11.4 - кесте Оқушылардың (1998жылдан кейін кеш шыққан) және ЭСТ-мониторлармен СК-мониторлармен жұмыс істеу уақыты.
Топтар
1 аптадағы жалпы ұзақтығы
БДТ-мен жүргізілетін сабақтың үздіксіз өту ұзақтығы
1 аптадағы сабақтың саны
Қосымша сабақтар
Компьютерлік ойындар
Жалпы ұзақты-ғы
1 ап-тадағы саны
Өткізу уақы-ты
ЭСТ-мо-ниторлар
СК-мони-торлар
Мектепке дейінгілер
5 жас
6 жас
14 минут
20 минут
7 минут
10 минут
2
-
-
-
7 минут
аптасына 10 минут 2 реттен жиі емес
Мектеп оқушылары
1 сынып
30 минут
45 минут
10 минут
1
-
-
-
2-3 сыныптар
45 минут
45 минут
15-30 минут
60 минут-қа дейін
2
Сабақ аяқтал-ған соң 1сағат-тан ер-те емес
Сабақ соңында 10 ми-нутқа дейін
4-5 сыныптар
1,5 сағат
2 сағат
15-30 минут
6-7 сыныптар
2,5 сағат
2,5 сағат
45 минут
90 минут-қа дейін
Сабақ соңында 15 ми-нутқа дейін
8-9 сынып-
10-11 сыныптар
6 сағат
7 сағат
1 және 2 сағат-тарда – 30 минуттан
2
Бір БДТ-ны жасына байланыссыз, екі не одан да көп балалардың пайдалануына рұқсат етілмейді, сондай-ақ ұйықтау алдында қатар компьютер ойындарын ойнауға тиым салынады.
Емдеу-алдын алу шараларына алдын ала жүргізілетін және кезеңдік медициналық тексерулер, БДТ мен ЖАЭЕМ пайдалануын еңбек жағдайын бақылау, жұмыс орындарының, жұмыс режимі мен демалу режимінің, ұйымдастырылуын бақылау, көру және бұлшықет қажуын азайту үшін жаттығулар жасауды үйрету және басқалар жатады. БДТ-мен тікелей жұмыс істеуге қарсы көрсетілімдері жоқ адамдарға рұқсат етіледі. Әйел адамдарға, жүктілігі анықталған уақыттан бастап және бала емізетін кезеңінде, сондай-ақ қатерлі ісік алдындағы аурулары бар (мастопатия, жатырдың миомасы, қуық асты безі қызметінің бұзылуы және т.б.), және көру қабілеті 3 және одан да көп диоптрийге төмендеген адамдарға БДТ-ны қолданып істелетін жұмыстың бәрі де ұсынылмайды. Ондай жұмысты орындау қажеттілігі туындағанда, арнайы матадан тігілген экрандаушы қорғайтын костюм, сондай-ақ қорғайтын қалпақ немесе орамал тарту керек. Басқа жұмысқа ауыстыру дәрігердің ұсынысы бойынша іске асырылады. Балалар мен жасөспірімдер, жоғары оқу орындарының студенттері ҚР ДМ бұйрықтарына сәйкес кезеңдік медициналық тексерулерден өткізілуі тиіс. Көздің қажуын басу үшін, ЖАК-ің люминофорларының сәулелену спектрін адамның көзі қабылдайтын түске сәйкес келуіне дейін түзететін «компьютерлік көзілдіріктерді» пайдалану ұсынылады. Ресейде академик О.М.Нефедовтың басшылығымен «Компьютер және көру» атты кешенді бағдарламасы жасалуда. Әр адамға өзінің көру қабілетіне тест жасау және нақты бір адамға қатысты ұсыныстар алу үшін, қолданушының жеке дискетасын жасау ұйғарылып отыр. Осы дискетаның көмегімен экранның параметрлерін реттеуге болады, ал бағдарламалардың ішінде біреуі компьютерді пайдаланушыға үзіліс жасау қажеттілігі туралы ескертіп , компьютерді өзі өшіріп тастайды.