Өнер түрлері мен жанрлары туралы білімдерін пайдаланып, сыни тұрғыдан ойлауын, эстетикалық қабылдауы мен көзбен шолып байқауын дамыту үшін терминдер мен ұғымдарды меңгеру
Өнер түрлері мен жанрларытуралы білімдерін пайдаланып, сыни тұрғыдан ойлауын, эстетикалық қабылдауы мен көзбен шолып байқауын дамыту үшін терминдер мен ұғымдарды меңгеру.
Оқушылар жыл бойы «портрет», «пейзаж», «натюрморт» ұғымдарымен тереңірек танысып, осы жанрдағы туындыларды басқа туындылардың ішінен ажыратып үйренеді, оларды талдап, кескіндеме, графика және мүсін өнері жұмыстарын орындайды.
Байқау, тәжірибе жасау және көрсету арқылы зерттеушілік дағдыларын дамыту.
Оқулық пен жұмыс дәптерлерінде байқау, тәжірибе жасап, талдауға арналған көптеген тапсырмалар бар. Мысалы, оқушылар адамның бет әлпетін зерттейді, оның ұқсастықтары мен ерекшеліктерін бақылап, пішін қалай жасалатынын, адам бетінің пішін және түспен байланысын анықтайды. Түстерді араластырып, қарапайым пішіндерден күрделі пішіндер жасау үшін тәжірибелер жүргізеді.
Шығармашылық тапсырмалар жасау үшін әртүрлі материал және құрал-жабдықтармен жұмыс істеуді меңгеру.
Оқушылар жыл бойы табиғи материалдарды, бояу, балауыз борлар, полимер балшық пен ермексазды қолданып, аппликация, коллаж, оригами жасау тәсілдерін меңгереді, бедерлі және көлемді бейнелер жасап үйренеді.
Дұрыс көзқарастарын қалыптастырып, өзін-өзі бағалау.
Әдемілікті көріп, шығармалық тапсырмаларды орындау арқылы қабілетін байқап, жұмыстарын талдап, танысады (сабақ материалы мен тапсырмалар оқушылардың жас ерекше-лігіне сәйкес келеді) және балалардың жасаған жұмыстарымен танысу арқылы дұрыс көзқарас қалыптасады.
Ұлттық және әлемдік мәдени мұраның мәнін, сонымен қатар көркем еңбектің маңызын
түсіну. Оқулықта әрдайым әлем жауһарларына (өнер туындыларына) шолу жасалып отырады. Оқушылар
оларды мұқият қарап шығып, суретшілердің еңбектеріне қатысты сұрақтарға жауап береді, әлемдік мәдени мұралардың құндылығын түсінеді. Шығармашылық тапсырмаларды орындап, ең үздік жұмыстарды көрмеге қою арқылы оқушылар мен басқа да қоғам мүшелерінің арасында байланыс орнайды.