Н. Ж. Жақашов, Ж. Ж. Бекмағамбетова, М. Е. Жоламанов, Қ.Қ. Тоғызбаева


-кесте Кейбір тағамдық азықтардың құрамындағы



бет121/296
Дата02.10.2023
өлшемі9,48 Mb.
#112645
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   296
Байланысты:
Учебник Гигиена-каз

8.10.-кесте
Кейбір тағамдық азықтардың құрамындағы
С дәруменінің мөлшері



С дәруменінің деңгейі

Азық

С дәруменінің мөлшері

Өте жоғары
(100мг жоғары)

Жаңа итмұрын

650

Қара қарақат

200

Қызыл бұрыш

250

Петрушка

150

Жоғары
(50-100 мг)

Құлпынай

60

Укроп

100

Гүлді орамжапырақ

70

Орташа
(10-50)

Орамжапырақ

45

Жуа

30

Шалғам, қызан

25

Картоп

20

Цитрустық өсімдіктер

40

Қарлыған

30

Таңқурай

25

Шие

15

Төмен
(10 мг аз)

Қызылша, қияр, сарымсақ

10

Сәбіз

5

Қарбыз

7

Алмұрт

5

Жүзім

6


В1 дәрумені (тиамин). Тиаминпирофосфат түрінде пируватдегидрогеназаның, α – кетоглютаратдегидрогеназаның және транскетолазаның коферменті болып табылады, бұл оның ақуыздар, майлар, көмірсу алмасуындағы маңызды ролін қамтамасыз етеді. Тиаминнің жетіспеушілігі кезінде, пируваттың ацетил-КоА және СО2- ге дейін тотығудан декарбоксилденуі тежеледі, осыған байланысты ағзада сүт қышқылы мен пирожүзім қышқылы жиналады, ал транскетолазаның белсенділігі төмендеуі, пентозофосфаттық циклда глюкозаның айналымға түсуінің бұзылуына әкеп соғады. Тиамин аминқышқылдарының аминсізденуіне және қайта аминденуіне, май қышқылдарының синтезделуіне, сондай-ақ медиатор-ацетилхолиннің айналымдарына қатысады. Оның әсерінен асқазанның қозғалтқыштық және сөл шығаратын қызметі жақсарып, асқазан ішіндегі тағамдық заттардың ішекке қарай өтуі (эвакуациясы) жақсарады. Тиаминнің жеткіліксіз түсуінің бастапқы кезеңінде қажу, ашушаңдық, есте сақтаудың төмендеуін, ұйқы бұзылуын, басының және төс сүйегі артында ауыратынын, тағамға тәбеті болмауын тудырады. Ерте жастағы балаларда – ішкенін құсып тастау, іш қатуы, ішінің желденіп, кебуі, ауру жұққыштық пайда болады.
Тиаминнің айқын жетіспеушілігі бери-бери ауруының дамуына әкеп соғады, ол ауруға полиневрит құбылыстары тән және қанды энцефалит дамуы мүмкін.
В1 дәруменінің балаларға қажеттілігі, жасына байланысты тәулігіне 0,3 мг- нан 1,3 мг дейін ауытқиды, үлкен адамдарға қажеттілігі – 1,2-2,1 мг (8.2.,8.3.- кестелер).
Тиаминнің негізгі көзі - дәнді дақылдар және бұршақ тұқымдастар, әсіресе, ол дәнді дақылдардың ұрығы мен қабықшаларында ерекше көп, соған сәйкес, бұлар құрамына кіретін тағам түрлерінде – ірі тартылған ұннан жасалған нанда, бүтін дәндерінде, қарқұмық және сұлы жармаларында көп (8.11.- кесте).
Жоғары сұрыпты бидай ұнынан жасалған нанды, макарон өнімдерін, ұнтақ (манная) ботқасын, өңделген күрішті ұзақ уақыт тағамға қолдану В1 дәруменінің жетіспеушілігіне әкеп соғуы мүмкін. Сыра және нан ашытқыларында В1 дәруменінің мөлшері көптігімен ерекшеленеді (5 мг%). Жануар текті өнімдер де тиаминнің көзі болып табылады - бауыр (0,37 мг%), бүйрек (0,4 мг%), шошқа еті (0,4-0,52 мг%), жұмыртқаның сары уызы (0,32 мг%).
В2 дәрумені (рибофлавин). Флавинмононуклеатид немесе флавинадениндинуклеатид құрамында флавиндер оксидоредуктазаларының: НАДН – дегидрогеназаның, сукцинат дегидрогеназаның, D- және L- аминқышқылдары оксидазаларының, глютатионредуктазаның және басқалардың коферменті ролін атқарады, бұл оның ақуыз, майлар, көмірсулар алмасуының көптеген үрдістеріне қатысуын қамтамасыз етеді.
Рибофлавин маңызды өсу факторы ретінде қарастырылады. Ол тері мен шырышты қабықшаның қалыпты жағдайын қамтамасыз етеді, қан түзілуін ынталандырады, қараңғыға бейімделуіне, түрлі-түстерді көру өткірлігінің жоғарылауына мүмкіндік туғызып, көздің торша қабықшасы жасушаларының қызметіне қатысады.
8. 11.-кесте




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет