Оқытудың мақсаты, қысқаша сипаттамасы және нәтижелері
Оқыту түрі
Кредит саны
Дәрістер,
сағатпен
Практ.,
семинар. сабақтар,
сағатпен
Зертх.сабақтар сағатпен
ОБӨЖ сағатпен
БӨЖ сағатпен
Барлығы
сағатпен
Курстық жұмыс/жоба
Бақылау нысаны
Очная
5
30
15
-
15
90
150
+
Емтихан (жоба/портфолио)
Пәннің пререквизиттері – Осы пәнді жеткілікті үйрену үшін педагогика, психология, негізгі ұғымдарын білуі қажет.
Пәннің постреквизиттері – әдістемелік цикл бойынша таңдау курстары.
Курстың мақсаты – «Әліппе мен ана тілін оқыту әдістемесі» пәнінің мақсаты болып сауат ашу әдістемесінің теориясынан студенттерге жүйелі білім беру, сауат ашу сабақтарын жүргізу әдістәсілдерін меңгерту болып табылады.
Қысқаша сипаттамасы: «Әліппе мен ана тілін оқыту әдістемесі» пәнінің негізгі міндеттері түйінді құзыреттіліктермен қатар, төмендегідей арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады:
- Білім және түсінік: сауат ашуға байланысты практикалық іскерлік пен дағды қалыптастыруға негіз болатын теориялық және практикалық мағлұматтар беру, сауат ашу кезеңдеріне, әр кезеңнің мақсат-міндеттері мен ерекшеліктерін игеру;
- Білімді және түсінігін қолдана білу: сауат ашудың (оқу-жазуға үйретудің) әдіс-тәсідерін меңгерту; бастауыш сыныптарда «Әліппе мен ана тілін оқыту әдістемесі» оқытуды жоспарлауды және күнтізбелік жоспар жасаауды және сауат ашу сабақтарын өткізу, сабақта қосымша сабақ түрлерін (дидактикалық материалдар, ойындар, ресустар, т.б) ұйымдастыру; әдістемелік папка жасау;
- Пайымдауды қалыптастыру; сауат ашуды меңгерту заңдылықтарын; сауат ашудың мазмұны мен жүйесін, оқушыларды оқу-жазуға үйрету әдіс-тәсілдерін; «Сауат ашу» оқулығы мен оқу кешенінің мазмұнын білуі; пікір айту және реферат жазу.
- жеке қабілеттерін, шығармашылығын, танымдық белсенділігін қалыптастыру;
Әдістері: топтық жұмыс, Жобалық жұмыс (PBL), семинар-диалог, іскерлік ойын, ми шабуылы, проблемалық дәріс.