Н. Ж. Жақашов, Ж. Ж. Бекмағамбетова, М. Е. Жоламанов, Қ.Қ. Тоғызбаева



бет249/296
Дата02.10.2023
өлшемі9,48 Mb.
#112645
түріОқулық
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   296
Байланысты:
Учебник Гигиена-каз

Дұрыс ұйымдастырылған жарық көзге түсетін жүктемені біршама төмендетеді. ЖАК жұмыс істеуге арналған бөлмелерде табиғи және жасанды жарық болуы керек, табиғи жарық солтүстік бағыттан түсетін етіп орналастырған дұрыс. Күн сәулесінің тікелей монитордың экранына түсуіне және толық қараңғы болуына рұқсат етілмейді. Монитордың артында көлеңкеленбеген терезе болмауы керек. Ең жақсы шешімі – ол перделерден немесе жалюздерден жарық шашырап түсетін жартылай қараңғылық жасау және жұмыс орнын қосымша нүктелік жарықтандыру. БДТ-ны жарық ойықтарына, жарық сол жағынан түсетіндей етіп, бүйір жағымен орналастырған ең қолайлы деп саналады. Сондай-ақ, адам бетін есіктерге қаратып отыруына да болады. Жасанды жарық бөлмеге жалпы болады, қажет болған кезде, құжаттарға жарық түсіру үшін, қосымша жергілікті жарық беретін шырақтар орнатады. Стол бетіндегі жарық деңгейі (табиғи және жасанды) 400 лк кем болмауы керек, жарық аралас түскен кезінде – 500 лк (оның ішінде, жалпы жарық түсіретін жүйеден жарықтану үлесі 300 лк кем емес болуы керек), экранның жарықтанғандығы – 100-250 лк кем емес болуы тиіс. Экранның шағылыстыратын қабілеті 1% аспауы қажет.
Жарық көздері ретінде люминисценттік шамдар қолданылады. Шырақтардың жарық сәулесін экрандаушы торлары мен шашыратқыштары болуы керек. БДТ мен ЖАЭЕМ қатармен орналастырған кезде, шырақтарды жұмыс орындарының бүйір жағында, көру сызығына паралельді орналастырылуы тиіс. Периметрі бойынша орналастырғанда - шырақтардың қатарын жұмыс столының үстіне, оның алдынғы қырына жақын белгілі бір жерге орналастырады.
Ауаның ылғалдығын жоғарлату үшін, ылғалдандырғыштарды қолдану керек, күнделікті сумен жуып-жинау жүргізуілуі тиіс. Жұмыс бөлмелерінде жалпы ауа алмастыратын желдету түрі немесе кондиционерлер болуы қажет, кондиционер болмаған жағдайда - жұмыс істегеннен кейін, оның алдында және жұмыстан әрбір сағаттан кейін табиғи желдету қамтамасыз етілуі тиіс.
Еңбек және демалу режимін қолайлы етіп ұйымдастыру ЖАК-пен жұмыс істеумен байланысты барлық факторлардың қолайсыз әсер ету мүмкіншілігін төмендетеді. Еңбек және демалу режимі еңбек іс әрекеті түріне және санаттарына байланысты ұйымдастырылуы тиіс.
Үздіксіз үзіліссіз жұмыс істеу уақытының ұзақтығы 2 сағаттан аспауы тиіс. Регламенттелген үзілістер ұйымдастырылады (мұнда түскі үзіліс кірмейді).
Мектепке дейінгі мекемелерде, мектептерде, жоғары оқу орындарында жүргізілетін сабақтардың үздіксіз ұзақтығы гигиеналық нормалаудан аспауы тиіс (11.4 кестеде). Арнайы орта білім беретін мекемелерде компьютерлермен жұмыс істеу ұзақтығы 1 курста оқитындар үшін 1 академиялық сағаттан артық емес, 2-3 курстарда – 1 астрономиялық сағаттан артық емес, 3 курста оқитындар үшін компьютерлермен жұмыс істеу уақытының ұзақтығын 3 академиялық сағатқа дейін көбейтуге рұқсат етіледі. Жоғары оқу орындарының 1 курс студенттері үшін компьютерлермен жұмыс істеу уақытының ұзақтығы – 1 сағат, бірақ аптасына 7 сағаттан артық емес, 2 курс студенттері үшін – 2 сағат, жоғарғы курс студенттері үшін – 4 сағатқа дейін болуы ең қолайлы болып саналады. 1 курс студенттері үшін сабақтар күннің бірінші жартысында, сабақтардың 1 немесе 2 жұбында жүргізлуі тиіс. Жоғарғы курс студенттері үшін сабақты күннің екінші жартысында жүргізуге болады, бірақ бірінші немесе екінші жұпта жүргізу міндетті емес. Әрбір академиялық сағаттан кейін 15-20 минуттық үзілістер ұйымдастыру қажет. Бұл кезде оқушылар міндетті түрде оқу бөлмесінен шығуы, және бөлме өтпелі желдету түрімен желдетілуі тиіс.
Қажу дамуының алдын алу үшін әрбір 20-25 минут сайын көзге жаттығулар жасау, және ұзақтығы 3-5 минуттық дене шынықтыру жаттығуларын жасау ұсынылады. Дене шынықтыру жаттығуларын жасауға арналған үзілістердің міндетті түрдегі элементтеріне орнында тұрып жүру, кеудені денені айналдыру және еңкейту, қисайту, отырып-тұру және басқа да қозғалыстар жатады. Мектепке дейінгі жастағы балалардың ЖАК-де жұмыс істеу уақытының ұзақтығы өте аз болуы тиіс. Сабақтар әдіскердің қатысуымен өткізілуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет