Н. Ж. Жақашов, Ж. Ж. Бекмағамбетова, М. Е. Жоламанов, Қ.Қ. Тоғызбаева


Емдік және емдеу-алдын алу жөніндегі тамақтану



бет158/296
Дата02.10.2023
өлшемі9,48 Mb.
#112645
түріОқулық
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   296
Байланысты:
Учебник Гигиена-каз

10.2. Емдік және емдеу-алдын алу жөніндегі тамақтану. Ауруханаларда емдік тағаммен (емдәммен) тамкақтандыру ұйымдастырылады, оның мақсаты- жеке тағамдық азықтардың белгілі бір түрлерінен және олардың бір-біріне қосылған түрлерінен жасалған әр түрлі тағам рациондарын дифференциалдап қолдану арқылы емдік эффектісіне қол жеткізу болып табылады.
Емдәммен тамақтандырудың негізгі қағидаларының біріне жататындары:

  • тағам, ауру ағза қоятын талабына және мүмкіншіліктеріне сай келуі (яғни емдәм рационы, тағамдағы кейбір нутриенттердің мөлшерін азайту немесе көбейту қажеттілігіне байланысты балансталмаған болуы мүмкін);

  • жағымсыз әсерлерден максималды қорғау (аурудың жіті кезеңінде зақымданған мүшені немесе жүйені механикалық, химиялық, термиялық әсерлерінен);

  • ауру басылғаннан кейін жаттықтыру, тағам жүктемесін азайту, әдістерін, бұрынғы жағдайына қарама қарсы жағдай жасайтын күндер қолдану арқылы ағзаның бейімделушілік мүмкіншіліктерін арттыру (бұрын қабылдамаған заттарды 1-2 күн рационына енгізу, мысалы, тұзды, қантты т.б. – «иректер жүйесін»);

  • мүшелер мен жүйелердің өз қызметін атқару жағдайына сәйкес, тамақтану режимін өзгерту (мысалы, гипогликемия кезінде тағам қабылдаулар арасындағы уақытты қысқарту, семіру кезінде калориясы төмен азықтарды жиі қабылдау және басқалар).

Профессор М.И. Певзнер ұсынған емдік емдәмдер (столдар) жүйесі тәжірибеде өзін жақсы жағынан көрсетті. Оған 15 стол (емдәм түрі) және олардың өзгертілген түрлері кіреді. Емдәмнің мәзірін құрастырумен дәрігер-емдәм тану маманы немесе емдәм медбикесі айналысады. Мәзір, азықтардың, тағамдар картотекасының ұсынылған орташа тәуліктік жиынтығы және тағамтану институттары дайындаған, шамамен алынған 7-күндік мәзір негізінде 7 күнге құрастырылады. Егер, азықтардың жиынтығында кейбір азық түрлері жоқ болса, онда оны, бекітілген азықтарды өзара алмастыру нормаларына сәйкес басқаларымен ауыстырады. Соңғы жылдарда стандартты емдәмдердің жаңа номенклатурасы енгізілген, онда бұрынғы М.И. Певзнер бойынша қолданылып келген емдәмдерді емдәмнің 5 түріне біріктірген. Ауруханаларда бақылауды дені сау адамдардың тамақтануын ұйымдастыру кезіндегі сияқты, тағамның физиологиялық құндылығына жүргізбейді, бақылауды тағамның ауру ағзаның қоятын талабына және мүмкіншілігіне сәйкес келуіне жүргізеді, басқа сөзбен айтқанда, емдәммен емдеуге бақылау жүргізеді. Аурулардың алатын емдік рациондарының осы емдәмдердің ұсынылған сипаттамасына сәйкес келуін тексереді. Осы мақсатта дәрігер мәзір-жіктемесі бойынша, рационның құрамына кіретін азықтардың жиынтығы мен тағамдарды, энергиялық құндылығын, химиялық құрамын бағалайды, тамақ дайындау технологиясын қадағалайды.
Емдеу-алдын алу жөніндегі тамақтануды қолайсыз өндіріс жағдайында жұмыс істейтіндерге қолданылады. Оның мақсаты, ағзаның тосқауылдық қызметін жоғарылату, улардың метаболизмін және олардың ағзадан шығуын жылдамдату, биологиялық белсенді заттардың жоғары дәрежеде болатын шығынын өтеу, ағзаның жалпы резистенттілігін арттыру және зиянды факторлардың әсеріне көп ұшырайтын мүшелер мен жүйелердің функционалдық жағдайын жақсарту арқылы алиментарлық жолмен кәсіби патологияның алдын алу. Емдеу-алдын алу жөніндегі тамақтануда 8 рацион қолданылады. Рацион 1- белсенді заттармен және иондағыш сәулелену көздерімен байланыста болатын жұмыс істеушілерге арналған. Оның құрамына ағзаны сәуле жүктемелерінен қорғауда қамтамасыз ететін және бауырдың антитоксикалық қызметін жақсартатын антиоксиданттар, липотропты заттар кіреді. Рацион 2 - өндірісте бейорганикалық қышқылдармен, металдармен, хлордың және фтордың қосылыстарымен, фосфорорганикалық және цианды қосылыстармен байланыста болатын жұмысшыларға арналған. Оның құрамына қосымша А-дәрумені және С-дәрумені енгізілген. Рацион 2а - хром және құрамында хромы бар қосылыстар өндірісінде жұмыс істейтін жұмысшыларға арналған. Оның міндеті – ағзаның сенсибилизациялануын төмендету, ол үшін рационның құрамына қосымша С, А, РР дәрумендері, S – метилметионин, минералды су енгізілген, жас көкөністер мен жемістердің ассортименті (түрлері) көбейтілген. Рацион 3- өндірісте қорғасынның бейорганикалық және органикалық қосылыстармен байланыста болатын жұмысшыларға арналған. Рацион аскорбин қышқылымен, дәрумендері мен тағамдық талшықтарының сақталуы үшін жоғары температурада өңделмеген жас көкөністермен және жемістермен байытылған. Сүт, кефирмен және ашытылған сүт өнімдерімен алмастырылады. Рацион 4- жоғары қысым жағдайында бензол, фенол, хлорланған көмірсутектер, азобояғыштар, мышьяк, сынап өндірісінде жұмыс істейтіндерге арналған. Бауырды және қан түзуші мүшелерді қорғауға бағытталған, соған байланысты құрамында майы аз, бірақ липотропты заттармен және С, В дәрумендерімен байытылған. Рацион 4а- фосфор қышқылымен, сары фосформен, фосфор ангидридімен байланыста болатын адамдарға арналған. Оның құрамына едәуір мөлшерде көкөністер және жануар текті ақуыздар кіреді, бірақ майлардың мөлшері максималды азайтылған, ал сүт, фосфор қосылыстарының ас қорыту жолдарынан сіңуін азайту мақсатында кефирге алмастырылған. Рацион 4б- анилин, толуидин туындыларымен динитрохлорбензолмен және динитротолуолмен жұмыс істейтіндерге қолданады. Мақсаты, ағзаның детоксикациялаушы мүмкіншілігін арттыру, ол үшін рационда өсімдік текті құрам бөліктерінің мөлшерін көбейтеді және рационды С, В1, В2, В6, РР, Е, дәрумендерімен, сондай-ақ глютамин қышқылымен байытады. Рацион 5- көмірсутектермен, этиленгликолмен, фосфорорганикалық пестицидтермен, поимерлік материалдармен, марганецпен өндіріс жағдайында байланысы бар жұмыс істеушілерге қолданады. Оның әсері жүйке жүйесін, бауырды қорғауға бағытталған, бұған лецитині және КҚМҚ көп азықтарды енгізу және қосымша В1 және С дәрумендерін қосу арқылы қол жеткізуге болады. Емдеу-алдын алу жөніндегі тамақтану, жұмысшылар іс жүзінде жұмыс істеген күндері медицина қызметкерлерінің бақылауымен кәсіпорынның асханасында ыстық таңертеңгі ас немесе түскі ас түрінде тегін беріледі. Емдеу-алдын алу жөніндегі тамақтанудың өз алдына жеке түрлері ретінде сүт, ашытылған сүт өнімдері және дәрумен препараттарын беру қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет