Н. Ж. Жақашов, Ж. Ж. Бекмағамбетова, М. Е. Жоламанов, Қ.Қ. Тоғызбаева


Радиациялық гигиенаның пайда болуы мен дамуының негізгі алғы шарттары, оның бағыттары мен міндеттері



бет257/296
Дата02.10.2023
өлшемі9,48 Mb.
#112645
түріОқулық
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   296
2. Радиациялық гигиенаның пайда болуы мен дамуының негізгі алғы шарттары, оның бағыттары мен міндеттері
1922 ж академик В.И. Вернадский: «Біз адамзат өмірінде бұрын болып көрмеген ұлы өзгеріске жақындап келеміз. Адам өз өмірін қалай жасағысы келсе, солай құруға мүмкіндік беретін күшті қару – атом энергиясын өз қолына алатын уақыт алыс емес. Бұл жақын жылдарда, немесе жүз жылдықтан кейін болуы мүмкін. Бірақ, оның болатыны сөзсіз» - деп жазған болатын.
Атом энергиясының ашылуы В.И. Вернадскийдің болжамынан 20 жыл өткеннен кейін орындалды және дәл осы уақыттан, XX ғасырдың 40–шы жылдарынан бастап радиациялық гигиена ғылым ретінде дами бастады. Атомның ядро ішілік энергиясын шығарып алу – адамның қол жеткізген ұлы жетістігі екені сөзсіз. Ол өзінің мәні бойынша ғылымдағы революция болып табылады. Бірақ, өкінішке орай, атом энергиясы адамзат өміріне жасампаздық арқылы емес, жүз мыңдаған адамның өмірін қию арқылы келді. Жапонияның Хиросимо және Нагасаки қалаларындағы трагедия бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Қазақстан территориясындағы ядролық жарылыстардың қайғылы салдары да белгілі: Семей ядролық сынақ полигонындағы (СЯСП), «Капустин Яр», «Азғыр» полигондарындағы және басқалардағы. Чернобыль АЭС-індегі адамдарды қырғынға ұшыратқан апатты жағдай, Невада ядролық полигонында болған жағдай, АҚШ-тың, Англия-ның және басқа мемлекеттердің атом электр станцияларындағы көптеген апаттар, бақылаудан шығып кеткен ядролық энергияның неге әкеліп соғатынын және техникалық ғасырда адамзат факторларының алатын орнын нақты көрсетеді.
Бірақ, қазіргі уақытта, ядролық айналулар (бір түрінің басқа туріне айналуы) кезінде бөлініп шығатын энергияны пайдаланбайтын бірде-бір сала жоқ деп айтуға болады. Бәрінен бұрын, атом энергиясы энергетикалық құрал ретінде кеңінен қолданылады (АЭС, АЖЭО, атомдық мұзжарғыштар). Сонымен бірге, халық шаруашылығының техникалық және басқа да көптеген салаларында: металлургияда, геологияда, машина жасауда, биологияда, ауыл шаруашылығында, тамақ өнеркәсібінде, теңіз суларын тұщыландыруда (ҚР Маңғыстау обл), бірқатар ауруларды емдеу және диагнозын анықтау мақсатында медицинада және т.б. қолданылады.
Атом өнеркәсібінің дамуы және адамның іс-әрекетінің әр түрлі салаларына ИС көздерін енгізу, ағзаға енетін радиация әсеріне ұшырайтын адамдар санының көбеюіне себепші болады және қоршаған ортаға антропогенді радионуклидтердің таралуына жағдай жасайды.
Ядролық қаруды сынау кезінде пайда болатын (реттелмейтін фактор) белсенді заттардың жерге түсіп, қоршаған ортаны ластауы ерекше қауіпті болып табылады.
Көрсетілген жағдай, гигиена ғылымы мен санитарлық практикасы алдына тиісті өндіріс орындарында жұмыс істейтін адамдар үшін де, және жалпы халық үшін де, қауіпсіз жағдайды қамтамасыз ету жөнінде бірқатар міндеттер қойып отыр. Фактордың (иондаушы сәулелену) өзіне тән ерекшелігі гигиенаның, радиациялық гигиена деген, жаңа бөлімінің пайда болуына себеп болады. Бұл, өз алдына бөлек гигиена ғылымының дамуы мен қалыптасуына белгілі кеңестік және ресейлік ғалым-гигиена мамандары В.А. Левицкий, А.А. Летавет, Ф.Г. Кротков, Л.А. Ильин, В.А. Книжников, В.Ф. Кириллов, И.П. Коренков және басқалар айрықша үлес қосты.
Қазақстанның бірқатар аумақтарында радиацияның табиғи көздерінің (радиациялық аномалийдердің) де, сонымен бірге, қауіптілігі біршама жоғары, техногенді көздерінің де болуына байланысты, радиациялық фактордың Қазақстан халқы үшін ерекше маңыздылылығын ескеріп, радиациялық гигиена саласында жүргізіліп жатқан зерттеулер әлі де жалғастырылуда.
Осы мәселеге арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Семей, 1997), әскери полигон СЯСП-қа жақын аумақтардағы халықтың денсаулығына, қалпына қайта келмейтін зақымдаулар келтірілгені баса айтылды. Бұл кезде, тек сәулеленуге ұшыраған адамдардың өздері ғана емес, сонымен қатар, ядролық жарылыстардың тікелей салдарынан және ата-аналары көріп -білмеген аурулардан олардың ұрпақтары да жапа шегеді. «Невада-Семей» ядролық қаруды сынауға қарсы қозғалысының белсенді қатысушысы, ҚР ҒА академигі С.Б. Балмұханов, халықтың сынақ полигоны аймағында ұзақ уақыт болуының нәтижесінде келесі салдары: мутагенді әсері (ретинобластомдар, ақыл–ой дамуының артта қалуы, психикалық бұзылулар, өзін-өзі өлтірушілік), тератогенді әсері (кемтарлық, шала туылу), канцерогенді әсері (онкологиялық аурулар – жекелеген елді-мекендерде, республика бойынша орташа мәннен 2,5 есе жиі) пайда болатынын айтады.
СЯСП аймағындағы тұрғындардың ағзасына түсетін доза жүктемелерін бағалауда, ядролық көпжылдық қаруды сынаулардың халық денсаулығына және қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалауға профессорлар К. Н. Апсаликов, Б.И. Гусев, Н.Ж. Чайжунусова және басқа да ғалым - гигиена мамандары өздерінің едәуір үлестерін қосты.
ҚР ҒА корр-мүшесі, профессор И. Я. Часников және профессорлар В.В. Киянский, У.И. Кенесариев өз зерттеулерін Қазақстанның батысындағы ядролық және зымырандық-ядролық «Азғыр», «Капустин Яр» полигондарына жақын жерлердегі осы мәселелерді зерттеуге арнады.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, сондай-ақ, келешекте атомның энергиясын бейбітшілік мақсатта (келешектегі АЭС құрылысы) кеңінен қолданатындықтан, қазіргі уақытта біздің елімізде халықтың радиациялық қауіпсіздігі мәселелеріне және экологиялық аспектілеріне ерекше көңіл аударылады.
Қазақстан Республикасында атом энергиясын, иондағыш сәулеленудің әр түрлі көздерін пайдалану, сондай-ақ, халықтың радиациялық қауіпсіздігі мәселелерімен ҚР энергетика және минералды ресурстары Министрлігінің, атом энергиясы жөніндегі Комитеті, ҚР ұлттық ядролық орталығы, ҚР ҰЯО-ң ядролық физика Институты, ҚР ДМ радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты айналысады. Бұл мекемелерде іргелік те, және қолданбалы да, ғылыми физикалық-техникалық, радиобиологиялық және экологиялық- гигиеналық зерттеулер жүргізіледі.
Халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласындағы табыстарға қол жеткізуге, радиациялық қауіпсіздік қамтамасыз етілуіне бақылау жүргізетін мемлекеттік басқару органдарының жүйесіндегі негізгі звеносы – мамандандырылған санитарлық бақылау жүйесін ұйымдастыру мүмкіндік берді. Радиациялық қауіпсіздік нормалары мен санитарлық ережелердің сақталуын бақылауды Республикалық, облыстық, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың радиациялық бөлімдері іске асырады. Олар заңнамалық жолмен радиациялық гигиена саласында санитарлық іс шаралар жүргізеді.
Сонымен, радиациялық гигиена – бұл иондаушы сәулелердің адамға әсер ету жағдайын, түрлерін және салдарын зерттейтін және адам денсаулығын қорғауға бағытталған шараларды зерттеп, дайындайтын ғылым. Яғни, радиациялық гигиена иондаушы сәулеленудің, иондағыш радиация көздерімен жұмыс істейтін адамдардың да, және бүкіл халықтын да денсаулығына тигізетін әсерін зерттейді және олардың жұмыс және тұрмыс жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қорғану шараларының кешенін дайындайды.
Радиациялық гигиена төрт негізгі бағытты қамтиды:

  • дозиметрліқ, бұл иондаушы сәулелердің көздерін және сәулеленуге ұшырау әсерінің деңгейлерін зерттеумен байланысты бағыты;

  • радиобиологиялық, бұл эксперименталды да, және эпидемиологиялық та зерттеулер кезінде ИС- дің адам денсаулығына тигізетін әсерінің эффектілерін және салдарын зерттейтін бағыты;

  • қызметкер мен халықтың сәулеленуге ұшырауының рұқсат етілген деңгейлерін гигиеналық регламенттеудің теориясы мен методологиясын дайындау;

  • санитарлық-ұйымдастырушылық, бұл ИС-тен қорғанудың практикалық шараларын дайындаумен байланысты.

Радиациялық гигиенада «радиация» (лат. radiatio – жарқырау, жылтырау) сөзі тек иондаушы сәулеленуге байланысты айтылады. Иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істейтін адамдардың ағзасына және халыққа радиацияның әсер ету сипатын; қарқындылығын, ырғағын және жолдарын анықтайтын өзіне тән жағдайы, бұл адамдар тобының әлеуметтік және биологиялық ерекшеліктері, сондай-ақ, зерттеу әдістеріндегі және алдын алу әдістері қағидаларындағы айырмашылықтары, радиациялық гигиенаның екі негізгі бөлімінің пайда болуына себеп болды, олар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет