Н. Ж. Жақашов, Ж. Ж. Бекмағамбетова, М. Е. Жоламанов, Қ.Қ. Тоғызбаева


Балалар мекемелерінің ішкі ортасын ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар



бет186/296
Дата02.10.2023
өлшемі9,48 Mb.
#112645
түріОқулық
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   296
Байланысты:
Учебник Гигиена-каз

8.4 Балалар мекемелерінің ішкі ортасын ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар.
Мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мекемелердің барлық негізгі бөлмелерінде табиғи жарығы болуы тиіс, оның ішінде, ұзақтығы жеткілікті инсоляциясы болуы тиіс. Мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі балалардың үнемі болатын бөлмелерінің: топтық, музыкалық және гимнастика залдарының терезелерін оңтүстікке бағыттау ең қолайлы болып табылады, себебі ол күзгі және көктемгі кезеңдерде ұзақ инсоляцияны қамтамасыз етеді және тым қызып кетуінің алдын алады. Дегенмен, топтық бөлмелер үшін 85-градустан 275 градусқа дейінгі азимутта, залдар үшін кез келген бағытталуы рұқсат етілуі мүмкін. Ұйықтайтын бөлмелер мен медициналық пункттерде шығысқа бағытталуы оңтайлы болып саналады, бірақ, кез келген басқа бағытталуы да рұқсат етіледі.
Жалпы білім беретін мекемелердің оқу бөлмелерінің терезелері оңтүстікке, оңтүстік-шығысқа немесе шығысқа бағытталуы қажет. Солтүстік немесе солтүстік-шығысқа сызу, сурет салу, информатика және есептеу техникасы кабинеттерінің терезелері бағытталады. Батысқа бағытталу қолайсыз болып табылады, өйткені бөлмелерге күннің екінші жартысында күн сәулесі тікелей түсіп, олардың едәуір қызуына алып келеді. МДМ бөлмелеріндегі және ЖББМ барлық негізгі оқу бөлмелеріндегі ТЖК 1,5% кем болмауы қажет. Топтық бөлмелердің тереңдігі 6 м ден аспауы керек, тереңдігі одан артық болса, терезелерін екі жағында немесе көршілес қабырғаларға бұрыштап орналастырылуы қажет. Терезелер биік гүлдермен көленкеленбеуі қажет. Оларды ілетін немесе тасымалданатын ыдыстарда орналастырған жөн. Көзге тікелей немесе шағылысып түсетін күн сәулесінің әсерін жою үшін, терезелерді жалюздермен, перделермен жабдықтайды.
Поливинилхлоридті пленкадан жасалған перделерді қолдануға тыйым салынады, өйткені олар қызған кезде зиянды химиялық қосылыстар бөлуі мүмкін. Бөлменің қабырғалары мен төбесі, шағылыстыру коэфициенті үлкен, ашық түске боялуы қажет, себебі ол бөлмеде жарық деңгейі жоғары болуына ықпал етеді.
Жасанды жарығы тек қана бір түрлі, қызу немесе люминесцентті, шаммен қамтамасыз етілуі қажет. Шырақтар жарық түсетін қабырғаларға параллель орналастырылады, олар шашыраған сәуле ағымын беруі қажет. Жасанды люминесцентті шамдармен жарықтандыру кезінде ең аз жарық деңгейі МДМ ойын бөлмелерінде 200 люкс, ұйықтайтын бөлмеде – 75 лк болуы қажет. ЖББМ сыныптарында, кабинеттерінде және зертханаларында жарық деңгейі - 300 лк, сынып тақтасында және сызу кабинеттерінде 500 лк, информатика және есептеу техникасының кабинеттерінде - 300-500 лк, спорт залында - 200 лк, рекреацияларда - 150 лк кем болмауы керек.
Барлық бөлмелерде табиғи өтпелі немесе бұрыштық желдетілуі есебінен толық құнды аэрация қамтамасыз етілуі тиіс (әжетхана бөлмелері арқылы желдетуге болмайды). МДМ ауа алмасу еселігі - 1,5, ал ЖББМ желдетілу көлемі бір адамға сағатына 20м3 кем болмауы қажет. Ең жақсы терезенің ойықтарын жоғарғы фрамугалармен жабдықтау болып табылады. Фрамуганың сыртқы бөлігі сыртқа, ал ішкісі ішке ашылады, нәтижесінде таза ауа ағымы бөлменің жоғарғы жағына бағытталып, балалардың шамадан артық салқындауының алдын алады. Сорып шығаратын желдетудің жекелеген жүйесімен сынып бөлмелерін және оқу кабинеттерін, зертханаларды, спорт залдарын, медициналық пунктті, асхананы, санитарлық жүйелерді жабдықтайды.
Жылдың суық уақытында МДМ желдету балалар жоқ кезде жүргізіліп, олардың келуіне 30 мин бұрын аяқтайды. ЖББМ оқу бөлмелері де балалар жоқ кезде, үзіліс уақытында, ал рекреациялар – сабақ кезінде желдетілуі тиіс. Жылдың жылы уақытында аэрация балалар барда да жүргізіледі. Спорт залдарында, сыртқы ауаның температурасы +50С және одан да жоғары болғанда және әлсіз жел кезінде сабақты, ық жағындағы терезелердің бір-екеуін ашып қойып, өткізу керек. Төменірек температурада және күшті жел кезінде, терезелердің орнына фрамугаларды ашық қалдырады. Спорт залдарындағы желдетілу көлемі 1 адамға сағатына 80м3 кем болмауы тиіс.
Талап етілген температураны ұстап тұру үшін панельді – сәулелік, сумен және ауамен жылытуды қолданады. МДМ ауаның температурасы климаттық жағдайға, баланың жасына, бөлменің тағайындалуына және т.б. байланысты болады. Бала неғұрлым кіші болса, соғұрлым бөлмедегі ауаның температурасы жоғары болуы қажет, себебі бұл жастағы балалардың жылу реттелу механизмі әлі жетілмеген. Мысалы, мектепке дейінгі топтардың қабылдау және топтық бөлмелеріндегі ауаның температурасы 20ºС кем емес қарастырылса, мектеп алдыға дейінгі топтар үшін бөлменің температурасы - 22ºС кем емес болуы керек. ЖББМ-нің терезелері жәй әйнектелген сынып бөлмелерінде, оқу кабинеттерінде және зертханаларында негізгі және орта мектептер үшін жобадағы есептеу бойынша ауаның температурасы 18ºС, ал бастауыш сынып үшін - 20ºС деңгейінде ұсталынып тұруы тиіс. Жылуды едәуір төмендететін, бүкіл қабырғасы әйнектелген жағдайда температура біраз жоғары - 21ºС дейін болуы керек. Спорт залдар мен оқу шеберханаларында қолайлы температура 15ºС кезінде қамтамасыз етіледі, себебі спорттық жаттығулар мен қимылды ойындар және дене еңбегі жүктемесі кезінде жылу өндірілу мен жылу берілу едәуір өседі.
МДМ және ЖББМ бөлмелеріндегі салыстырмалы ылғалдылығы 40-60%, ал ауаның қозғалу жылдамдығы 0,2м/сек артпауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет