2.1.3.2 шығармашылық идеяларды дамыту үшін белгілі дереккөздерден ақпаратты жинау
2.1.4.1 шығармашылық жұмысты орындаудың реттілігін анықтау
2.3.3.1 шығармашылық жұмыстарын түсіндіру және жақсартудың идеясын ұсыну
Сабақтыңмақсаты
Автопортреттің не екенін біледі.
Белгілі бір көңіл күйді білдіретін портрет жасауды үйренеді.
Сабақтыңкезеңі/уақыт
Педагогтіңәрекеті
Оқушыныңәрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы
Ұйымдастырусәті
Балалар, сендер көркемсурет мұражайына барып көрдіңдер ме? Бәлкім теледидардан не ғаламтордан көрген боларсыңдар? Мұражай қабырғаларына не іледі? Естеріңе түсіріңдерші.
Қызығушылықтыояту Мұғалім оқушылардың назарын әйгілі суретшілердің портреттеріне аударады.
Бұл картиналар қалай аталатынын білесіңдер ме?
Сабақтың тақырыбын түсіндіруАвтопортретсаламызСабақтыңмақсаттарынанықтау Оқушылармен бірге портрет салу барысында не нәрсеге назар аудару керек екенін шешіп алу (композициясына, сурет, нақты бір адамға тән әсерлі сызықтар мен пішіндерге, мимикасына, түс үйлесіміне, портрет салуға болатын тәсілге).
Меңгергендері бойынша ерекше портрет салуға көмектесу.
Сұрақтарға жауап береді
Өз ойларын ортаға салады.
Бағалау критерийі: портрет пен автопортреттің не екенін біледі; портрет түрлерін ажырата алады; жылы және суық түсті бояулармен портрет сала алады.
Әр дәуір мен елдегі әйгілі суретшілердің көңіл күйлері алуан түрлі, түс үйлесімі әртүрлі портреттері. Түрлі түсті үлестірме қағаздар. Түсті фломастерлер немесе түсті қарындаштар, түрлі түсті балауыз борлар.
2-сыныпқа арналған CD- диск.
Ортасы
Жаңа ұғымдарды түсіндіруСабақтыңтақырыбынтүсіндіру Автопортрет – суретшінің өзін бейнелеуі. Мұғалім оқушылардың назарын портреттің қандай болатынына аударады. Портреттер әр алуан материалдардан жасалады. Оқушылар оқулықтың 14–15-беттеріндегі портреттерге қарап, оларды талдайды. Мұғалім әйгілі суретшілердің автопортреттері мен портреттерінен вернисаж әзірлей алады, олардың
бір-екеуінің бет пішіні, мимикасы, көркем құралдардың әсерлілігіне зейін қояды.