Гүлдер Бойын созбаса, Жігіт Қамды болмаса, Ұл-қыз Арлы болмаса, Дүниеде сән қалмас, Тіршілікте мән қалмас!
Қоян, оян. Келе жатыр қасқыр! Қоян –Ноян! Тұр, қасқырды басқа ұр! Саяхаттап көрдік қыр, Қырға бардық, тердік гүл. Айқайлады балақай: – Алақай-ау, алақай! Жапырақты үземін, Гербарий ғып тіземін! Ол бұтаны бас салды, Міне, шатақ басталды. Қарып алды қалақай, Жылап қалды балақай... Құс адаспайды Құстарға көкте көше жоқ, Таңбалап қойған ұя жоқ. Бүгін де жоқ, кеше жоқ, Қиынға салар қия көп... Құстың бәрі ұшқыр-ақ, Адаспайды құс бірақ. Биікке, биікке Көктемде, көктемде Күн нұрын төккенде, Қар еріп ақты су, Жоғары тарты бу. Көк шыбық былтырғы Көгерді құлпырды. Құлпырды,құлпырды. Жоғары ұмтылды. Жылқышы Екі бала таласты, Едірейе қарасты: – Жылқышы – Ол кісі, – Деді Арнұр. – Жылқышы – Көл құсы, – Деді Жаннұр. Кім жаңылып, бұрыс айтты? Екеуі де дұрыс айтты! Ая мен Ай Айдың беті аппақ, Аяның беті сатпақ Неге олай? Ол былай- Ай Аунамайды жерге, Шомылады көлге.
Жол қайда жоғалды?
Жүгірді жол, жүгірді,
Достарыңызбен бөлісу: |