Н. Ж. Жақашов, Ж. Ж. Бекмағамбетова, М. Е. Жоламанов, Қ.Қ. Тоғызбаева



бет16/296
Дата02.10.2023
өлшемі9,48 Mb.
#112645
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   296
Байланысты:
Учебник Гигиена-каз

3. Қоршаған ортаның нысандарын бөлу қағидасы. Химиялық заттардың бiр түрiнің ортаның әр түрлi нысандарында (жұмыс зонасының ауасында, атмосферада. суда, топырақта, азықтарда) адам денсаулығына тигiзетiн қауiптiлiгi бiрдей емес. Оған келесi 3 себептер ықпал етедi:

  1. Әр түрлi ортада заттың физикалық-химиялық қасиеттерiнiң өзгеруiне байланысты биологиялық белсенділігінің бiрдей еместігі. Мысалы, қорғасын атмосферада 1- қауiптiлiк класына, суда – 2- класына жатады т.т.;

  2. Адаммен байланыста болу дәрежесi әр түрлi. Зат ауада. суда, тағамда болуы кезiнде адамға тiкелей, ал топырақта болған кезде, көбiнде, ортаның басқа нысандары арқылы әсер етедi.

  3. Әсер ету уакытының әр түрлілігі. Атмосферадағы заттар адам ағзасына үнемі әсер етедi, ал жұмыс зонасының ауасындағы - жұмыс ауысымы бойында ғана әсер етедi.

Сондықтан, бiр заттың гигиеналық нормативтерi қоршаған ортаның әрбiр нысаны үшiн: атмосфералық ауада, суда, топырақта. жұмыс зонасының ауасында, тағамдық азықтарда – жеке-жеке орнатылады.


4. Барлық қолайсыз әсерлерiн ескеру қағидасы. Қандай да бiр орта нысанында (ау. су, топырақ) затқа орнатылатын норматив адам ағзасына тигiзетiн әсерiн ескерiп қоймай, ортаның өзiне де тигізетін әсерiн ескеруi қажет. Қолайсыз әсер дәрежесiне байланысты химиялық заттардың зияндылықтарын әр турлi көрсеткiштерге бөледi:

  • Органолептикалық - бөгде иiс, дәм пайда болуымен, тусi мен реңінің өзгеруi мен байқалатын орта нысандары сапасының өзгеруi. Мысалы, ауа мен судың иiсi өзгеруi. химиялық заттармен ластануы кезiндегi судың дәмiнiң, түстiлiгiнiң өзгеруi т. б.

  • Жалпы санитарлық - өздiгiнен тазару үрдістеріне әсер ететiн. сапрофит микроағзалардың санының, түр құрамының, белсенділігінің өзгеруi (мысалы, суаттардың өздiгiнен тазару үрдістері).

  • Санитарлық-тұрмыстық - жергiлiктi климаттын, ауаның мөлдiрлiгiнiң, өсiмдiктердiң, тұрмыс жағдайының өзгеруi. Мысалы, ауаның ластануы заттың көрінуі дәрежесінің, УК сәулеленуінің төмендеуіне, киiмнің ластануына әкеп соғады т.т.

  • Рефлекторлық – көздiң, жоғарғы тыныс жолдарының шырышты кабықтарын тiтiркендiретiн әсерi.

  • Санитарлық-токсикологиялық - адам ағзасына жалпы улылық әсерi.

  • Суға миграциялану - заттың (топырақтан) су ортасына миграцияланады.

  • Ауаға миграгциялану – заттың ауаға миграциялануы

  • Транслокациялық - топырақ ластанған кездегi заттың өсiмдiктерде жиналуы.

  • Спецификалық - заттың созылмалы уытты әсер беретiн деңгейiнен төмен дозаларындағы аллергендiк, жыныс бездеріне және эмбрионға уытты әсері

  • Әсерінен бiраз уаыт өткеннен кейiн, пайда болатын әсер салдары - мутагендiк және канцерогендiк әсерi.

Қоршаған ортаньң әр түрлi нысандары үшiн зияндылық көрсеткiштерiнiң құрамы әр турлi болады. Судағы заттарды нормалау үшін келесі зияндылық көрсеткіштерін анықтайды: органолептикалық, жалпы санитарлық, санитарлық-токсикологиялық, спецификалық, әсерінен бiраз уақыт өткеннен кейiн пайда болатын әсер салдарын, атмосфералық ауада: органолептикалық, рефлекторлық, санитарлық-токсикологиялық, санитарлық-турмыстьқ. спецификалық және әсерінен бiраз уақыт өткеннен кейiн пайда болатын әсер салдарын; топырақта: органолептикалық. жалпы санитарлық, санитарлық-токсикологиялық, суға миграциялану. ауаға миграциялану, транслокациялық көрсеткiштерді.
Зияндылық көрсеткiштерiнiң деңгейi эксперименталдық жолмен анықталады. Бұл жағдайда нормалау негiзiне «жiңiшке жері» немесе зияндылықтың лимиттейтін белгісі деген қағида қойылған.
Зияндылықтың әрбiр көрсеткiші үшiн, заттың минималды әсер ететiн концентрациясы анықталады да солардың iшiнен ең аз концентрациясы таңдалып алынады. Осы алынған концентрациясы берiлген зат нормаланатын зияндылықтың лимиттеушi көрсеткiшiн анықтайды.
5. Табалдырықтық қағидасы. Қазiргi кезде бұл сұрақтың, гигиеналық нормалауда принципиалды мәнi бар, табалдырықты және табалдырықсыз деп аталатын, екi концепциясы бар.
Табалдырықсыз концепцияны жақтаушылардың айтуынша, ластаушы заттың кез келген мөлшерi (концентрациясы) ағзада патологиялық өзгерiс туындатуға қабілеттi. Қоршаған ортаның ластануы нольге тең болған жағдайда ғана, патологияның пайда болу қауіп-қатері де нольге тең болады деп есептейдi. Әрине, мұндай жағдайды жасау мүмкiн емес, осыған байланысты табалдырықсыз концепция адамның қауiпсiз өмiр суретiн ортасының болатын мүмкiншiлiгiн жоққа шығарады. Демек, гигиеналық нормативтердi орнатудың да қажеті жоқ деп есептейді.
ВОЗ сарапшыларыньң қорытындысы бойынша, кез келген химиялық заттар, белгiлi бiр әсер ету жағдайында улы болуы мүмкiн деген пiкiрге сүейенiп. Отандық гигиенистер химиялық заттардың табалдырықтық әсерiнiң бар екенiн мойындайды.
Демек, әрбiр химиялық заттар үшін, адамга қауiпсiз болатын әсер ету жағдайының болуы мүмкiн. Бұл жағдай канцерогендерге қатысты емес, дегенменде, олар үшiнде, рак ауруының пайда болуын адамның орташа өмiрсүретiн жасынан әрi қарай ұзартуға болатын жағдайлар бар.
Табалдырықты қағидасы, нормалаудағы ең бiр өзектi мәселе, себебi ол тек гигиеналық регламенттердi - санитарльқ бақылаудың құқұқтық негiзiн, орнатуға мүмкiндiк берiп коймайды, сонымен қатар халыққа түсетiн химиялық заттардың максималды рұқсат етiлетiн жүктемесін есптеуге де мүмкiндiк бередi.
6. «Доза-уакыт-эффект» қағидасы. Химиялық заттардың әсер етуi кезiнде организмнiң биологиялық жауабы оның концентрациясына (дозасына) және әсер ететiн уақытына тура пропорционалды. Габер формуласы бойынша, затты ағзаға енгiзгендегi әсерi концентрациясы мен әсер ету уакытының көбейтiндiсiне тең:


Э = К В

Бiрақ бұл классикалық формуланы қолдану шектелуi, себебi ағзаның биологияльқ жауабы көп факторларға байланысты. Мысалы, жоғары концентрациясын қолданғандағы жедел әсерiнде әсер тиiмдiлiгi өте тез тiркеледi және ол концентрациясына байланысты. Мұндай эксперименттi бейнелеу үшін «концентрация-тиiмдiлiк» қисығын пайдаланады.


Созылмалы әсерi кезiнде, әдетте, аз концентрациясында, оның эффектісі заттың ағзадағы кумуляция үрдісімен байланысты, және тек концентрациясы мен ғана емес, әсер ету уақытымен де байланысты. Осыны ескерiп, созылмалы әсер салдары «концентрация – уақыт» қисығымен бейнеленедi. Бұл математикалық байланыстылық нормалау үшін қажетті жедел және созылмалы әсерлерінің табалдырығы, қауіптілік кластары, қор коэффициенті, т.б. сияқты бірқатар параметрлерін анықтауға мүмкіндік береді.
Химиялық заттардың төрт қауптілік класын ажыратады:

  1. аса қауіпті;

  2. қауіпті;

  3. орташа қауіпті;

  4. аз қауіпті;

7. Лабораториялық эксперимент қағидасы. Барлық көрсеткiштер бойынша заттың табалдырықтық әсерiн анықтау, қатаң стандарттаған және салыстыруға болатын жағдайда зертханаларда жүргiзiледi. Эксперимент әдiсi бiрiңғайланған болуы қажет, осындай жағдай әртүрлi зертханалардан алынған мәлiметтердi бiр-бiрімен салыстыруға болады.
Барлық табиғи үрдістерді есепке алу үшiн, адам ағзасына әсер етуiнде басты роль атқаратын және зерттелетiн заттың белсенді әсер етуіне ықпал ететiн факторларды зертхана жағдайында модельдейді. Мысалы, көмпір өндiрiснiде пневматикалық балғамен жұмыс iстеу кезiнде көмiр шаңы + шу + вибрация + микроклимат ескерiледi.
8. ШРЕК-тің салыстырмалы түрде болуы қағидасы. Әрбiр бекітілген гигиеналық регламент (норматив) тұрақты мөлшер емес. Оның деңгейі эксперимент жүргізу кезіндегі ғылыми білімінің дәрежесімен және методикалық әдістермен анықталады. Сезімталдығы жоғары талдау әдістерін енгізу барысында және жаңа ғылыми деректердің жиналуы барысында зиянды әсердің табалдырығы және нормативтің өзі де қайта қаралуы мүмкін. Мұндай қайта қарау жиі қатандату жағына жүргізіледі. Бұған қорғасынның судағы, аудағы, биосубстраттардағы нормативтері, сондай-ақ, ДДТ пестицидінің нормативі айқын мысал бола алады. Кейбір жағдайларда ШРЕК қайта қарау олардың рұқсат етілген концентрациясын жоғарлату жағына да жүргізілу мүмкін, бірақ бұндай жағдайлар едәуір аз.
9. Гигиеналық нормалауды сатылы түрле жүргiзу қағидасы. Бұл қағида норматив дайындауға кететiн уақытты қысқарту мақсатын көздейдi, сөйтiп зерттелетiн заттардың көп санын қамтуға мүмкiндiк бередi. Бiз жоғарыда гигиена ғылымы практика алдында көп қарыздары бар деп айтқанбыз және бұл қарыздары жыл сайын өсiп келедi.
Жануарларға гигиеналық эксперимент жүргiзудiң толық схемасы ұзақ мерзiмге созылады (әсер салдары бiраз уақыт өткеннен кейiн бiлiнетiн мүмкiншiлiгiн ескергенде - 2 жылға дейiн). Бiрақ, практикалық мақсат үшiн затты толық схема бойынша зерттеудi барлық уақытта бірдей талап етпейді, яғни созылмалы эксперимент барлық уақытта бірдей қажет емес. Сондықтан отандық гигиенистер ШРЕК бекітудің сатылы схемасын ұсынды.Алдымен жедел және жеделдеу эксперимент негізінде затты зерттеудің қысқартылған сұлбасы қабылданады. Бұл заттың қауіптілік класын анықтауға мүмкіндік береді. Егер, зат 4-немесе 3- класына жататын болса, осымен эксперимент аяқталады. Созылмалы эксперимент зат тек 1-немесе 2-класына жататын болса ғана жүргізіледі. Сатылы түрде нормалау өзін толыық ақтады және үлкен экономикалық маңызы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет