Н. А. Раупова, Ә. Т. Төлебиев, Г. Қ. Жарымбетова



бет5/53
Дата17.08.2024
өлшемі0,51 Mb.
#105921
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
2 кл ктп

II




Жұмыс дәптерлері балалармен тәжірибе сабақтар жүргізуге арналған. Тапсырмалар оқулықтың теориялық материалдарына сәйкес келеді және оны тереңірек меңгеруге бағытталған. Жұмыс дәптерлері оқулықтың тәжірибелік және логикалық жалғасы болып табылады.
Жұмыс дәптерлері балалармен бейнелеу өнері бөлімі бойынша тәжірибелік сабақ жүргізуге арналған. Ал көркем бұйымдар мен құрамақтарды материалдармен орындайтын болғандықтан, ол тапсырмалар жұмыс дәптеріне берілмейді. Құрамақ, бұйымдар жасау үшін тапсырмалар оқулықта берілген, оларды сабақта нақты материалдармен орындайды.
Балалардың қабілетінің деңгейі мен тапсырмаларды орындау жылдамдықтары әртүрлі екені тәжірибеден белгілі. Сондықтан бір теориялық тақырыпқа деңгейі әртүрлі бірнеше тапсырма ұсынылып отыр. Мұғалім тапсырмаларды деңгейлері бойынша таңдап алып, оларды топтарға бөліп орындатады немесе үй тапсырмасы ретінде береді. Ерекше қабілетті балалар қосымша тапсырмаларды үйде немесе сыныпта орындап, меңгерген білім, біліктерін бекіте алады. Осылайша баланың жеке-дара қабілеттері ескеріле отырып, әртүрлі деңгейлі тапсырмалар орындайды. Ал мұғалімде тапсырмаларды таңдау мүмкіндігі болады.
Дәптерлердегі тапсырмалар материалды қорытындылауға арналған қысқа жаттығу түрінде беріледі. Бұл тапсырмалар баланы тақырып бойынша қорытынды жұмысқа дайындайды, сондықтан оларды сабақта орындауға немесе үй жұмысы ретінде тапсыруға болады. Мұғалім бұл тапсырмалар қазақ тілі пәніндегі жаттығулар немесе математикадағы есеп шығару тәрізді маңызды екенін нақтылауы керек.
Тақырып бойынша қорытынды жұмыстарды жеке қағаз парағына орындаған дұрыс, ол әртүрлі пішім мен өлшемді таңдауға мүмкіндік береді. Сондықтан балалар мен олардың ата-аналарына А3 пішімді қағаз парағы бар папка алуды тапсыру керек.
Әрбір оқушыда қорытынды жұмыстарды салып қоятын папка болу тиіс. Сонда мұғалімге де, ата- аналарға да баланың шығармашылық өсуін бақылып отыру қиындық келтірмейді. Бала жыл бойғы жұмыстарын қарап отырып, өзінде ілгерілеу бар екеніне көзі жетеді. Жылдың соңында папкадағы жұмыстарының ішінен бірін таңдап алып, көрме немесе байқауларға қатыса алады.
Тапсырмалардың қандай материалдармен орындалу керегі тапсырманың өзінен-ақ көрініп тұр. Егер әсерлі сызықтар туралы тақырып болса, онда қарындаш не фломастер қолданады, егер түс туралы болса, онда бояулармен жұмыс істейді. Жалпы материалды таңдауда қатып қалған ереже жоқ, мұнда мұғалім материалды өзі таңдайды немесе оқушыларға таңдауға ерік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет