Жұмыс жасау үшін әртүрлі қабілетін (табу, жинау, таңдап алу) дамытуға ықпал ететін танымдық, ұйымдастырушылық және адамгершілік сипаттағы әр алуан міндеттерді өз бетінше қалыптастыру
Жұмыс жасау үшін әртүрлі қабілетін (табу, жинау, таңдап алу) дамытуға ықпал ететін танымдық, ұйымдастырушылық және адамгершілік сипаттағы әр алуан міндеттерді өз бетінше қалыптастыру.
Оқулықта да, жұмыс дәптерлерінде де әрбір тақырып бойынша тапсырмалар мен мәліметтер бар. Оқушыларға мәліметтерді кітаптардан және ғаламтордан табу ұсынылады. Белгілі бір бұйым жасағанда керекті мәліметті таңдап, жинақтайды. Кейбір жұмыстарды топта бірігіп орындайды, оқушылар топтағы жұмысын жоспарлап, алған білімі мен біліктерін қолданады, одан соң жұмыстың нәтижесін талдайды.
Ұжымда, топта және өз бетінше жұмыс істеу барысында байқампаздықты, елестету, қиялдары мен шығармашылықтарын, қолдың сезімталдығы мен икемділігін дамыту.
Оқулық пен жұмыс дәптерлеріндегі тапсырмалардың барлығы шығармашылық сипатқа ие және оқушылардың ерік-қиялын дамытуға бағытталған. Сурет салу мен бұйым жасауға арналған тапсырмалар қолдың икемділігі мен сезімталдығын арттырады. Бұл баланың ақыл-ой қабілетін ұштауға септігін тигізеді.
Оқушылар қорытынды жұмыс ретінде екі ұжымдық жұмыс орындайды, сондай-ақ оларды бәрі бірігіп таныстырады. Пәннің мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталғандықтан, жұмыстың басым бөлігі өз бетінше орындалады.
I
Оқулық– ақпараттардың негізгі қайнар көзі. Ол сабақта мұғалімге де, оқушыларға да қажет.
«Көркем еңбек» оқулығы «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» пәндерінің негізгі қағидаларын сақтап, шынайы өмірмен тікелей байланысқа бағыттап, екеуінің де мазмұнын тереңдете отырып құрылды. Оқулықта Бағдарламадағы ортақ тақырыптар бойынша жалпы материалдар, түстану, сурет, композиция, сәндік-қолданбалы өнер, сонымен қатар көркем бұйымдар жасау тәсілдері мен жолдары қарастырылатын білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған материалдар бар.
Бұл оқулық терең білім алуға негізделген. Оқушылар әрбір тақырып бойынша тек білім алып қана қоймай, жаңа материалды талдауды үйренеді. Ол үшін материалды мұқият түсіну керек. Мысалы, оқушыларға пішін, сызық қалай жасалатыны, сызықтардан пішін пайда болатыны, қарапайым пішіндерден күрделі пішіндер құралатыны, сондай-ақ аппликация жасалатыны айтылады. «Өзім туралы» тақырыбында адамдардың бет әлпетіндегі өзгешеліктермен қатар, ұқсастықтары мен ерекшеліктері қандай және пішін мен түс адамның даралығын қалай анықтайтынын талдайды. Тақырып бойынша қойылатын сұрақтар оқушыларды ойланып, сұрақтарға өз бетінше жауап іздеуге ынталандырады. Мұғалім жаңа материалды түсіндіргенде, оқушылардың жұмыстарын таныстыру барысында, тақырып бойынша қорытынды жасағанда да бұған ерекше мән беруі тиіс. Сонымен қатар оқулықта практикалық білік пен дағдыларға көп көңіл бөлініп, әрбір тақырып қорытынды жұмыс жасауды түсіндірумен аяқталады.