Н. Ж. Жақашов, Ж. Ж. Бекмағамбетова, М. Е. Жоламанов, Қ.Қ. Тоғызбаева


Балалар мекемелерінің жабдықталуына қойылатын гигиеналық талаптар



бет187/296
Дата02.10.2023
өлшемі9,48 Mb.
#112645
түріОқулық
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   296
8.5. Балалар мекемелерінің жабдықталуына қойылатын гигиеналық талаптар. Әр түрлі жас кезеңдеріндегі балалар ағзасының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес, жабдықтарды дұрыс таңдау, әр түрлі функционалдық ауытқулар мен аурулардың дамуының алдын алатын факторлардың бірі болып табылады. Жабдықтар, соның ішінде жиһаздар да, балалардың бойы мен дене өлшемдеріне сәйкес болып, олардың дене қалпына дұрыс, ыңғайлы жағдай қамтамасыз ету керек. Дұрыс дене қалпы ағзаға түсетін статикалық жүктемені төмендетеді, тұрақты тепе-теңдік жағдайын сақтауға және жүрек-қан тамырлар, тыныс алу, ас қорыту жүйелерінің, көру мен есту мүшелерінің қалыпты қызмет етуіне мүмкіндік береді, ұзақ уақыт жұмысқа жоғары қабілеттілікті қамтамасыз етеді, тұлға бұзылыстарының, омыртқаның қисаюының, алыстан көрмеушіліктің, ішкі мүшелер ауруларының дамуының алдын алады. Жазу жазған кезде ауырлық центрі 9-10- кеуде омыртқаларының арасында, ал ауырлық центрінің сызығы жамбас-сан буынының артында отырғышты қиып өтетін болса, дене қалпы дұрыс болып саналады. Бұл кезде басы аздап алға қарай еңкейеді көзден дәптерге дейінгі ара қашықтық 25-35 см болады. Иық белдеуі көлденең жағдайда болады, оң жағына да, сол жағына да қисаймайды. Қолдың білегі мен білезігі салбырамай, үстел үстінде жатады. Үстелдің шетінен тұлғаға дейін 3-5 см кем емес ара қашықтық сақталынады. Оқушы арқасын орындықтың арқалығына, аяғын еденге немесе басқышқа тіреп отырады. Аяғы жамбас-сан буындарында және тізе буынында тік бұрыш жасап бүгіледі, бұл кезде тізе асты ойығындағы қан тамырлары қысылмайды. Оқығанда немесе жазумен байланысты емес басқа бір жұмысты орындағанда, отыру қалпы еркінірек болады.
Балалар жиһазын таңдағанда дұрыс бағдар беретін негізгі көрсеткіш балананың бойы болып табылады. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде жиһаздар мен жабдықтардың әр түрлі түрлері: манеждер, төбешіктер, үстелдер, орындықтар, төсектер, ойыншықтарға арналған шкафтар және т.б. қолданылады. Атап айтқанда, 1-5 жас аралығындағы балалар топтарында екі немесе төрт орынды трапеция тәрізді (қосымша) үстелдер, үлкенірек балалар (5-7 жас) топтарында – үстел бетінің көлбеулігі өзгермелі болатын және оқу құралдарына арналған жәшіктері бар, екі орынды үстелдер орнатылады. Тұрмыс жағдайында бір орынды үстелдер де қолданылады. Балалардың бойына байланысты мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған үстелдер мен орындықтарды 6 топқа бөледі (9.11.- кесте):




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет