Н. Ж. Жақашов, Ж. Ж. Бекмағамбетова, М. Е. Жоламанов, Қ.Қ. Тоғызбаева


- кесте Жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына арналған



бет189/296
Дата02.10.2023
өлшемі9,48 Mb.
#112645
түріОқулық
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   296
Байланысты:
Учебник Гигиена-каз

9.12- кесте
Жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына арналған
үстелдер мен орындықтардың өлшемдері



Жиһаздың нөмірі*

Түрлі түсті таңбасы*

Балалардың бойы, см

Үстелдің оқушыға қараған қырының биіктігі, мм

Отырғыштың алдыңғы қырының биіктігі, мм

1

Қызғылт сары

100-115

460

260

2

Күлгін

115-130

520

300

3

Сары

130-145

580

340

4

Қызыл

145-160

640

380

5

Жасыл

160-175

700

420

6

Көгілдір

175 артық

760

460



*- Жиһаз нөмірі мен түрлі түсті таңбасы, үстел мен орындық қатарларының арасынан өтетін жолдардан көрінуі үшін, олардың екі жағынан да белгіленеді.
Оқушылардың дұрыс дене қалпы үстелдер мен орындықтардың өлшемдерін анықтайтын параметрлерін сақтағанда ғана емес, олардың өзара ара қатынастарымен де анықталады. Мұндай параметрлерге отырғыш пен арқалықтың дистанциясы және дифференция жатады. Арқалық дистанция (аралығы) деп үстел бетінің оқушыға қараған қыры (үстелдің артқы қыры) мен отырғыштың арқалығы арасындағы ара қашықтықты айтады.
Ол дененің алдынан артына дейінгі өлшемдерінен 3-5см-ге артық болуы керек. Дистанция аз болғанда үстелдің беті алдынан, ал отырғыштың арқалығы арт жағынан кеуде торына тіреледі де, еркін отыруына мүмкіндік бермей, тыныс алуды және қан айналымын қиындатады, қолайсыз дене қалпы салдарынан статикалық жүктемені арттырады. Арқалықтың үлкен дистанциясында дененің еңкеюі артады және отырғыштың арқалығы сияқты бекіну нүктесі жойылады, бұл статикалық қажудың тез дамуына, сонымен бірге, омыртқаның қисаюына және алыстан көрмеушілік дамуына әкеледі.. Отырғыш дистанциясы (аралығы) – үстелдің бетінің артқы қырынан отырғыштың алдыңғы қырына дейінгі көлденең аралық. Отырғыштың дистанциясын оң, теріс және нөльдік деп ажыратады. Оң дистанциясында үстелдің қыры мен отырғыштың қырының арасында белгілі бір ара қашықтық болады, теріс дистанция кезінде – отырғыштың қыры үстелдің қырына кіріп тұрады (орындық үстел астына қарай итерілген), нөлдік дистанцияда отырғыштың екі қыры да тігінен алғанда бір деңгейде тұрады. Үстел басында отырып жұмыс орындағанда, теріс дистанция сақталуы керек, оның өлшемі жиһаздың 1-2- топтары үшін 4 см, 3-4-те – 5-6 см, 5-6-да – 7-8 см болуы тиіс. Отырғыштың оң және нөлдік дистанциясы, қолын үстелге жазуға және оқуға қолайлы қою үшін, оқушының алға қарай созылуына мәжбүр етеді. Нәтижесінде бұндай дене қалпы тез қажытады, дене мүсінің бұзылыстары мен алыстан көрмеушілік дамуы мүмкін. Оң дистанция тұрғанда, оқушыны отырғызғанда және үстелден шыққанда қолданылады, ол үстелдің қақпағын ашу немесе орындықты жылжытумен жүреді.
Дифференция - үстелдің артқы қырынан отырғышқа дейінгі тігінен алғандағы қашықтық. Ол оқушының түсірілген қолының шынтағынан отырғышқа дейінгі ара қашықтыққа +5-6 см тең болады. Егер дифференция аз болса, яғни орындық тым жоғары немесе үстел төмен болса, көзден дәптерге және кітапқа дейінгі қалыпты ара қашықтық бұзылады. Сондықтан, оқушы денесін және басын өте еңкейтіп отыруға мәжбүр болады, бұл еңкіштік, сколиоз (омыртқаның қисаюы), көру мүшесінің қажуы, кеуде және құрсақ қуыстары мүшелерінің қысылуының дамуына әкеледі. Артық дифференцияда (биік үстел немесе аласа орындық) оқушының көздері мен дәптердің арасындағы ара қашықтық күрт төмендейді және екі шынтақты үстел үстіне қою мүмкін болмайды. Сондықтан, жазу жазған кезде оң иық үнемі көтеріліп, иық белдеуінің бұлшық еттеріне күш түседі, сколиоз бен алыстан көрмеушілік дамиды.
Кіші мектеп жасында жеке үстелдер мен орындықтарды емес, парталарды пайдаланғаны дұрыс, себебі парта, қолайлы дистанция мен дифференцияны және дұрыс отыру дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз ететін, бекітілген отырғыш пен үстелден тұрады.
Бір сыныпта оқитын оқушылардың бойы мен дене өлшемдері әр түрлі болғандықтан, әрбір сыныпта әр түрлі нөмерлі үстелдер мен орындықтар болуы керек. Екі орынды үстелдерді 3 қатар етіп қояды , олардың бірінші үстелінен оқу тақтасына дейінгі қашықтық – 2,4-2,7 м кем емес, қатарларының арасындағы ара қашықтық - 60 см кем емес, үстелдерден сыртқы қабырғаға дейінгі ара қашықтық – 50 см кем емес болуы тиіс. Көру бұзылыстары бар оқушыларды, жиһаздың нөміріне қарамастан, терезе жақтағы бірінші қатардың алдыңғы парталарына отырғызады. Есту бұзылыстары бар балаларды осы сияқты, бірақ ішкі қабырғаға жақын (резонанс құбылысын болдырмау үшін) отырғызады. Сыртқы қабырғадан алысырақ жедел респираторлық аурулармен, ангинамен жиі ауыратын, резистенттілігі төмен, созылмалы аурулары бар оқушыларды да отырғызады. Көздері жақсы көретін балаларды кез келген қатарға отырғызуға болады. Дене мүсіні бұзылыстарын және қылилық дамуын болдырмау үшін, шеткі оң және сол қатарларда отыратын балаларды жылына 2-3 рет орындарын ауыстырып отырғызу қажет. Мектеп 2 немесе 3 ауысыммен жұмыс істейтін жағдайларда, бір сынып бөлмесі, жастарында едәуір айырмашылықтары бар сыныптар үшін қолданылмауы керек, себебі мұнда оқушыны дұрыс отырғызуды қамтамасыз ететін негізгі қағида - мектеп жиһазының оқушының бойына сәйкес келуі орындалмай қалады.
Жалпы білім беру мекемелерінде қолданылатын сынып тақталарының құрылымы, қаптаған материалы, түсі, жазуға қолданылатын жабдықтары бойынша әр түрлі болуы мүмкін. Қазіргі уақытта ең дұрысы болып саналатыны, шыны-эмальді жабыны бар, болат табақтан жасалынған тақталар. Бормен жазудың жақсы көрінуі үшін, эмаль қою жасыл немесе қою қоңыр түстерге, ал фломастерлермен жазылғанда ақ түске боялады. Шыны-эмальді тақталардың өлшемі әр түрлі болады, магниттің көмегімен сызбалар, суреттер іліп қоюға болатын, бірнеше жұмыс беттері болады. Тақтаның еденге дейінгі төменгі қырының биіктігі 80-90 см, ал соңғы орыннан тақтаға дейінгі ең үлкен қашықтық 8,6 м артық болмау керек. Бірінші парталарды тақтаға 2,4 м-ден жақын орналастыруға болмайды, себебі бұл көру бұрышының күрт төмендеуіне әкеледі.
Физика және химия кабинеттері арнайы тәжірибені көрсететін үстелдермен, су, электр энергиясымен, сығылған ауамен қамтамасыздалған оқушылардың екі орынды зертханалық үстелімен жабдықталады. Химия зертханаларында міндетті түрде сору шкафтарын орнату керек. Шет тілдер кабинеттерінде лингафондық рецептивті қондырғылар, магнитофон, күйтабақ ойнатқыш, проекциялық аппараттар және олардың астына қойылатын қойғыштар немесе тіреулер, көрнекті құралдар мен техникалық оқу құралдарын сақтайтын шкафтар болуы керек. Оқытушы үстелі проекциялық аппараттарды басқару пультімен жабдықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет